Жаңаны ашу.
Тікбұрышты параллелепипед үшін барлық алты қырлары тіктөртбұрыштар.
Параллелепипед сөзін қалай түсініп, есте сақтаймыз?
Оның құрамын екіге бөлеміз: параллеле – параллельді дегенді білдіреді (грек тілінен аударғанда), пипед – жазықтық немесе параллель жазықтықтармен шектелген геометриялық дене дегенді білдіреді (грек.)
Қандай геометриялық дене екенін түсіну үшін оған кәдімгі кірпіштің пішіні сәйкес келеді.
Бұл – нағыз тікбұрышты параллелепипед.
Қай жағы қалай аталатынын есте сақтауға тура келеді: бізге қарап тұрған жағы алдыңғы деп аталады,
Дәл осындай жақтар артындада бар – бұл артқы жағы, бүйір жақтары – сол және оң.
Үстіндегі жағы үстіңгі деп аталады, ал фигура тұрған жағы төменгі немесе негізгі деп аталады.
Ортақ қабырғалары жоқ тікбұрышты параллелепипедтің екі жағы қарама-қарсы деп аталады.
Қарама-қарсы жақтары әрқашан тең.
Тікбұрышты параллелепипедтің қабырғалары бар екі қыры шектес жақтары деп аталады
Жаңаны қолдану
№2 Тапсырма.Топтық жұмыс (1топ)
6 тіктөртбұрышты қағаздан тікбұрышты параллелепипедтің жоғарғы жағын көрсететін жабық қорапшаны желімдеп жасау аса қиын емес
Жаңалық ашу үшін балалар практикалық жұмыс жүргізеді.
Берілген жазбаны белгіленген сызықтары бойынша бүктейміз.
Күлтелерінде желімдеудің реті жазылған.
Күлтелерін жапсыра отырып, алатынымыз:
№ 3 Топтық жұмыс (2топ)
Тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын салу үшін қандай өлшемдер жасаймыз?
Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту.
Тікбұрышты параллелепипедтің үлгісі бойынша жазбасын дайындау.
Тапсырма топ бойынша беріледі:
Осы тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын тауып, оны құрастыр. Үлгісі бойынша қағаздан тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын дайындайды.
№4 тапсырма Топтық жұмыс . (3 топ)
Балалар түтікше мен ермексаздан тікбұрышты параллелепипедтің моделін жасайды.
Бұл үшін қандай өлшемдерді білу керек?
Мен:
тікбұрышты параллелепипедті танимын;
тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын дайындаймын.
тікбұрышты параллелепипедтің моделін қағаздан құрастыруды білемін.
Сергіту сәті
|