МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
жа сауға, оның нәтижелерін бағалауға оқу шы-
ларды да қатыстыру қажет. Жарыстағы тар-
тыс тың адал әрі ашық болуын қадағалау қа жет.
Гуманистік педагогика жазалауды да жоққа
шығармайды, бірақ оның шегін, сипатын,
орындалу жолдарын өзгертуді талап етеді.
Тәр бие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі
жа залау – кеңінен танымал, әрі өте қиын
ын та ландыру әдісінің бір түрі.
Жазалау келеңсіз қылықтарды шектеп,
тежеу үшін, басқалар алдында, өз тұр ғы сы-
нан айыбын мойындау сезімін ояту мақ са-
тын да қолданылатын педагогикалық ық пал
әдісі. Басқа тәрбие әдістері секілді жа за -
лау да қылық-әрекеттердің сырттай себеп-
терінің тұлғалық ішкі ықылас-ниет тер ге
ауысуына негізделген. Мектеп тә жіри бе-
сінде жазалаудың келесідей түрлері қол да-
нылу да; 1) қосымша міндеттер таңу; 2) кей
құқықтардан айыру не шектеу; 3) мо раль дық
сөгіс, не айып тағу; 4)талқыға салу. Тәрбие
барысында жазалаудың келесі фор ма лары
қабылданған: жақтырмау, ескерту, сөгіс
жа рия лау, алдын ала сақтандыру, айып қа
сай талап қою, ұялту, жиналысқа са лу, бел-
гі лі бір жеңілдіктерінен айыру жә не т.б. Ал
төтенше жағдайларда сабаққа қа тыс тыр -
мау немесе тіпті мектептен шығару (пе да-
го ги калық және оқушылар кеңесі бойын ша)
сияқ ты түрлері де қолданылады.
Жаза лау әдісінің тиімділігін анықтаушы
шарт тар төмендегідей:
1. Оқушы «пір» тұтқан абыройлы адам
тара пынан болған жаза әсерлі келеді. Ке лең -
сіз қылығы тек оқытушы емес, дос, жол дас-
тарының да жақтырмауына, ескер туі не ұшы-
ра са, айып сезімі күштілеу болады. Сон-
дық тан, тәрбиеші ұжымдық пікірге көбі рек
жүгі нгені жөн.
2. Бүкіл сыныпқа жаза қолдануға бол май ды.
3. Жаза шешімі қабылданса, ол орындалуы
шарт.
4. Жаза тиімділігі оның оқушыға түсінімді
бо лып, оны әділ деп қабылдауынан. Өтелген
жа за қайтып еске алынбайды, оқушымен қа-
лыпты қатынас жалғасын табады.
5. Жазала, бірақ оқушының намысына
тию ші болма. Оқытушы жазаны өз жек көр-
ген дігінен емес, педагогикалық қажеттіктен
қол да нады. «Келеңсіз қылық – жаза» фор му-
ла сы мүлтіксіз орындалуы шарт.
6. Жазалау мәселесін шешуде негізінен
ке лең сіз қылықтарды, болымсыз мінез бітіс-
тері мен әдістерді шектеу, тежеуге бағыт тал-
ған тәрбие әрекеттері тізбегін біртіндеп қол-
да нып, басты, мәні нақты, ұнамды сапаларды
ор нық тыруға қаратылған іс-әрекеттерге өту
қа жет.
7. Жазалау әдісін қолдануға негіз – дау-
да май лы жағдай (ситуация). Бірақ көрінген
орын сыз қылық пен ережеден ауытқу жанжал
туын датпайды, сондықтан, парықсыз жа-
за қолдана беруге болмайды. Жазалау мә-
се лесінде жалпы, барша жағдайға жаза та-
ғайын дау мүмкін емес, әрқандай тәртіп бұзу
өзі нің дара сипатына ие: оны істеген кім,
қан дай жағдайда болды, себептері не – осы
жәйт терді ескерумен жаза жеңіл не өте қатал
бо луы ықтимал.
8. Жазалау - өте ауыр да әсерлі әдіс. Жа-
за таңдаудағы педагог қателігін түзету өте
қиын. Сондықтан, жүз берген жағдай жө нін-
де толық та анық түсінім болмағанша, асы-
ғыстықпен жаза қолдануға болмайды. Ке рі
жағдайда жаза өз әділдігі мен пайдасын жо-
ғал тады.
9. Педагогикалық процестегі жаза – кек
алу құралы емес. Балада жазаның оның өз
пай дасы үшін қолданылып жатқанына сенім
ту дырыңыз. әрқандай жаза әр баланың жеке
ерек шеліктеріне орай қолданылғаны дұрыс.
10. Жазаның жеке балаға,оны даралығына
сай қолдануы – әділдіктен ауытқу емес. Бұл
өте маңызды проблема. Егер педагог оқу-
шы ның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне мән
бере тін болса, жаза да, мадақтау да жікке
келеді, ал, егер ол тек келеңсіз қылықтың
өзіне мән беріп, қай тәрбиеленуші тара пы-
нан болғанына назар аудармаса, жаза түр ле-
рі жіктелінбей қолданылып, тұлғалық бағыт
заңдылығына қайшы келеді. Мұғалім өз
педагогикалық позициясын балаларға тү сін-
ді руі шарт, сонда ғана шәкірттер жаза әділ ді-
гін мойындайды.
28
Достарыңызбен бөлісу: |