Сабақ типі: лекция, семинар Мақсаты, міндеттер: Кирхгофтың І және ІІ ережесі туралы түсінік алу



бет2/4
Дата30.03.2023
өлшемі0,54 Mb.
#77483
түріСабақ
1   2   3   4
Металдардағы электрондардың қозғалысына байланысты мынадай үш түрлі жылдамдықтың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру қажет болады,

  1. Электр тогының таралу жылдамдығы.

  2. Электрондардың реттелген қозғалысының дрефтік жылдамдығы. υд

  3. Электрондардың жылулық қозғалысының жылдамдығы. υж

Электр тогы (Э.т) электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.
Металдардағы электр тогы-электр өрісінің әсерінен электрондардың үздіксіз тұрақты қозғалысы.
Қатты күйдегі металдардың негізгі кристалл торы болып табылады, оның түйіндерінде оң
иондар, ал иондардың арасындағы кеңістікте еркін электрондар қозғалады.
Металдың әдеттегі күйінде оның электрондары ретсіз жыулық қозғалыс жасайды олардың
қозғалысы желсіз ауадағы шіркейлер тобының ретсіз қозғалысына ұқсайды.
Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар электрондар болып табылады.
Металдардағы электр тогы – еркін электрондардың реттелген қозғалысы.
Электр өрісінің әрекетінен металдардағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы онша үлкен емес. Ал өткізгіш ішіндегі электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады (300000 км/с)
Металдардағы электр тогын электрондардың бағытталған қозғалысы тудырады. Бұл көптеген тәжірибемен дәлелденген.
Солардың бірі 1916 жылы америкалық физиктер Т. Стюарт пен Р. Толмен жасаған тәжірибеде металл өткізгіштермен оралған үлкен диаметрлі катушка 500 айн/мин жиілікпен айналады да бірден тоқтайды. Осы кезде катушкада электрондардың инерциямен қозғалуынан туған қысқа ток пайда болғаны гальванометрден байқалады.
Т. Стюарт пен Р. Толмен эксперименттік түрде ток тасымалдаушы бөлшектің  меншікті зарядын анықтады. Ол 1,8 * 1011 Кл/кг – ға тең болып, электронның меншікті зарядына дәл келді.
;  ;  ;






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет