Сабақ типі: лекция, семинар Мақсаты, міндеттер: Кирхгофтың І және ІІ ережесі туралы түсінік алу


Металл өткізгіштің бойынан өтетін электр тогының күші



бет3/4
Дата30.03.2023
өлшемі0,54 Mb.
#77483
түріСабақ
1   2   3   4
Металл өткізгіштің бойынан өтетін электр тогының күші



Металдардағы электр тогы – еркін электрондардың реттелген қозғалысы.
• Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар электрондар болып табылады.
• Электр өрісінің әрекетіненметалдардағы электрондардың қозғалыс жылдамдығы онша үлкен емес. Ал өткізгіш ішіндегі электр өрісінің таралу жылдамдығы өте үлкен, ол шамамен жарық жылдамдығына тең болады (300000 км/с).
• Металдардың жақсы электр өткізгіштігі олардағы еркін электрондар санының орасан зор болуында.
• Электрондар бір-бірімен әсерлеспейді.
• Соқтығысулар аралығында электрондар еркін қозғалады.
• Электрондардың қозғалысы классикалық механика заңдарына бағынады.
Металдар– Электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар
• сұйық күйінде де маталдар жақсы өткізгіш болып табылады


4.3. Бекіту. Өз бетімен шығаруға аналған есептер. (30 мин)
Есептер шығару
1.Есеп.Өткізгіштегі ток күші 10 А. Осы өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 сағ ішінде өтетін электрондардың массасы қандай?
2.Есеп I=32 мкА ток күші кезінде t=1 нс уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша электрон өтеді?
3.Есеп Өріс кернеулігі Е= 96 мВ/м болатын өткізгіштің электрондарының концентрациясы n=1028 м-3. Болат өткізгіштегі электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдықтарын анықтаңдар. Жауабы:
4.Есеп Өткізгіш арқылы тығыздығы j=1 A/мм2 болатын ток жүрді. 1 сағ ішінде осы сымның 1 мм2 көлденең қимасы арқылы өтетін электрондардың массасын табыңдар.
5. Үйге тапсырма: Бақылау сұрақтары: (5 мин)
Өткізгіш арқылы тығыздығы j=1 A/мм2 болатын ток жүрді. 1 сағ ішінде осы сымның 1 мм2 көлденең қимасы арқылы өтетін электрондардың массасын табыңдар. Жауабы: 2 * 10-8 кг . Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыздар.
Металдардағы электр өткізгіштіктің классикалық теориясының негізгі қағидалары:
• Металдардың жақсы электр өткізгіштігінің сыры неде?
• Электр тогы қалай пайда болады?
• Металдардың қандай физикалық қасиеттері бар?
• Металдардағы электрондардың қозғалысының қандай жылдамдықтары бар?
• Өткізгіш кедергісі температураға қалай тәуелді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет