Сабақ типі Мақсаты, міндеттер



бет2/3
Дата25.03.2022
өлшемі20,04 Kb.
#28756
түріСабақ
1   2   3
4. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын ашу

3. Жаңа сабақты түсіндіру

3.1. Жақшасы  бар амалдардың орындалу тәртібі.

3.2. Математикалық өрнектердің орындалу тәртібі.
5. Сабақ бойынша рефлексия

 6. Үй тапсырмасы

2-сыныпта жақшасыз немесе жақшамен берілген өрнектерді қосу және азайту амалдарды орындаудың рет тәртібімен  таныса отырып, орындау ережесі меңгеріледі.  Сондықтан оқылған материалдарға сүйене отырып оқушылар амалдардың орындалу тәртібі туралы қорытынды жасайды. Жақшасыз өрнектерді алдымен көбейту мен бөлу  амалдарын, одан соң қосу мен азайту амалдарын орындайды. Бұдан соң жақшамен берілген өрнектер қарастырылады.



Есіңе сақта!

            Жақшасы бар өрнектерді жақшаның ішіндегі амал бірінші орындалады. Амалдардың рет тәртібін анықта:

(40 + 70) – 50;     100- (30 + 60);   300+ (100 + 20).

Есіңе сақта!

            Жақшасыз өрнектерде алдымен көбейту мен бөлу, одан соң қосу мен азайту орын ретінде байланысты – солдан оңға қарай орындалады.

9-4*2              15/3+2            15*(3+2)         (6+4)*5

5*3-4              6+18/6            (6+18)/6          8/(3+1)

Біртіндеп мына сияқты  10 – (6-3);  (8-5) -6 күрделі өрнектер енгізіле бастайды. Бұл өрнектерді оқуға, жазуға және амалдардың рет тәртібін анықтауға үйретеді.

            «Математикалық өрнек» және «математикалық өрнектің мәні» қысқаша «өрнек» және «өрнектің мәні» терминдері енгізілді. Ол үшін  5+4; 7-3; 2*3; 6/2; 20+(38-5); (7+5)-2; 25-4; 5/30-48/6  -өрнектер екені берден хабарланады. Көрсетілген амалдарды орындағаннан кейін шығатын санның, өрнектің мәні екендігі айтылады, өрнекті құру, оқу және мәнін табу қажет болатын жаттығулар қарастырылады.

Мәселен: «35-ке 20 және 5 сандарының айырмасын қосу және мәнін тап» дегенде пайымдаудың былайша жүргізіледі. Бұл өрнекте  соңғы орындалатын қандай амал? (қосу амалы). Қосу амалындағы сандар қалай аталады? (қосылғыштар). Бірінші қосылғышты ата? (35). Екінші қосылғышты ата? (20-5), демек бұл өрнек қосынды. Оның мәнін есептеп табуға болады. Әуелі жақша ішіндегі амалды орындаймыз, яғни айырманы есептеп шығарамыз, содан кейін қосындыны табуға болады. Осыған ұқсас кез – келген  өрнекті құру, оқу, жазу және мәнін есептеп табу керек болатын тапсырмалар қарастырылады.

Құрылымы күрделі өрнектердің мәнін табуда «Егер жақшасыз өрнекте тек қана көбейту мен бөлу және қосу мен азайту амалданы көрсетілген болса, онда берілген тәртіпте (оңнан солға қарай) орындалады», ал «Егер өрнекте тек қана қосу мен азайту ғана емес сондай – ақ көбейту және бөлу амалдары аралас келсе онда алдымен  солдан оңға қарай ретімен көбейту және бөлу амалдары, содан – соң солдан оңға қарай ретімен қосу және азайту амалдары» деген анықтамалар басшылыққа алынады.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Жақшасы бар өрнектерді шешудің әдістері.

2. Жақшасы бар өрнектерде бірінші қандай амал орындалады?

3. Жақшасы жоқ өрнетерде ше?

№1  (30+8)+20=

№2. 56+(6+9) =

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

1. Математикалық өрнектердің орындалу тәртібі.

конспект жазу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет