Бекіту тапсырмасы. Қазақстан Республикасы – демократиялық мемлекет. Қазақстанда демократияның қандай белгілері бар?
Бейнеролик. «Саяси тәртіп. Демократия» Сергіту жаттығуы. «Менің қалпағым» Менің қалпағым үш бұрыш. Үш бұрыш менің қалпағым. Егер қалпақ үш бұрыш болмаса, онда ол менің қалпағым емес.
3. Антидемократиялық саяси тәртіп деп демократияға қарама-қарсы, демократияға жатпайтын саяси режимдерді айтамыз. Антидемократиялық саяси режимдер тоталитарлық және авторитарлық болып екіге жіктеледі.
Тоталитаризм (лат. totalіs – тұтастай, түгелдей) – деспотизмнің бір түрі. Тоталитарлық тәртіп дегеніміз – қоғамның барлық саласындағы әрбір адамның өмірі мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылым түрі. Экономика саласында жеке меншікке шеек қою; саяси салада қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар қалыптастыруға тиым салу; бір ғана басқарушы партияға мүше болуға мәжбүр ету; рухани салада бір идеологияға бейімделу т.с.с. Тоталитаризм орнаған мемлекетте қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болып, адам бостандығы мен конституциялық құқықтары жойылады, оппозиция мен өзге саяси ой өкілдері саяси қуғын-сүргінге ұшыратылады. Тоталитаризмнің тарихи үлгілері КСРО-да Сталин, Қытайда Мао Цзэ-дун, Солтүстік Кореяда Ким Ир Сен режимі кезінде, фашистік Италия мен Германияда орнады.
Тоталитарлы саясм режим - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер:
1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы;
2. Билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі;
3. Басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі;
4. Басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы;
5. Қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы;
6. Тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі;