Сабақ түрі Аралас Мақсаты, міндеттері



бет2/6
Дата20.04.2023
өлшемі349,74 Kb.
#84845
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Калыбаева Ашық сабақ

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Ал балалар, біз бүгін жаңа тақырыпты түсіндірместен бұрын, өздеріңізге сөз береміз. Яғни, алдын ала берілген тапсырма берілген болатын. Сол тапсырма бойынша, біз бүгін 3 түрлі елден елшілерді қонаққа шақырғанбыз. Олар демократиялық мемлекеттен, тотаритарлық мемлекеттен және авторитарлық мемлекеттің елшілерімен кездесеміз. Ол кісілер бізге өздерінің мемлекетіндегі саяси құрылыс, мемлекеттің формалары туралы әңгімелеп береді.
Саяси тәртіп
Жоспары:

  1. Саяси тәртіп түсінігі

  2. Демократиялық саяси тәртіп

  3. Антидемократиялық саяси тәртіп

  1. Саяси тәртіп” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси тәртіп дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі, қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарының деңгейі. «Саяси тәртіп» деген түсінікті «мемлекетті басқару түрлерімен» шатыстырмаған жөн, себебі демократиялық мемлекет жағдайындағы саяси тәртіптің де әртүрлі сипаттары бар. Бұл ұғым мемлекет басқарудың түрін емес, оның сапасын айқындайды, қоғамның саяси өміріне сипаттама береді.

Саяси тәртіп ұғымымен танысу барысындағы ерекше байқалатыны - мемлекеттегі билік жүйесін қалыптастыру мәселесі. Мысалы, кейбір жағдайда сөз жүзінде мемлекет жүйесіндегі барлық басшылар сайланады деп айтылғанмен, іс жүзінде оларды жоғарғы органдағылар бекітеді немесе жариясыз түрде тағайындап отырады. Бұл шенеуніктердің іс жүзінде билікке қатысты мәселені бір-бірімен келісіп өз мақсатына сәйкес шешуіне ықпал етеді. Бұндай іс-әрекет көп жағдайда қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарына қайшы келіп мемлекеттік биліктің заңдылығына (легитимдігіне) нұсқан келтіреді, демократияға кедергі жасайды. Қоғамның саяси өмірінде сыбайластық, жағымпаздық қаншалықты орын алса, мемлекет соншалықты ескірген саяси тәртіпке айнала бастайды. ың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны-өте маңызды мәселе.
Саяси тәртіп – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы.
Саяси тәртіпер түрлі тарихи жағдайларға байланысты мынандай 2 типке жіктеледі:
• Демократиялық саяси тәртіп;
• Антидемократиялық саяси тәртіп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет