1. Ойлау мәдениетінің қалыптасуы. Көркемдік рефлексия
Қоршаған дүниені танып білуде тек сезіну жеткіліксіз, сезімдік таным арқылы заттар мен құбылыстар тұралы үстірт, қарапайым білімдерге ғана қол жеткізе аламыз.
Заттар мен құбылыстардың ішкі құрылымы, қатынастары мен байланыстары ойлау арқылы бір-бірімен байланыстыра отырып танылады.
Ойлау адам санасы мен объективті шындық арасындағы диалектикалық бірлікті білдіреді. Ол адамның сыртқы дүниемен қарымқатынас процесінде туындап отыратын, өте күрделі және маңызды, түпкілікті процесс. Ойлау қарама-қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл ойлаудың дамуы мен іске асуының қозғаушы күші. Ойлаудың пайда болуы – белгісіз нәрселерге зер салу мен таныпбілуге деген қызығушылықтан туындайды.
1. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия
Ойлау дегенiмiз-әлеуметтiк жағдаймен ұштасқан, тiлiмен тығыз байланысты психикалық үрдiс, сол арқылы болмыстың, дүниедегi нәрселердiң жалпы және жанама бейнеленуi. Бұл бейнелену адам ойының талдау және бiрiктiру әрекеттер арқылы танылады. Бiр сөзбен айтқанда, ойлау – сыртқы дүниедегi болмыстың жалпы жанама жолмен бiздiң санамыздағы ең биiк сатыдағы бейнесi. Ойлау адамның өмiр тәжiрибесi мен практикалық iс-әрекеттерi нәтижесiнде пайда болып, тiкелей сезiм үрдiсiнiң шеңберiнен әлдеқайда асып түседі
1 Дәріс. Ойлау мәдениетінің қалптасуы. Көркемдік рефлексия
Адамның ойы өрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседу Ойлау мен сөйлеу бірдей,нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудік ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін қүрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.