Оның мақсаты – сыртқы дүниені өзіне барынша бағындыру және оны адамның әлеуметтік иемденуіне және үстемдік етуіне қарай бағындыру.
Дүниеге шығыстық қатынасты алсақ, ол қарама-қарсы негізге аяқ тірейді және түбірінен басқа мақсатқа бағытталған. Шығыс адамы үшін әлем шексіз, сондықтан да ол өзінің бойына барлығын жинақтайды. Ендеше ол дүниені қайта құруды қажет етпейді. Дүниені емес, адамды, оның санасын өзгертуді талап етеді. Материалдық-тәндік қана емес, сондай-ақ бір мезгілде рухани жанды нәрсе бола тұрып, адам өзінің физикалық шектелуін және нәпсісін жеңіп шығуы және таза рух деңгейіне дейін көтерілуі тиіс. Сондықтан Шығыстың басты қағидасы – адамның өзін-өзі тануы, өзінің санасын жетілдіруі болып табылатын ішкі психологиялық рухани іс-әрекет.
2. Еуразияшылдық және Қазақстан дамуы. Еуразияшылдықтың әлеуметтік-мәдени, идеологиялық және геосаяси негіздері
Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Еуразия құрлығында ең шешуші суперэтностар – славян және тұран (түркі тілдес) халықтарының кейінгі ұрпаққа қалдырған бай философиялық мұралары бар, олардың жиынтығын Еуразия философиясы деуге әбден болады. Сондықтан Еуразия философиясында тұрандықтар мен славяндардың философиялық дәстүрлері арасындағы сұхбат үдерісі өте қажет. Осының нәтижесінде Еуразия континентінде мемлекетаралық, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен қауіпсіздік, ендеше еуразиялық рухани келісім қалыптасуда.
Тақырып бойынша бақылау сұрағы философия не туралы ілім?