Сабақ түрі Дәріс Сабақ мақсаты: Білімділік: Шағын жинақты мектеп түсінігі мен ерекшеліктері туалы түсінік беру



Дата28.11.2023
өлшемі52,83 Kb.
#131127
түріСабақ

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы
«Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК


Оқу сабағының жоспары
Пән атауы: БӨ 2.4.1. шағын жинақты мектеп түсінігі мен ерекшеліктерін біледі.


Оқытушы: Кенжегулова У.С дайындады

Өткізу күні: 22.11.2023 жыл


1.Жалпы мәліметтер


Курс, топ М-31


Сабақ түрі Дәріс
2.Сабақ мақсаты:
Білімділік:Шағын жинақты мектеп түсінігі мен ерекшеліктері туалы түсінік беру
Тәрбиелік: студенттердің белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасау арқылы бірін бірі сыйлауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу
Дамытушылық:Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыра өткізу,студенттердің ойлау, пәнге деген қызығушылығын артыру, өз бетімен жұмыс жасауға баулу
3. Сабақ міндеттері: Студенттерге шағын жинақты мектеп түсінігі мен ерекшеліктері жайлы ақпарат беру.
Барлық студенттер:Шағын жинақты мектеп түсінігі мен ерекшелігімен жалпы танысады.
Студенттердің көбісі: Шағын жинақты мектеп түсінігі мен ерекшелігі ,мақсаты,міндеттерін түсінігін толық біледі, іс-жүзінде іске асыра алады
Кейбір студенттер: студенттер сабақтан алған әсерлерін негізге ала отырып, дұрыс тұжырым жасайды
4.Қажетті ресурстар:интерактивті тақта,оқулық,
5.Сабақ барысы


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері/
Запланированные
этапы урока

Мұғалімнің іс-әрекеті/Действие учителя

Білім алушылардың іс-әрекеті/ Действие обучающихся

І. Сабақтың басы
(10 минут)

Үш тілде амандасу
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good morning,students!
Танысу.
Жоқ студенттерді белгілеу, бірыңғай талаптардың орындалуын қадағалау.
«ГҮЛ» әдісі арқылы психологиялық ахуал тудыру

«Гүл» ойыны



ІІ. Сабақтың ортасы
(25-30 минут)



Жоспар:
1. Шағын жинақталған бастауыш мектеп туралы түсінік .
2. Шағын жинақталған бастауыш мектептің ерекшелігі.
Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі және орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
2.Шағын жинақталған бастауыш мектептің ерекшелігі
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Сергіту сәті: «Қимыл-қозғалыс» 3минут.


«Сұраққа жетіп ал» әдісі. Оқушының өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, сұрақ қою дағдыларын дамыту.






III.Сабақтың соңы
(7 минут)

« Микрофон » әдісі кері байланыс жасау арқылы сабақты қорытындылайды.5 минут.
Тарихи өзінің даму жолындағы дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің бірнеше кезеңдері мәлімет жазып келу.Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.

Ой- пікірлерін білу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет