Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгеру Мақсаты, міндеттері: студенттерге Mysql



бет2/2
Дата20.02.2023
өлшемі28,31 Kb.
#69573
түріСабақ
1   2
SQL деректер қорын әзірлеу

SQL (Structured Query Language) - бұл құрылымдық сұраныстар тілі. Ол реляциялық деректер қорында мәліметтерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі және SQL-ді реляциялық мәліметтер қорының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны деректер қорының стандартты тіліне айландырды. SQL тілі деректер қорының реляциялық типімен ғана жұмыс істейді.Ол реляциялық МҚБЖ пайдаланушы істейтін барлық негізгі мүмкіндіктерді жүзеге асырады, атап айтқанда: а) мәліметтерді ұйымдастыру - мәліметтер қорының құрылымын құру және өзгерту; б) мәліметтерді оқу; с) мәліметтерді өңдеу - мәліметтерді қосу, өзгерту және өшіру; д) мәліметтерге кіру мүмкіндігін басқару - мәліметтерді оқу және өзгерту үшін пайдаланушыға шектеу мүмкіндіктерін беру; е) мәліметтерді бірге пайдалану - бірнеше пайдаланушылар мәліметтерді жалпы пайдалану; ж) мәліметтердің бүтіндігі - жүйе істен шыққанда немесе басқа жағдайларда бұзылудан мәліметтерді қорғау; SQL тілі келесі DML, DDL яғни кіру мүмкіндігін басқару,транзакциямен басқару топтарынан тұратын командалар жүйесінен тұрады; DML (Date Manipulation Language) мәліметтерді өзгерту тілі; SELECT – мәліметті оқуға сұраныс; INSERT – мәліметтер қорында жаңа жазбаларды енгізу (қосу); DELETE – мәліметтер қорында жазбаларды өшіру; DDL (Date Definition Language) мәліметтерді анықтау тілі; CREATE TABLE – жаңа кесте құру,оның құрылымын сипаттау; DROP TABLE – кестені өшіру; Кіру мүмкіндігін басқару DROP INDEX – индексті жою; GRANT – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін беру; REVOKE – пайдаланушыға шектеу мүмкіндігін алып тастау; Транзакцияны басқару COMMIT-транзакцияны аяқтау; ROLLBACK-транзакцияны алып тастау; https://www.youtube.com/watch?v=qndDTydhD2w MS office Access программасын ДҚ қолдануда болады.


SQL деректер қорын әзірлеу
МҚБЖ-дағы мәліметтерді тұтастығын сақтау үшін транзакциялар қолданылады. Транзакция деп мәліметтер қорындағы МҚБЖ басынан аяғына дейін қадағалайтын, мәліметтермен жүргізілетін амалдардың қандай да бір тізбегі аталады. Транзакция сәтті аяқталған жағдайда амалдардың нәтижелері мәліметтер қорында сақталады. Құрал-жабдықтың немесе программалық қамтудың жұмысы тоқтаған кезде, сондай-ақ пайдаланушы транзакцияны аяқтаудан бас тартқан кезде транзакция аяқталмаған (үзілген) күйінде қалады. Бұл жағдайда мәліметтермен орындалған амалдардың нәтижелері мәліметтер қорына ауыстырылмайды.
Мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі көптеген пайдаланушыларға мәліметтер қорына жылдам және тиімді түрде жүгінуге мүмкіндік береді. МҚБЖ көптеген пайдаланушылар бір мезгілде қол жеткізуге ие болған жағдайда пайдаланушының бірі мәліметтерге жүгінсе, енді бірі сол кезде оларға өзгертулер енгізіп жататындай келіспеушілік оқиғалардың туындамауын бақылап отырады.
МҚБЖ пайдаланушыларға мәліметтерді манипуляциялауға, мәліметтер қорынан тікелей есеп берулерді сұрауға және алуға, сондай-ақ мерзімді есеп берулерді құрастыру үшін сұраныстарды сақтаудың мол мүмкіндіктерін ұсынады.
Көптеген МҚБЖ-ларда қосымшаларда жасауға арналған ішіне орнатылған программалау тілдері болады. Бұл қосымшалар exe-файлдар тәрізді мәліметтер қорымен дербес түрде, немесе сол МҚБЖ-ның құрамында жұмыс істеуі мүмкін.
МҚБЖ-ның мәліметтермен жұмыс істеу қызметтері екі тілде қамтамасыз етіледі:
мәліметтерді сипаттау тілі;
мәліметтерді манипуляциялау тілі.
Бұл тілдер көптеген МҚБЖ-ларда екі түрде QBE (Query by Example) үлгісі бойынша сұраныс жасау тілі ретінде және SQL (Structured Query Language) тілі ретінде жүзеге асырылған. QBE және SQL тілдерінің теориялық негізі реляциялық есептеу болып табылады. QBE тілі пайдаланушыларға мәліметтер қорын құру мен манипуляциялау үшін сауалнама формаларын ұсынады, оларды толтыру жұмысты жеңілдетеді.
Тағы да бір айта кететін нәрсе, физикалық деңгейде әр түрлі МҚБЖ-лар мәліметтерді ұсынудың әр түрлі форматтары болады. Әр алуан МҚБЖ-лардың мәліметтері өзара үйлесімділігі үшін арнайы интерфейстер, драйверлер әзірленеді. Мысалы, Microsoft фирмасы ODBC (Open Database Connectivity) драйверін әзірлеп шығарды, ол аса кең тараған МҚБЖ-лар форматтарында мәліметтер қорымен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Көптеген МҚБЖ-лардың басқа форматта ұсынылған мәліметтер қорын оқуға арналған қоса орнатылған интерфейстері бар.
МҚБЖ-ға программалардың келесі негізгі түрлері жатады:
толық қызметті МҚБЖ;
МҚ серверлері;
МҚ клиенттері;
МҚ-мен жұмыс істеу бағдарламаларын жасау құралдары.
Толық қызметті МҚБЖ (ТҚМҚБЖ) алдымен үлкен машиналарға арналып, кейіннен мини-машиналар мен ДЭЕМ-дерге арналып пайда болған дәстүрлі МҚБЖ болып табылады. Барлық МҚБЖ-лардың арасында қазіргі заманғы толық қызметті МҚБЖ саны жағынан көп және өзінің мүмкіндіктері бойынша аса қуатты болып табылады. Толық қызметті МҚБЖ-ларға, мысалы, Clarion Database Developer, DataBase, Dataplex, dBase IV, Microsoft Access, Microsoft FoxPro және Paradox R: BASE сияқты пакеттер жатады.
Әдетте ТҚМҚБЖ-лардың меню командалары арқылы МҚ-мен негізгі әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін дамыған интерфейсі болады: кестелердің құрылымын құрып, түрлендіруге, мәліметтерді енгізуге, сұраныстарды құрастыруға, есеп берулерді әзірлеуге, оларды басып шығаруға және т.б. сұраныстар мен есеп берулерді құрастыру үшін прогаммалаудың қажеті жоқ, оның орнына QBE (Query by Example – үлгі бойынша сұраныстарды құрастыру) тілін қолданған ыңғайлы. Көптеген ТҚМҚБЖ-ларға кәсіби құрастырушыларға арналған программалау құралдары кіреді.
Кейбір жүйелердің қосалқы құралы ретінде МҚ сұлбаларын жобалаудың қосымша құралдарында немесе СASE-ішкі жүйелерінде болады. Басқа МҚ-ларға немесе SQL-серверлердің мәліметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін толық қызметтік МҚБЖ-ларды факультативтік модульдер болады.
МҚ серверлері ЭЕМ желілерінде мәліметтерді өңдеу болып орталықтарын құруға арналған. Қазіргі кезде МҚ-лардың бұл тобының аз болып табылады алайда олардың саны біртіндеп артуда. МҚ серверлері басқа программалар (клиенттер) сұратқан мәліметтерді басқару қызметтерін SQL операторларының көмегімен жүзеге асырады.
Келесі бағдарламалар МҚ серверлерінің мысалы болып табылады: NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland), SQLBase Server (Gupta), Intelligent Database (Ingress).
Жалпы жағдайда МҚ серверлері үшін клиенттік программалар ретінде әртүрлі программалар қолданылуы мүмкін: ТҚМҚБЖ, электронды кестелер, мәтіндік процессорлар, электронды пошта программалары және т.б. Бұл жағдайда «клиент – сервер» жұбының элементтері бір немесе бірнеше программалық қамтамасыз етудің өндірушілеріне жатуы мүмкін.
Клиенттік және серверлік бөліктер бір фирмада жасалған жағдайда олардың арасындағы қызметтердің үлестірілуі ұтымды түрде орындалған деп күту табиғи нәрсе. Қалған жағдайларда, әдетте, мәліметтерге «қандай жолмен болсын» қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсаты көзделеді. Келесі жағдай осындай қосылыстың мысалы болып табылады: көп қызметтік МҚБЖ-лардың бірі сервер рөлін, ал екінші МҚБЖ (өзге фирма өндірген) – клиент рөлін атқарады. SQL Server (Microsoft) МҚ сервері үшін клиенттік (ауқымдық) программалар ретінде көптеген МҚБЖ-лар болуы мүмкін, мысалы: dBASE IV, Blyth Software, Paradox, DataEase, Focus,1-2-3, MDBS ІІІ, Revelation және басқалары сияқты.
МҚ-лармен жұмыс істеу программаларын жасау құралдары келесі бағдарламалардың әралуан түрлерін:
клиенттік программаларды;
МҚ серверлері мен олардың жекелеген компоненттерін;
пайдаланушылардың қосымшаларын құрастыруға қолданылуы мүмкін.
Бірінші және екінші түрдегі программалар саны жағынан аздау болып келеді, себебі олар негізінен жүйелі программалаушыларға арналған. Үшінші түрдегі пакеттер көптеп саналуда, алайда олардың саны толық қызметтік МҚБЖ-ларға қарағанда аз.
Пайдаланушы қосымшаларын жасау құралдарын программалау жүйелері жатады, мысалы Clipper, түрлі программалау тілдеріне арналған әртүрлі программалау кітапханалары, сондай-ақ әзірлемелерді (соның ішінде клиент-сервер типіндегі жүйелерді) автоматтандыру пакеттері. Аса кең тараған құралдар ретінде келесі құрал-жабдықтық жүйелерді атап кетуге болады: Delphi және Power Builder (Borland), Visual Basic (Microsoft), SILVERRUN (Computer Advisers Inc.), S-Designor (SDP мен Powersoft) және ERwin (LogicWorks).
Жоғарыда аталған құралдармен қатар мәліметтерді басқару мен МҚ қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арнап түрлі қосымша құралдар, мысалы, транзакциялар мониторлары қолданылады (4.2 ішкі бөлімін қараңыз).
МҚБЖ-ларды қолдану сипаты бойынша дербес және көп пайдаланушыға арналған деп бөлінеді.
Дербес МҚБЖ-лар әдетте, дербес МҚ-лары мен олармен жұмыс істейтін онша қымбат емес қосымшаларды жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-лар немесе олардың көмегімен жасалған қосымшалар көбінесе көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ның клиенттік бөлігі ретінде қызмет атқаруы мүмкін. Дербес МҚБЖ-ларға, мысалы, Visual FoxPro, Paradox, Clipper, dBase, Access және т.б. жатады.
Көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларға МҚ сервері мен клиенттік бөлігі кіреді және, әдетте, бір текті емес (ЭЕМ-дер мен амалдық жүйелері әртүрлі болып келетін) есептеу жүйесінде қызмет ете алады. Көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларға, мысалы Oracle мен Informix МҚБЖ-лар жатады.
Қолданылатын мәліметтер моделі бойынша МҚБЖ-лар (МҚ тәрізді) иерархиялық, желілік, реляциялық, объектілі-бағытталған және басқа түрлерге бөлінеді. Кейбір МҚБЖ-лар бір мезгілде бірнеше мәліметтер моделіне қолдау көрсете алады.
Пайдаланушы тұрғысынан МҚБЖ ақпаратты сақтау, өзгерту (толықтыру, редакциялау және алып тастау) және өңдеу қызметтерін сондай-ақ түрлі баспа құжаттары жасау мен алу қызметтерін жүзеге асырады.
Мәліметтер қорында сақталған ақпаратпен жұмыс істейтін МҚБЖ программалар мен пайдаланушыларға келесі екі тілі ұсынады:
мәліметтерді сипаттау тілі – мәліметтердің логикалық құрылымын сипаттауға арналған декларативтік типтегі жоғары деңгейлі процедуралық емес тіл;
мәліметтерді манипуляциялау тілі – мәліметтерімен негізгі амалдарды: енгізу, модификациялау және сұраныс бойынша мәліметтерді таңдауды, орындауды қамтамасыз ететін құрылымдардың жиынтығы.
Аталған тілдердің түрлі МҚБЖ-ларда өзара айырмашылықтары болуы мүмкін. Стандартталған екі тіл аса кең таратылған: QBE (Query By Example) – үлгі бойынша сұраныс тілі және SQL (Structured Query Language) – сұраныстардың құрылымдалған тілі. QBE негізінен мәліметтерді манипуляциялау тілінің қасиеттерінен тұрады, ал SQL өзінде екі түрдегі тілдердің қасиеттерін – мәліметтерді сипаттау және манипуляциялау қасиеттерін жинақтаған.
МҚБЖ-ның жоғарыда аталған қызметтері, өз кезегінде, одан төмен деңгейдегі келесі негізгі қызметтерді қолданады:
сыртқы жадыдағы мәліметтерді басқару;
жедел жадының буферлерін басқару;
транзакцияларды басқару;
МҚ-дағы өзгертулер журналын жүргізу;
МҚ-ның тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Оларды төмен деңгейлі деп атайық:
Қазіргі МҚБЖ-ларда аталған қызметтерді жүзеге асырудың қажеттілігі мен ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріп кетейік.
Әртүрлі жүйелерде сыртқы жадыдағы мәліметтерді басқару қызметтерінің жүзеге асырылуы ресурстарды басқару деңгейінде де (ОЖ файлдық жүйелерін немесе ДЭЕМ құрылғыларын тікелей басқаруды қолдану арқылы), мәліметтерді басқару алгоритмдердің логикасы бойынша да ажыратылуы мүмкін. Мәліметтерді басқару әдістері мен алгоритмдері негізінен МҚБЖ-ның «ішкі шарасы» болып табылады және оларды пайдаланушыға тікелей қатысы жоқ. Осы қызметін жүзеге асырылу сапасы арнайы АЖ-лардың мысалы, орасан зор МҚ-лармен, күрделі сұраныстармен, мәліметтерді өңдеуде өткізудің үлкен мөлшерімен жұмыс істеуінің тиімділігіне аса зор әсерін тигізеді.
Мәліметтерді буферлеу және соның салдарынан жедел жады буферлерін басқару қызметін жүзеге асырудың қажеттілігі жедел жады көлемінің сыртқы жады көлеміне қарағанда біз болуымен негізделген.
Буферлер сыртқы және жедел жадының арасындағы алмасуды жеделдетуге арналған жедел жадыны саласы болып табылады. Буферлерде МҚ үзінділері уақытша сақталады, олардағы мәліметтер МҚБЖ-ға жүгінген кезінде пайдаланылады немесе өңдеуден өткізгеннен кейін мәліметтер қорына жасыру жоспарланады.
Транзакциялардың механизмі МҚБЖ-да қордағы мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Транзакция деп МҚБЖ басынан аяғына дейін қадағалап отыратын МҚ-дан мәліметтерімен жүргізілетін амалдардың қандай да бір бөлінбейтін тізбегі аталады. Егер де қайсыбір себептермен (құрал-жабдықтың істен шығуы және тоқтап қалуы, қосымшаны қоса алғанда, программалық қамтудың қателіктерін) транзакция аяқталмай қалса, онда оның жұмысы тоқтатылады.
Транзакцияға негізгі үш қасиет тән болып келеді деп айтады:
атомарлық (транзакцияға кіретін барлық амалдар орындалады немесе бірде-бір амал орындалмайды);
топтамалануы (сериалдануы) (бір мезгілде орындалатын транзакциялардың өзара әсері жоқ);
ұзақ мерзімділігі (тіпті жүйе күйреген жағдайдың өзінде бекітілген транзакция қорытындылары жоғалып кетпейді).
Транзакцияның мысалы ретінде банктік жүйеде бір есепшоттағы ақшаны екіншісіне аудару амалын айтуға болады. Бұл жерде, ең болмағанда екі қадамдық үдеріс қажет. Алдымен бір есепшоттағы ақша алынады, сосын олар екінші есепшотқа салынады. Егер әрекеттердің біреуі сәтсіз орындалса, әрекеттің нәтижесі дұрыс болмайды және шоттардың арасындағы теңгерім бұзылады.
Транзакцияның қатар түрде орындалатын бір пайдаланушыға арналған және көп пайдаланушыға арналған МҚБЖ-ларда транзакцияларды бақылау өте маңызды. Соңғы жағдайда транзакциялардың топтамалануы туралы айтылады. Қатар орындалатын транзакциялардың топтамалануы деп транзакцияларды жүзеге асырудың қосынды әсері оларды біртіндеп орындаудың әсеріне тепе-тең болатындай етіп құруды айтады. Оларды орындау жоспарын (сериялық жоспарды) құруды түсінеді.
Транзакциялар қоспасын қатар орындаған кезде келіспеушіліктер (блоктаулар) туындауы мүмкін, олардың шешу МҚБЖ-ның қызметіне жатады. Мұндай жағдайлар табылған кезде әдетте бір немесе бірнеше транзакциямен орындалған өзгерістердің күшін жою арқылы «қайта шегіндіру» жүргізіледі.
МҚ-ғы өзгертулер журналын жүргізу (өзгертулерді журналдау) МҚБЖ ақпараттық істен шығулар мен тұрып қалулар, сондай-ақ программалық қамтуда қателер болған жағдайда қордағы мәліметтердің сақталу сенімділігін қамтамасыз ету үшін орындалады.
МҚБЖ журналы дегеніміз – бұл пайдаланушының тікелей қолы жетпейтін және мәліметтер қорындағы барлық өзгерістер туралы ақпаратты жазу үшін қолданылатын ерекше МҚ немесе негізгі МҚ-ның бөлігі. Әртүрлі МҚБЖ-ларда журналға әртүрлі деңгейлердегі МҚБЖ-дағы өзгерістерге сәйкес келетін жазбалар, яғни сыртқы жадының бетін модификациялаудың ішкі ең кіші амалынан бастап МҚ модификациялаудың логикалық амалдарына (мысалы, жазбаны салу, бағанды жою, өрістегі мәнді өзгерту) және транзакцияларына дейін енгізілуі мүмкін.
МҚ-ға өзгертулер журналын жүргізу қызметін тиімді орындау үшін журналдың өзін жұмыс қалпында ұстау және сақтау сенімділігін қамтамасыз ету қажет. Кейбір жағдайларда жүйеде журналдың бірнеше көшірмелері сақталады.
МҚ-ның тұтастығын қамтамасыз ету, әсіресе МҚ-ны желілерде пайдалану үшін, МҚ-ның табысты түрде қызмет етуінің қажетті шарты болып табылады. МҚ-ның тұтастығы дегеніміз – мәліметтер қорында пәндік саланы толық қарама-қайшылықсыз және дұрыс көрсететін ақпарат бар екендігін білдіретін мәліметтер қорының қасиеті. МҚ-ның тұтастығын қолдауға оның бүтіндігін тексеру және мәліметтер қорында қарама-қайшылықтар анықталған жағдайда оның қалпына келтірулер жатады. МҚ-ның тұтас жағдайы бүтіндігін шектеу арқылы қорда сақталып жатқан мәліметтер қанағаттандыруы тиіс болатын шарттар түрінде сипатталады. Аталған шарттарының мысалы өздері туралы мәліметтер МҚ-да сақталатын объектілер атрибуттарының мүмкін болатын мәндерінің диапазондарын шектеу немесе реляциялық МҚ-лар кестелерінде қайталанып отыратын жазбалардың болмауы болып табылуы мүмкін.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге МҚБЖ-да қолданбалы программаларды, мәліметтерді шифрлеумен, парольмен қорғаумен, мәліметтер қорына және оның жекелеген элементтеріне (кестелерге, формаларға, есеп берулерге және т.б.) қол жеткізу деңгейлерін қолдаумен қол жеткізіледі.
МҚ-ны қорғау құралдары.
Әр түрлі МҚБЖ-ларда МҚ-ны қорғау құралдары бір-бірінен біршама өзгеше болады. Borland және Microsoft фирмаларының қазіргі кездегі МҚБЖ –ларына талдау жүргізу негізінде МҚ-ларды қорғау құралдары шартты түрде екі: негізгі және қосымша топқа бөлінеді деп тұжырымдауға болады.
Ақпарат қорғаудың негізгі құралдарына келесі құралдарды жатқызуға болады:
парольдік қорғау;
мәліметтер мен программаларды шифрлеу;
МҚ объектілеріне қол жеткізу құқықтарын орнату;
МҚ кестелерінің өрістері мен жазбаларын қорғау.
Парольдік қорғау МҚ-ны рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғаудың қарапайым және тиімді әдісі болып табылады. Парольдерді соңғы пайдаланушылар немесе МҚ әкімшілері орнатады. Парольдерді есепке алу мен сақтауды МҚБЖ-ның өзі жүргізетін. Әдетте парольдер МҚБЖ-ның белгілі бір жүйелік файлдарындща шифрленген түрінде сақталады. Сол себептен парольді табу және анықтау мүмкін емес. Парольді енгізгеннен кейін МҚБЖ пайдаланушысына қорғалған МҚ-мен жұмыс жүргізудің барлық мүмкіндіктерін ұсынылады. МҚБЖ-ның өзін парольмен қорғаудың қажеті жоқ.
Мәліметтерді (бүкіл қорды немесе жекелеген кестелерді) шифрлеу әдісі «сол МҚБЖ-дағы МҚ-ның форматын білетін» өзге программалар мәліметтерді оқи алмауы үшін қолданылады. Мұндай шифрлеу (Microsoft Access-те қолданылатын), онша да көп нәрсе бермейді, себебі кез келген тұлға МҚ-ны «туған» МҚБЖ көмегімен шифрін анықтауы мүмкін. Егер шифрлеу мен шифрді шешу парольді сұраса, онда пароль дұрыс енгізілген жағдайда шифрді шешіп алу мүмкін болады. Access-тің жасаушылары осыны келесі нұсқаларында ескеретініне сенімдіміз.
Программалардың бастапқы мәтіндерін шифрлеу тиісті алгоритмдердің сипаттамасын өзіне оларға қол жеткізу рұқсат етілмеген пайдаланушыдан жасырып қалуға мүмкіндік береді.
МҚБЖ-ның негізгі ресурстарын пайдалануды бақылау мақсатында көптеген жүйелерде МҚ объектілеріне қол жеткізу құқықтарын орнату құралдары болады. Қол жеткізу құықтары объектілерге қатысты мүмкін болар әрекеттерді анықтайды. Нысанның иегері (нысанды құрастырған пайдаланушы), сондай-ақ МҚ әкімшісі барлық құқықтарға ие болады. Қалған пайдаланушылар әртүрлі нысандарға түрлі қол жеткізу деңгейлеріне ие бола алады.
Кестелерге қатысты жалпы жағдайда келесі қол жеткізу құқықтары қарастырылуы мүмкін:
мәліметтерді қарап шығу (оқу);
мәліметтерді өзгерту (редақциялау);
жаңа жазбаларды қосып жазу;
мәліметтерді қосып жазу және алып тастау;
барлық амалдар, соның ішінде кестенің құрылымын өзгерту.
Кестедегі мәліметтерге, жекелеген өрістер мен жекелеген жазбаларға қатысты қорғау шаралары қолданылуы мүмкін. Өзімізге мәлім реляциялық МҚБЖ-ларда жекелеген жазбалар арнайы қорғалмайды, әйтсе де іс-тәжірибеден бұл қажет болған жағдайлардың мысалын келтіруге болады. Қол жеткізу құқықтарын бақылау өздерінде жекелеген жазбалардың идентификация бар объектілі – бағытталған МҚБЖ-ларда болуы тиіс сияқты (объектілі-бағытталған моделдің реляциялық моделден бір айырмашылығы).
Кестелердің өрістеріндегі мәліметтерді қатысты қол жеткізудің келесі құқық деңгейлерін атап өтуге болады:
қол жеткізуге толығымен тыйым салу;
тек оқу;
барлық адамдарға рұқсат ету (қарап шығу, жаңа мәндерді енгізу, алып тастау және өзгерту).
Формаларға қатысты негізгі екі амал ескерілуі мүмкін: жұмыс істеу үшін шақырту және жасау (Құрастырушыны шақырту). Құрастырушыны шақыртуға тыйым салуды соңғы пайдаланушы байқаусызда қосымшаны бұзып алмауы үшін, экрандық формалар үшін дайын қосышаларды дайындаған дұрыс. Экрандық формалардың өзінде бөлек элементтер де қорғалуы мүмкін. Мысалы, бастапқы кестенің кейбір өрістері мүлде болмауы немесе пайдаланушыдан жасырылуы мүмкін, ал кейбір өрістерді – қарап шығу үшін қол жеткізуге болады.
Келесілерді ескермегенде есеп берулер көбінесе экрандық формаларға ұқсас болып келеді. Біріншіден, олар кестелердегі мәліметтерді өзгертуге мүмкіндік бермейді, ал екіншіден, олардың негізгі қызметі – ақпаратты қағазға басып шығару. Экрандық формалар тәрізді, есеп берулерге де оларды жасау құралдарын шақыртуға тыйым салу орнатылуы мүмкін.
МҚБЖ қосымшаларында қолданылатын программалардың мәтіндерін (кездейсоқ және әдейі) қарау мен өзгертуге жол бермеу үшін шифрлеумен қатар, оларды парольмен қорғауды қолдануға болады.
МҚ-ны қосымша қорғау құралдарына өздерін тікелей қорғау құралдарына жатқызуға болмайтын, әйтсе де мәліметтердің қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіндерін жатқызуға болады. Оларға келесі құралдар жатады:
типіне байланысты мәліметтердің мәндерін бақылаудың ішіне орнатылған құралдары;
енгізілген мәліметтердің дәйектілігін арттыру құралдары;
кестелердің байланысының біртұтастығын қамтамасыз ету құралдары;
МҚ нысандарын желіде бірлескен түрде қолдануды ұйымдастыру құралдары.
МҚ-да редакциялай отырып, пайдаланушы мәндер енгізілетін жолдың типіне сәйкес келмейтін мәндерді кездейсоқ енгізіп қоюы мүмкін. Мысалы, нысандық өріске мәтіндік ақпаратты енгізуге тырысады. Бұл жағдайдан МҚБЖ мәндерді бақылау құралдарының көмегімен енгізуге тосқауыл қояды және пайдаланушыға қате туралы дыбыстық сигнал беру арқылы, енгізілген символдың түсін өзгерту арқылы немесе өзге әдіспен хабарлайды.
МҚБЖ-ға енгізілетін мәндердің дәйектілігін арттыру құралдары, өңдеуден өткізілген мәліметтердің семантикасымен байланысты барынша терең түрдегі бақылау жасауға қызмет етеді. Олар әдетте кестені құру кезінде мәндерге қатысты келесі шектеулерді көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді: ең аз және ең көп мәндер; үнсіз қабылданатын мән (егер енгізу болмаса), міндетті түрде енгізуді талап ету; енгізудің қимаүлгісін (енгізу шаблоны) тапсыру; енгізілген мәндер бақыланатын қосымша салыстыру кестесін көрсету және т.б.
МҚ-дағы ақпараттың дәйектілігін бақылауды ұйымдастырудың аса дамыған түрі сақталынатын процедураларды жасау болып табылады. Сақталынатын процедуралар механизмі, серверде орналасқан МҚ-ларда қолданылады. Сақталып тұрған процедуралардың өзі алгоритмдері мәліметтермен қандай да бір қызметтерді (оның ішінде бақыланатыны да бар) орындауды қарастыратын программалар болып табылады. Процедуралар мәліметтермен бірге сақталады және қажет болған жағдайда қосымшалардан немесе МҚ-да қандай да бір оқиғалар орын алған жағдайда шақыртылады.
Қолданбалы есептегі шешу, әдетте, кестелерден бірнешеуіндегі ақпаратты қажет етеді. Кестелердің өздері ақпаратты өңдеу ыңғайлы болу үшін және оны қайталануын болдырмау мақсатында қандай да бір әдіспен байланыстырылады (3.3 ішкі бөлім). Байланысқан кестелердің логикалық тұтастығын қолдау қызметтерін МҚБЖ міндетіне алады (3.4 ішкі бөлім). Өкінішке орай МҚБЖ-лардың барлығы бірдей бұл қызметтерді (толықтай) жүзеге асыра бермейді, бұл жағдайда байланыстардың нақтылығына жауапкершілік қосымша жүктеледі.
МҚБЖ-ның кестелердің тұтастығын бақылауға қатысты мүмкін болар әрекеттерінің мысалын келтірейік. Екі кестенің арасында 1:М түріндегі байланыс бар делік, және соған сәйкес негізгі кетенің бір жазбасына қосалқы кестенің бірнеше жазбалары сеәйкес келуі мүмкін.
Жазбаларды қосалқы кестеге енгізген кесте жүйе негізгі кестедегі байланыс өрісіндегі сәйкес мәндердің бар болуын бақылайды. Егер енгізілетін мән негізгі кестеде болмаса, МҚБЖ жаңа жазбамен жұмысқа уақытша тосқауыл қояды және мәнді өзгертуді немесе оны тұтастай алып тастауды ұсынады.
Қосымша кестелердің жазбаларын алып тастау «ауырсынбайтындай» орындалады, ал негізгі кестенің жазбалары туралы олай деп айтуға болмайды. Негізгі кестенің жазбасы қосымша кестенің бірнеше жазбаларымен байланысқан жағдайда, екі түрлі әрекет жасауға болады: бағыныңқы жазбаның ең болмаса біреуі қалса да негізгі жазбаны алып тастамау (жазбаларды пайдаланушы алып тастауы тиіс), немесе негізгі жазбаны және барлық бағыныңқы жазбаларды түгелдей алып тастау (каскадтық жою).
Көп терезелі жүйелерде (қазіргі программалардың түгелге жуығы) және мәліметтер қорымен жұмыс істейтін үлестірілген ақпараттық жүйелерде бірдей нысандармен (МҚ нысандарын бірлесіп пайдалану) түрлі амалдарды орындаудың арасындағы келіспеушіліктерді шешу мәселесі туындайды. Мысалы, жергілікті желіні пайдаланушылардың бірі МҚ-ға өзгертулер енгізіп, ал екіншісі оның құрылымын өзгерткісі келгенде не істеу керек? Мұндай жағдайлар үшін МҚБЖ-да келіспеушіліктерді шешу механизмдері ескерілуі тиіс.
Әдетте желінің бірнеше пайдаланушылары бір мезгілде жұмыс істеген кезде, сондай-ақ бір компьютерде бірнеше қосымша жұмыс істеген кезде немесе МҚБЖ-ның бірнеше терезелерінде жұмыс істеген кезде тосқауылдар қолданылады.
Тосқауылдар МҚ-ның әртүрлі нысандарына және нысандардың жекелеген элементтеріне әсер ете алады. МҚ нысандарын тосқауылдаудың нақты жағдайы бір мезгілде нысанды пайдалану және осы нысанды жасау режиміне енуге тырысуы болып табылады. Мәліметтер қорының кестелеріне қатысты қосымша тосқауылдар жекелеген жазбалармен немесе өрістерімен жұмыс жүргізу кезінде пайда болуы мүмкін.
Тосқауылдар айқын және айқын емес болады. Айқын түрдегі тосқауылдарды пайдаланушы немесе командалар көмегімен қосымша орнатады.айқын емес тосқауылдарды орын алуы мүмкін болатын келіспеушіліктерді болдырмас үшін жүйенің өзі құрады. Мысалы, ақпаратты редакциялау кезінде МҚ құрылымының өзгертуге тырысқан жағдайда мәліметтерді редакциялау аяқталғанша МҚ-ны қайта құрылымдауға тыйым салынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет