Сабақ түрі: тренинг Мақсаты: Ата ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту



бет2/3
Дата18.05.2023
өлшемі249,06 Kb.
#94489
түріСабақ
1   2   3
2.Балаларға сұрақ:
1.Сен әкеңді мақтан тұта аласың ба? Әлде ол жайлы ештеңе айта алмайсың ба?
2.Сабақтан келген соң қандай іспен шұғылданасың?
3.Сен өзіңнің бойыңдағы өнерді айта аласың ба?
4.Үлкендер әңгімелесіп отырғанда сенде әңгімеге кірісіп кетесің бе?
5.Ата-анаңды қалай сыйлайсың?
6.Ата-анаңның еңбегін қалай ақтайсың?
Жарайсыздар, көп рахмет. Қараңыздаршы, қандай сүйіпеншілік,
сыйластық. Бойларыңызда қаншама құндылықтар жатыр.
Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері.
Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады.
Сонымен қатар, құндылық жайлы айта кететін болсам...

Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына
Құндылық –сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, ізгілік, шешендік, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, Ынтымақтатық сынды қасиеттер жатады.

Құрметті ата аналар, осы ағаш сияқты құндылықтарға бай болып өсетін тұлғаны, балаларды сіз болып, біз болып, біріге отырып тәрбиелеп өсіруге тырысайық. Барлығымыз да рухани бай болайық.
«Ертегілер әлеміне саяхат»
Ата аналар балаларымен өздері таңдаған көрнекі құралдармен яғни таңдаған ойыншықтардың көмегімен шағын ертегі қояды.

«Визуалды айғақтар стратегиясы»
Мақсаты: әке мен бала арасында жағымды қарым - қатынас орнату; түсіністік деңгейін байқау; бірлесе жұмыстану дағдысын қалыптастыру;
Шарты:
Берілген қима суреттерді жинақтап,шардың бетіне желімдеу. Кітаптардан немесе интернет желісінен сол сурет жайында ақпарат жинақтайды. (мысық,сиыр, жылқы,түйе)

4-кезең: Білімсізден жаман жоқ
Мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Туған соң адам боп
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады надан деп - «Ата салтым - асыл мұрам» кезеңін бастаймыз. Әр отбасының балалары келіп қоржыннан нөмерленген асықтарды алып әкелерімен бірлесіп сұраққа жауап береді.Сұрақтар салт-дәстүрге байланысты болады. Сонымен қатар ұлағатты ұлттық ұғымдар (яғни халықтың кие тұтқан сандарының құпиясын ашу)
1.Отау көтеру дәстүрлері: беташар, шаңырақ көтеру
2.Тәрбие дәстүрлері: бесікке салу, алтыбақан
3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері: дастарқанға бата беру,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет