Сабақ түрі: тренинг Мақсаты: Ата ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту



бет3/3
Дата18.05.2023
өлшемі249,06 Kb.
#94489
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
әке мен бала

Ұлағатты ұлттық ұғымдар
(Бұл кезеңде халықтың кие тұтқан сандарының құпиясын ашамыз, әкелер мен балалар бірлесіп жауап бере алады)
1) 3 саны Үш жүз. Үш жұрт. Үш арсыз
Ұш жүз-Ұлы,Орта,Кіші
Үш жұрт-Өз жұрты (ағайын), Нағашы жұрты,Қайын жұрты.
Үш арсыз ұйқы,күлкі,тамақ
4 саны Төрт тұлға. Төрт маусым. Төрт құбыла.
Төрт тұлға-От,су,жел,жер
Төрт маусым-Көктем, жаз,қыс,күз
Төрт құбыла-Шығыс,Оңтүстік,Батыс,Солтүстік
5 саны Бес парыз.Бес асыл.Бес қатер.Бес қару.
Бес парыз-намаз оқу,ораза тұту, қайыр садақа беру,қажыға бару, иманды болу.
Бес асыл- Талап, еңбек,ой,қанағат, сөз
Бес қатер-От,жау, борыш,ауру, сөз.
Бес қару-Садақ, мылтық,найза,қылыш,айбалта.
7 саны Жеті ата. Жеті жұт.Жеті күн. Жеті қазына.
Жеті ата-ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене
Жеті жұт-құрғақшылық,жұт(малқырылу), өрт,оба(ауру),соғыс, топан су,зіл-зала (жер сілкіну)
Жеті күн-бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн,апта
Жеті қазына-Ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы.

Серігіп алайық: «Кім жылдам?» «Мақал сөздің мәйегі» бөлімі
1) Ұяда............., ұшқанда ...................
(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.)
2)Ата............, бала ..................... .
(Ата- бәйтерек, бала жапырақ.)
3)Мектеп ......... , білім ..................
(Мектеп кеме, білім теңіз)

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында
Менде оқимын, сенде оқы!
Оқы және суреттермен жинақтап әңгімеле ( әр ата ана баласымен экранда берілген QR-код арқылы берілген мәтінді жүктеп алады, мәтінді оқып, мазмұнын берілген суреттермен жинақтап түсіндіреді.)
Мақсаты: кітап оқуға деген қызығушылығы мен оқу сауаттылығын арттыру

  1. «Мейірім» әңгімесі

  2. «Екі дос»

  3. «Бақша ағаштары»

Соңы: Тамағымның тоқтығы,киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы- осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен дейміз. Осымен бүгінгі іс шарамызға баға беріп, кері байланыс жасап аяқтаймыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет