Сабақ түрлерін ұйымдастыру және жіктеу Студент: Уәлихан Кәусар, Мамырхан Мерей, Салжан Мөлдір



бет3/3
Дата03.11.2022
өлшемі132,19 Kb.
#47184
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Дәстүрлі емес сабақ Ворд

Дәстүрлі емес сабақтың үлгісі.
Саяхат сабағы - дәстүрлі емес сабақтың бір түрі. Саяхат сабағы бақылауға алынған объектіні жан-жақты зерттеуді жүзеге асыратын білім беруді ұйымдастыратын сабақ түрі.
Саяхат сабақ ерекшелігі - бұл сыныпта емес табиғат құбылыстарын қоршаған ортаның тылсым сырын ұғуға бағытталған, оқушының табиғат аясында өткізілетін сабақ. Саяхат сабақ балалар үшін тәрбиелік мәні бар.Табиғат сұлулығын түсіну одан үндестік табу оқушылардың эстетикалық сезімін, эмоциясын, мейірімділігін, қоршаған ортаға деген қамқорлығын оятады. Сонымен қатар оқушылардың өзара дұрыс қарым – қатынас жасауына ықпал етеді.
Саяхат сабағының басты әдіс-тәсілі табиғаттың тылсым сыры мен құбылыстарын бақылау болып табылады. Саяхат сабағы оқу пәні мазмұнының көлемі ( бір тақырыпты, бірнеше тақырыпты) және бөлімдерді оқып, үйрену құрылысының орынына байланысты (кіріспе бөлім, ағымдағы, қорытынды бөлім) сияқты белгілерден тұрады.
Саяхат сабағының тиімділігі - ең алдымен мұғалімнің дайындығына байланысты.
Ол жұмыс төмендегі жүйемен өткізіледі:
1.Сыныпты ұйымдастыру.
2.Меңгерілген білім қабілеті және дағдылардың тексерілуі.
3.Сабақтың мақсаты мен міндеттері. Жалпы мотивация.
4.Жаңа тақырыпты меңгеру дағдылары.
5.Меңгерілген білім мен дағдылардың жүйелілігі және қорытындысы.
6.Меңгерілген білімнің ,дағдылардың өзара байланысы.
7.Үй тапсырмасы.
8.Қорытынды.
Саяхат сабағының мақсаты :Оқушылардың қоршаған орта мен оның тылсым сырлары туралы ұғымын оқушылар зердесінде қалыптастыру. Олармен тығыз байланыста болу. Оқушыларға пәндік материалдарды меңгерту және аталмыш тақырып бойынша олардың өз ойларын дұрыс жеткізіп, дәлелді сөйлеуге үйрету.Саяхат сабағы табиғаттың шынайы объектілерін қабылдаудан басталады. Бұл сабақ құрылысы болып табылады. Сыныпта өткізілетін сабақтарда берілген тақырыпты өмірмен байланыстырмай жеткізу қиынға соғады. Мәселе кеме, электр станциялар туралы берілген есептерді шығаруда оқушыларға олар туралы жеткізу қиын, өйткені олар оны көрмеген, . Балалар берілген Сонымен қыту технологиясының мақсаты-бұл берілген қасиеттері бар тұлғаны тәрбиелеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет