Курс:3-курс,301-топ Факультет:Жаратылыстану институты
Жоспары: 1.Сабақ жайлы түсінік
2.Дәстүрлі емес сабақ
3.Дәстүрлі емес сабақ түрлері
4.Дәстүрлі емес сабақ үлгісі
5.Қортынды
6.Пайдаланылған әдебиеттер
Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады.
ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАР - БҰЛ ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН САБАҚТАР. ОНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМЫ АНЫҚТАЛМАҒАН, ЕШБІР ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРҒА НЕГІЗДЕЛМЕГЕН. САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛАТЫН КОНКУРС, САЙЫС, КӨКПАР, ОЙЫН, БӘЙГЕ, АУКЦИОН, Т.Б. ЖЕКЕ ТӘСІЛДЕРДІ САБАҚТЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ДЕП ҚАРАУ КЕРЕК. ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДЫҢ, ДӘСТҮРЛІ САБАҚТАР СИЯҚТЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ, ЖОСПАРЫ БОЛАДЫ. САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ, БАРЫСЫ МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІГІНЕ, БІЛІМІНЕ, ТӘЖІРИБЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ
Дәстүрлі емес сабақтарды өтілу нұсқасы мен мақсат-міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады: ой қорыту сабағы, ойын сабағы, жарыс сабақтары.
Ой қорыту сабақтары оқушылардан нақты тұжырым, қорытындыларды, ой-түйіндерді талап ететін дәстүрлі емес сабақтардың түрлері.Ой қорыту сабақтарына: дәріс, семинар, сынақ сабақтар, ХХI ғасыр көшбасшысы сабағы, қосар сабақ, модульдік сабақтарды жатқызуға болады.
Семинар сабағы – Семинар сабақтары көбінесе оқылған дәріс тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді.
Қосар сабақ – іліктестірілген сабақтың бір түрі, мұнда бір тақырыпты өзара байланыста қарап, 2 мұғалім береді.
Модульдік сабақ. Модульдік сабақ бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді. Біріншіден, сабақ басталысымен оқушы өзінің не істеу керектігі, яғни сабақтың соңында өзінің нені біліп шығуы керектігі жөнінде толық мағлұмат алады. Екіншіден, топ болып жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Үшіншіден, өзінің жеке басының мүмкіндіктері мен қабілетәін ескере отырып, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын өз бетінше шығаруға кететін уақытын жоспарлауға дағдыланады. Төртіншіден, әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әртүрлі деңгейде алуға болады. Модульдік сабақ өтілген тақырып бойынша сыныптағы барлық оқушының білімін тексеріп бағалауға мүмкіндік береді.