Ойын сабақтары – дәстүрлі емес сабақтардың ең көп тараған түрлері. Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, олардың бойындағы белсенділік қатынастардың дамып, шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді. Ойын сабақтарына: саяхат, театр, концерт, тренинг, жұлдызды сағат, ғажайыптар алаңы, ойлан, тап!, аукцион, бақытты сәт және т.б. сабақтар жатады.
«Жұлдызды сағат» сабағы қайталау-пысықтау сабақтарында, әрі білімді тексеру үшін, әрі білімді жүйелеу мақсатында өткізілетін дәстүрлі емес сабақтың көптеп тараған түрі. «Жұлдызды сағат» сабағы белгілі бір тақырыпқа арналады. Ойыншылардың саны алғашқыда 5-7 болады да, әр бөлім сайын ұпайы аз ойыншы ойыннан шығып отырады, ең соңында білімі терең, жеңімпаз ойыншы «Жұлдызды сағат» төрінен орын алып, ойынның жүргізілуі барысы, келешек туралы өз ойын білдіреді. Ойын оқушылард ізденушілікке, шығармашылыққа баулиды.
Театр сабағы – сабақтағы өтілетін материалдарды рөлдерге бөліп, кейіпкерлерді сомдауы. Театр сабағы сырт көзге қарағанда оңай болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес.
Тренинг сабақ – белгілі бір тақырыпқа өткізілетін ойын сабақтарының бірі. Тренинг сабақтың ерекшелігі – тренингке қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек. Тренинг сабақтар оқушылардың белсенділіктерін, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамуына өз үлесін қосады, арттыра түседі.
Саяхат сабағы – белгілі бір мақсатқа жету үшін, аялдамаларға тоқтап, көздеген жерге серуендеп бару негізіне құрылған сабақ.
Аукцион сабақ. Аукцион сабақ дәстүрлі емес сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Аукцион сабақтары көбінесе қайталау-пысықтау сабақтарында пайдалану қолайлы. Аукцион сабағының негізіне-бәсеке жүргізу жатады. Аукцион сабағында әртүрлі заттар көрмеге қойылады, оқушылардың ол заттарды сатып алу үшін, ол заттардың қасиеттерін айтып, артындағы тапсырмаларды орындаулары керек.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
«Ғажайыптар алаңы» - дәстүрлі емес сабақтардың ерекше түрі. «Ғажайыптар алаңы» сабағы көбінесе қайтала-пысықтау сабақтарын өткізгенде пайдалануға тиімді. Бұндай сабақтарға оқушылардың қызығушылығы өте жоғры, өйткені жеңімпаз оқушыны шағын «сыйлықтар» күтіп тұрады. Сабақ 3 турдан және ақтық ойыннан, көрермендерден (тыңдаушылармен, жанкүйерлекрмен) ойындардан тұрады. Әр турға 3 оқушыдан қатысқанда, бір сабақта оқушылардан түгел сұрауға мүмкіндік туады.
Жарыс сабақтары – дәстүрлі емес сабақтарының ең көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың бойында ізгілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлестерін қосады.Жарыс сабақтарына жататындар: сайыс сабағы, Не ? Қайда ? Қашан? КТС және т.б. сабақтар жатады. Барлық жарыс сабақтарының құрылымы бірдей. Жарыс сабақтарында сыныпқа 2 топ бөлінеді, әр топтың өзінің жанкүйерлері және топ басшылары болады. Жарысқа қатысатын әр топтың сабақтың тақырыбына байланысты, аты, ұраны болады. Жарыс сабақтары: сәлемдесу, топ басшыларының сайысы, жанкүйерлер сайысы сияқты бөлімдерді міндетті түрде қамтиды, ал қалған бөлімдері сабақтың тақырыбы мен сыныптың біліміне қарай таңдалынып алынады. Жарыс сабақтары оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, жолдастық көмекке үйретеді.