Қазақ баласын өз елін, жерін,тілін сыйлауға кішкентайынан үйретеді.
ишара:
Алдыңғы оқу
Нышандар жайлы айта алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Көңіл күйді анықтау» тренингі.
Сабақтың басы. (5мин)
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, «Жүректен жүрекке» тілектерін айтқызып, бір-біріне жүрек табыстайды
Топқа бөлу. «Туған жер», «Отан», «Мемлекет». Оқушылар музыка әуенін тауып алып, соған байланысты топқа бөлінеді.
Сабақтың ортасы
(6-40 минут).
Т6.1.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді
Үй тапсырмасын тексеру.
«Қарлы доп» әдісі. Сұрақ - жауап арқылы өткен сабақты тексереміз.
Отан дегеніміз не?
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
Мемлекеттік тіл қай тіл?
ҚР мемлекеттік рәміздерін ата.
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
Әнұранның авторы кім?
Бағалау. Смайлик арқылы
Жеке жұмыс. Жаңа сабаққа қызықтыру мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Әріптер сөйлейді» жасырылған жұмбақты шеше отырып, тақырыпты ашу. Сонда біз қай мемлекетте тұрады екенбіз?
«Қазақстан - ортақ үйіміз»атты бейнефильмді «Bilimland.kz» сайтында тамашалайық. «ҚАЗАҚСТАН» деген сөз қандай ассоциация тудырды?
Бағалау. Смайлик арқылы
Бейнефильмді көре отырып, сөз тіркестерін дәптерге жазу.
Мысалы: туған жер, Еуразия, тәуелсіздік, тау, көк аспан, бүркіт, қазақ жігіті, астана, қазақ елі
Сөздікпен жұмыс. Интерактивті тақтада жаңа сөздерді жазу, мағынасын түсіндіру, сөз тіркесін құрату
2.Жұптық жұмыс. Диалог. А)Тыңдалым.Оқылым.Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырма орындайды.
«Тәуелсіз елім-Қазақстан» тақырыбында Броундық қозғалыс.(оқушылар бір-бірне барып, бүгінгі тақырып бойынша қандай жаңа сөздерді меңгергенін сұрап, жазып алу)
Сабақты бекіту:үш топта бағалауларына байланысты «киіз үйдің» макеті шығу керек. Сонда біз бір шаңырақтың астында әртүрлі мемлекет өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатырмыз.
Кері байланыс:
«Ұстазға хат» Сабақта не түсінгенін түсінбегенін хатқа жазып қалдырады.
Оқу мақсаты: А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады. А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтайды. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айтады
Барлық оқушылар: Сөйлесім әрекетінің негізінде оқушылардың тәуелсіз ел жайлы ақпараттық ұғымы қалыптасады
Көптеген оқушылар: Сөйлем құрайды, оқиды, мағынасын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар: Берілген мәтіннен керек мәліметтер таба алады
Рефлексия
1.Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
2.Бүгін оқушылар нені үйренді?
3.Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?
4.Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?
5.Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
1.Оқушылар «Тәуелсіз-елім Қазақстан» жайлы толық мәлімет алды, сұрақтарға нақты жауап бере алды.
2.Оқушылар Қазақстан, Тәуелсіздік сөздері нені білдіреді, қандай заң қабылданғанын, қай елдердің біздің егемендігімізді мойындағаны жайлы мәлімет алды.
3. Сыныпта оқушылар жұмыла жұмыс істеді. Бір-бірлеріне қолдау көрсетті.
4. Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс атқарды.
5. Жоспар бойынша барлық жұмыс түрлерін өткіздім, қорытынды жасалды, тапсырмаларды уақытыл өткізіп отырдым.
6.Алдағы уақытта жоспарға мынадай өзгеріс енгізер едім: сол сыныпта тәуелсіздік қарсаңында туған оқушыны марапаттау, егер сыныпта өлең шығаратын оқушы болса, соған өз шығармасынан үзінді оқытар едім
Қорытынды бағамдау
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1. «Қарлы доп», «Домино» әдістері, «Әріптер сөйлейді» жасырылған жұмбақты шешу
Әр кезеңдегі кері байланыс, сабақ соңындағы кері байланыс «смайликтер», «киіз үй» әдістері арқылы өткізілді
Оқушылар сабақ соңында бәрін жақсы түсіндім деген оқушы №1, әлі де сұрақтарым бар деген оқушы №2, ешнәрсе түсінбедім деген оқушы №3 суретке қарай отырып өз ойларын айтты.
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі: Б.М. Рахымбаев