Микрофиламенттер – ол
белокты талшықтар, олар микротүтікшелерге
қарағанда тым жіңішке болып келеді, (диаметр 4-6нм). Актин ақуызы және онымен
біріккен фибрин, фимбрин, альфа-актинин, филамин, винкулин молекулаларынан
тұратын иректі құрайды. Микрофиламенттер жиналуға және тарқалуға қабілетті.
Актиннің полимеразациясы есебінен плюске қарай өсуі жүреді, ал
минусқа қарай
жіпшелердің депорлимеризациясы есебінен жүреді. Жасушада аздаған мөлшерде
миозин ақуызынан тұратын,миозинді микрофиламенттер кездеседі. Олар актиндермен
бірігіп, қысқарған құрылымды құрайды.
Аралық филаменттер–цитоплазмаға енетін қатты және тығыз ақуызды
талшықтар. Олар микротүтікшелерден жіңішке, микрофиламенттерден
жуан болып
келеді. Олар әсіресе, механикалық жүктемелерге ұшырайтын жасушалар құрамында
атап айтқанда эпителилальды, бұлшық ет жасушаларында көп. Аралық филаменттер
құрамына кератин, виментин, және оған қатыстылар: нейрофиламенттер, ламиндер
кіреді. Адамның эпителий жасушаларында 20 әртүрлі кератиндер бар. Мысалы,
біздің шаш пен тырнақ құрамында ауыр кератин бар.
Вимент тәрізді ақуыздар
фибробласттар, эндотелилады жасушаларда кездеседі.
Аралық филаменттер жасушаның серпімділігін және оның механикалық әсерге
тұрақтылығын қамтамасыздандырады. Мутация кезінде кератин гендерінде
механикалық әсерге жасушалардың сезімталдығы күшейеді. Бұзылыстар кезінде
аралық филаменттерде ауру–көпіршік пайда болады. Бұл, науқас терісінде әртүрлі
көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.
Қосындылар – бұл жасушаныңтіршілік барысында пайда болып және жойылып
тұратын жасушаның тұрақсыз құрылысы. Оларға
ақуыздың, көмірсудың және майдың
денешіктері мен тамшылары жатады. Сонымен бірге кристаллдық қосындыларда
кіреді (органикалық кристаллдар, жасушаларда ақуыздар, вирустар,
қымыздық
қышқылының тұздары, бейорганикалық кристаллдар, кальций тұздарының тастары).
Органоидтарға қарағанда бұл қосындылардың мембраналары жоқ, кезеңді түрде
синтезделіп, шығындалып отырады. Олар көбіне цитоплазмада, кейде ядрода да
кездесіп тұрады. Олардың химиялық тегі әртүрлі.
Қосындылар сипаты
бойыншажасушалық метоболизм өнімдері. Олар гранула, тамшы, кристаллдар түрінде
жиналады. Бірнеше түрлерін ажыратады:
Трофикалық–олардың арасында майлар,
көмірсулар маңызды рөл атқарады. Сирек жағдайларда ақуыздар қолданылады.
Секреторлық- без жасушаларында жиналатын арнайы өнімдер.
Экскреторлық – олар
жасуша өміршеңдігінің соңғы өнімі.
Пигментті (гемаглобин, меланин, ретинин,
липофусцин және т.б.)
Липоидтер жасушаларда ұсақ тамшылар түрінде жиналады. Сүтқоректілерде май
тамшылары арнайыландырылған май жасушаларында, дәнекер тіндерінде болады.
Жиі жағдайда май қосындыларының едәуір мөлшерде жинақталуы патологиялық
үрдістер нәтижесінде болады. Полисахарид қосындылары жиі,түрлі мөлшерде гранула
түрінде болады. Жануарлар мен қарапайымдардың жасуша цитоплазмасында
гликоген
түрінде жиналады. Мысалы; жолақ көлденең бұлшық ет талшықтары, бауыр
жасушалары мен нейрон жасушаларындабайқалады. Ақуыз қосындылары сирек
кездеседі. Жұмыртқа жасушасы мен бауыр жасушасы белок гранулаларына бай.
Пигмент қосындыларына мысал ретінде көптеген жасуша типтерінде кездесетін
липофусцин
пигменті, ол қартаю барысында жиналады. Ретинин пигменті көз
торының көру пурпурасының құрамындакездеседі. Қызыл түсті гемоглобин пигменті
қанның эритроциттерінде кездеседі. Меланин пигменті жануар тіндерінің
меланофораларында кездеседі.