Сабақтың тақырыбы:
Нәтиже сабақ
Мен не үйрендім?
|
Мектеп: Алтынбике Бертаева атындағы орта мектебі
|
Күні: 19.09
|
Мұғалім есімі:Шавдинова Чолпан Кариловна
|
Сынып:8 «Ә» «Б»
|
Қатысқандар саны:
|
қатыспағандар саны:
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау
8.5.1.1 болжалдық сан есімді
жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
|
Оқу нәтижелері
|
Барлығы:
Тірек сөздер мен автордың көзқарасы мен көңіл күйі арқылы анықтайды,болжалдық сан есімді жазба ,ауызша жұмыстарда орынды қолданады.
|
Көбі:
Сұрақтарға нақты жауап береді,тапсырмаларды орындайды,монолог пен диалогті ажырата алады.
|
Кейбірі:
Пікірталасқа түседі,ойын өмірмен байланыстырып айта алады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі:
|
Білу,тану,қолдану,бағалау
|
Бағалау критерийі (нақты сабақ мақсатына қарай )
|
Автордың көзқарасын дәлелдейді.
Болжалдық сан есімді жазба,ауызша тапсырмаларда қолданады.
Сұрақтарға нақты,дәлелді жауап береді.
Тапсырмалар орындайды.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих
|
Тілдік мақсат
|
Сан есім,фразеологиялық тіркестер
|
Алдыңғы оқу
|
Рухани жаңғыру -тарих пен инновацияның сабақтастығы
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Дескриптор
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (2-3) мин
|
Оқушылармен сәлемдесу
Психологиялық даярлық
|
Оқушылар сәлемдеседі
|
Оқулық
|
Сабақтың ортасы
(6-40) мин
Айтылым
Тыңдалым
Жазылым
Айтылым
|
Тапсырмалармен жұмыс. «Сұхбат құрайық!»
Оқушыларды диалогті толтырып,жалғастырады.1-тапсырма.
Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін «Дана үкілер» техникасын қолданады.
Сөздіктің көмегімен мәтінді оқиды,негізгі деректерді жазады,мәтіндегі ақпаратты тақырып бойынша байланыстырып айтады.2-тапсырма.
4-тапсырма. «Баскетбол» ойынын ұйымдастырады.Ойын екі кезеңнен тұрады.Әр кезеңнің ұпай сандары қойылып отырады.Сынып төрт топқа бөлінеді.Тақтаға баскетболдың төрт тор себеті ілінеді.Тор себеттің біріне «Инновациялық мектеп»,екіншісі «Тіл үйірмесі»,үшіншісі «Т.Сұлтанбеков»,төртіншісіне «Ғажайып планета» деп жазылады.Бірінші кезеңде мұғалім алдын ала дайындығын сөздерді үлестіреді.Оқушылар өз парақшасындағы сөздердің қай тақырыпқа сай келетінін айтып,баскетболдың тор себетіне жапсырады.Дұрыс жапсырылған сөз үшін әр топқа ұпай беріледі.Екінші кезеңде әр топ өзіне бөлінген себеттегі сөздерді қытыстырып, «Оймоншақ» тәсілімен біртұтас мәтін құрап айтады.Қай топтың мәтіні сауатты,жүйелі құралса,сол топ «жеңімпаз» атанады.
Ойсергек.
«Сұрақ-жауап» ойыны ұйымдастырады.Сыныпты екі топқа бөлінеді.Бірінші топ тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды,екінші топ сұраққа жауап береді.
|
1.Диалогті жалғастырады.
2.Сөздіктің көмегімен мәтіндегі ақпаратты байланыстырады.
3.Мәтін құрайды.
4.Сұрақтарға жауап береді.
5.Тапсырмалар орындайды.
|
|
Сабақтың соңы
|
«Болжау» стратегиясы қолдану.
Пікірталас ұйымдастыру: «Т.Сұлтанбеков шығармаларының негізгі тақырыбы»
«Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағалау
Баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілеп түсіндіреді.
-Бәрін түсінгеніме сенімдімін.
- Бәрін түсінгеніме толық сенімді емеспін.
-Әлі де қайталауым керек.
-Мен ештеңе түсінбедім
Қалыптастырушы бағалау
|
|
|
Үйге тапсырма
|
Қайталау
|
Қосымша ақпарат
|
|
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз
|
Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
|
|
|
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
|