Данышпанның сөздерінен үш дұрыс жауап таңдаңыз:
A. Бекер таласты жақтырмаймын.
B. Адамға билік беремін.
C. Ақыл барда байлық бар.
D. Менің арқамда адам бай.
E. Ақылды адам бақытқа жетеді.
F. Өмірдің өзі – сабақ.
G. Дұшпанды жеңдіремін.
H. Маған тең келер ештеңе жоқ.
Жаттығулар
Байлық, бақыт, ақыл
Жауабын көрсету
Жағдаят типі: білім алу
Тапсырма форматы: жабық. Сәйкестендіру (балл компьютерлік бағдарламамен анықталады)
БАЙЛЫҚ, БАҚЫТ, АҚЫЛ
Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі кездесіп, адамға тигізетін пайдасы жайында таласып қалады. Алдымен Байлық сөйлейді:
– Менің арқамда ғана адамның малы бар, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол, сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ, – деп мақтанады.
Сонда Бақыт былай дейді:
– Мен Бақпын. Кімнің қолында болсам, соның атақ-даңқын шығарамын, қолына билік беремін. Дұшпанын жеңдіремін.
- О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуіміз тең тудық. Мен – Ақылмын, сондықтан бекер таласып, менменсіп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуіміз де адамға қажетпіз, бірақ екеуің маған бағыныштысыңдар. Адам менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер, Данышпаннан сұрайық.
Сөйтіп, үшеуі Данышпанға келеді. Данышпан үшеуінің таласын тыңдап алады да:
– Өмірдің өзі сабақ. Ақыл барда ғана байлық та, бақыт та, тірлік те болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі бар, сондықтан ақылды боп еңбек ете білген адам байлыққа да, бақытқа да жетіп, мәнді де сәнді өмір сүре алады, - дейді.
(Сілтеме: Павлодар облысы білім беру басқармасы, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы ”Халықаралық зерттеулер форматындағы функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тест тапсырмалары”, 32-бет, 2018 жыл)
Төменде берілген сұрақтарға қандай жауаптар сәйкес келеді? Бір сұраққа екі жауап берілу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |