Жаттығулар
Төленген чек
Жағдаят типі: қоғамдық
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
“Малютка” кексін сатып алған үшін берілген чекті зерттеңіз.
Чектің төменгі жағында орналасқан «Сатып алғаныңызға рахмет!» деген сөз тіркесі, ең алдымен, сыпайылықты көрсету үшін берілген.
Осы сөз тіркесін қолданудың қандай басқа да маңызы бар?
Жаттығулар
Супермаркеттегі ескерту
Жағдаят типі: қоғамдық
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
Осы печеньені сатып алсаңыз, не істер едіңіз? Неліктен олай істер едіңіз?
Жауабыңызды негіздеу үшін «Супермаркеттегі ескерту» мәтініне сүйеніңіз.
Жаттығулар
Электрондық кітаптар
Жағдаят типі: қоғамдық
Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап
Электрондық кітаптар
Электрондық кітапты сатудан түскен ақша қалай бөлінеді?
Amazon Kindle құрылғысына арналған электрондық кітаптар сатылымын едәуір арттырғанын естіген шығарсыз. Бұл кітаптардың көбін авторлар өз бетінше жариялаған әрі құны шамамен бір доллар тұрады. Электрондық кітап технологиясы баспагерлер мен авторлар арасында табысты бөлуге қалай әсер етеді? Үйреншікті қағаз кітаптарды сатудан оның қандай айырмашылығы бар?
Осы тақырыпқа қатысты өте қызықты әрі түсінікті ақпарат таптым. Суретте электрондық және қағаз күйіндегі кітап сатудан түсетін қаржы қайда кететіні көрсетілген.
Авторлық құқық иелеріне салықты қоса алғанда төленетін ақша (авторлар, баспалар, аудармашылар т.б.) – 25-50%.
Серіктестерге, платформаларға және төлем жүйелеріне төленетін комиссия – 20-30%.
Қызмет көрсету: 20-30%.
Енді оқырман үшін осы үлесті проценттік арақатынас түрінде келтірейік:
Электрондық форматтағы мазмұнның таралымындағы тың әрі іс жүзінде шексіз мүмкіндіктерді қаперге алсақ, үлестің бұлайша бөлінуіне ешкім ренжімеуге тиіс. Бұдан, ең алдымен, автор да емес, баспагер де емес, оқырман ұтады. Өйткені олар енді кітапты дүкенге бармай, керек әдебиетті іздеп не үйге тапсырып әуре-сарсаңға түспей, анағұрлым арзан бағаға сатып алады.
E-books vs. Traditional мақаласының желісі бойынша жазылған. Дереккөз: http://blog.ibooki.com.ua/2010/08/kuda-idut-dengi-otprodazhi-elektronnyx-i-bumazhnyx-knig-sravnenie-v-infografike
Электрондық кітаптар кең тарала бастады. Олардың сатылымынан түскен табыс үлесі үйреншікті қағаз кітаптардың саудасынан ерекшеленеді. Мақала авторының жазуынша, «үлестің бұлайша бөлінуіне ешкім ренжімеуге тиіс». Бірақ кестедегі ақпаратқа зер салсақ, оның пайымы аса дұрыс емес екенін байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |