Сабаққа шолу Сабақтың тақырыбы: pisa оқу сауаттылығы дегеніміз не? (Шолу)


Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге түрлерін қолдану



бет77/90
Дата13.03.2022
өлшемі221,45 Kb.
#27764
түріСабақ
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90
Байланысты:
Пиза тапсырмалары.docx өткен курс бойынша

7. Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге түрлерін қолдану.

Түпнұсқа: Арман сабағына дайындалып отырып, інісіне де көмектесті. Алайда екі нәрсені қатар жасау оған қиын тиді.

Перифраз: Арман әрі сабағына дайындалды, әрі інісіне көмектесті. Дегенмен екі нәрсені қатар жасап қиналды.

Алайда жалқы есімдер мен кілт терминдерді ауыстыруға, өзгертуге болмайды.

Жаттығулар

Тоқаш

Жағдаят типі: жеке

Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап

ТОҚАШ

Бойжеткен орталық бекетте пойыз күтіп отырды. Ол уақыт өткізу үшін кітап сатып алмақ болды. Кітаппен бірге бір қорап тоқаш сатып алды. Содан соң күту залынан тыныш отырып, кітап оқуға болатын бос орын тауып алды. Тоқаш қорабы бойжеткен мен газет оқып отырған ер адамның арасындағы орындықта еді. Қыз бір тоқашты алған кезде, ер адам да біреуін алды. Ол таңғалғанымен, ешнəрсе айта қоймады, кітабын оқуды жалғастыра берді. Ішінен: «Сене алар емеспін! Сәл батылдау болсам, міндетті түрде бірдеңе дер едім», – деп ойлады. Ол əрбір тоқашты алған сайын, ер адам да тура солай істеді. Қорапта бір тоқаш қалғанға дейін осылай жалғаса берді. Бойжеткен ер адамның енді не істейтінін көру үшін күте тұрмақ болды. Ал, ол соңғы тоқашты алып, екіге бөліп, бұған жартысын берді. Таңғалған қыз кітапты сөмкесіне лақтырып жіберіп, тұрып кетіп қалды. Ол сабырға келу үшін залдың екінші шетіне барып отырды. Ашуы тарқаған соң, ол сөмкесіндегі кітабына қол созды. Өзінің қорабы ашылмаған тоқашы сөмкесінде жатқанын тек сонда ғана көрді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет