Қателерге жол бермеу. Қате туралы жағымсыз хабарлама оқып отырмау үшін, алдын ала мұқият жобалау керек. Кеңес алып, мысалдармен танысып, қателіктің алдын алуға болады.
Танымалдық естеліктен жақсы. Нысандарды, әрекеттер мен опцияларды көрсету арқылы қолданушы жадына түскен жүктемені азайт. Қолданушы диалогтің бір бөлігінен екіншісіне дейінгі ақпаратты есте сақтамауы мүмкін. Қосымшаны қолдану нұсқаулары анық әрі қажет болған жағдайда оңай табылуы тиіс. Қосымшаның ең қажетті функцияларын жылдам қолдануды қамтамасыз етуі тиіс.
Қолдану икемділігі мен тиімділігі. Жылдамдатқыштар жаңадан бастағандар үшін байқалмайды, көбіне озық қолданушылардың өзара іс-қимылын жақсартады, осылайша енді бастағандар үшін де, тәжірибелі қолданушылар үшін де пайдалы болуы мүмкін. Қолданушыларға әрекеттерді жиі реттеуге мүмкіндік бер.
Эстетикалық әрі минималды дизайн. Диалогтер орынсыз немесе сирек қолданылатын ақпаратты қамтымауы тиіс. Диалогтегі әрбір қосымша ақпарат блогы бұрыннан бар ақпаратпен бәсекеге түсіп, олардың маңыздылығына нұқсан келтіреді.
Қолданушыларға қателерді тануға, анықтауға әрі түзетуге көмектес. Қате туралы хабарлама мәселені дәл көрсететін әрі құрылымдық шешім ұсынатын қарапайым тілмен (компьютерсіз) берілуі тиіс.
Көмек пен құжаттама. Өнімді көмексіз әрі құжаттамасыз қолданған ыңғайлы болғанына қарамастан, олар қажет болуы мүмкін. Қолданушы мұндай ақпаратты жеңіл таба алатындай болуы керек.
Юзабилити-тестілеуден өткізудің ең қарапайым, танымал тәсілі – «мақсатты қолданушы» сценарийі. Бұл сценарийде қосымшаның типтік әлеуетті қолданушысы, оның тарихы, мақсаты, қосымшадағы міндеттері және әрекеттер реті ұсынылады.
Мобильді қосымша дизайнына қойылатын талаптар
Жалпы талаптар
1. Мобильді қосымша 3 негізгі блоктан тұруы тиіс:
- жоғарғы (toolbar) – мобильді қосымшаны басқарудың негізгі лементтерін орналастыруға арналған блок, мысалы, мәзірді ашу батырмасы (1-сурет);
- ортаңғы – қосымшаның контентін орналастыруға арналған блок
(2-сурет);
- төменгі (toolbar) – қосымша сілтемелерді немесе мәзір пунктін орналастыруға арналған блок (3-сурет).
1-сурет. Жоғарғы блок
2-сурет. Ортаңғы блок
3-сурет. Төменгі блок
2. Мобильді қосымшаның дизайны біткен кезде, макетті жасауда қолданылатын төмендегі форматтардың қаріптері берілуі тиіс:
3. Дизайн көлденең бағдарды да, тік бағдарды да дұрыс көрсетуі керек.
4. Дизайнға қосымшада қолданылатын белгішелер қоса берілуі тиіс. Белгіше пішімі SVG болуы керек. Егер қосымшада бір белгіше бірнеше түс гаммасын қолданса, онда оны жеке бір файл ретінде белгіле.
5. Дизайнға бадарламашы қолдана алатын негізгі басқару элементтері қоса берілуі тиіс. Мысалы, батырмалар, ашылмалы тізімдер, мәтіндік өрістер, т. б.
6. Егер фондық сурет қолданылса, ол басқа өлшемдегі экрандарда дұрыс көрсетілуі керек.
7. 512х512 көлемді мобильді қосымша үшін логотип жасау қажет.
8. Деректерді шығару үшін, стандартты бетті сызу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |