Сабақта болмыс мәселелерін талдап: «Дүние қалай құрылған?»



бет3/4
Дата18.10.2023
өлшемі33,05 Kb.
#119019
түріСабақ
1   2   3   4
Абсолютті (дара) ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған шынайы ақиқаттар бір- бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік (дара) ақиқатқа жақындата түседі. Когеренттік ақиқатты айтар болсақ, ол – ғылымда ашылған жаңа деректердің негізінде жасалған белгілі бір тұжырымдардың бұрынғы өмір сүріп жатқан теорияға сәйкес келуі. Егерде жаңа ашылған ғылыми жаңалықтарды ескі теорияның шеңберінде түсіне алмасақ, яғни олар бір-біріне когерентті болмаса, онда ғылымның сол саласында дағдарыс басталып, жаңа ізденістерге жол ашылады.
Батыс философиясында прагматистік (pragma – іс, іс-әрекет) ақиқат деген де ұғым бар. «Егер белгілі бір тұжырымды, я болмаса көзқарасты басшылыққа алып, жақсы, өзімізге пайдалы нәтижелерге жетсек, онда оны прагматистік ақиқатқа жатқызамыз», – дейді осы ағымның өкілдері.

§ 5. Таным деңгейлері мен әдістері


Кең түрде алғанда, гректің «methodos» деген сөзі «жол» деген мағына береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді. Мысалы, бүгінгі саясатта Батыс елдерінде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегі жөнінде неше түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексіз көбейте беруге болар еді. Сол сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдістер жасалып, нәтижелі қолданылады.


Танымдағы сезімдік және ақыл-ой сатылары ғылымда зерттеудің екі деңгейін құрайды. Олар – эмпириялық және теориялық білім. Олар, әрине, бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Қайсыбір зерттеу эмпириялық сатыдан, яғни ғылыми деректерді жинаудан басталады. Ол үшін зерттелетін затты (нысан), я болмаса құбылысты бақылау қажет. Аса назар аударатын нәрсе – ғылымдағы бақылаудың ерекшелігі – ол «tabula rasa» – таза тақта емес. Таным субъектісі (ғалым, я болмаса ғылыми қауымдастық) зерттелетін нысан туралы белгілі бір пікір, тұжырым, идеяға ұқсайтын көзқараспен мақсатқа лайықты бақылауға кіріседі. Тәжірибелік таным бары- сында ғылыми деректер жиналып, салыстырылып, белгілі бір жүйеге келтіріледі.

Ары қарай ғылым теориялық деңгейге – тәжірибелік білімді ұғым, тұжырым, заң т.с.с. ғылыми құралдар арқылы өңдеуге көтеріледі. Теориялық таным арқылы біз зерттелетін заттың ішкі тұрақты байла- ныстары мен заңдылықтарын аша аламыз. Енді теориялық білімнің құрылымына келсек, оларға проблема (мәселе), гипотеза (болжау), теория, заңды жатқызуға болады.


Таным үдерісінде белгілі бір сатыда тежеу, түсініксіз, адамды абыржуға әкелетін ахуал пайда болады. Осы сәтте мәселе (немесе қиындық) туады. Оны шешпейінше, адамнан тыныштық кетеді. Сондықтан кейбіреулер проблема-қиындықты білмейтінімізді білу дейді. Мұндай ахуалдың пайда болуының негізінде сан алуан қайшылықтар жатыр. Ол белгілі бір құбылыс туралы екі әртүрлі пікірдің пайда болуынан, я болмаса ескі теория мен жаңадан ашылған ғылыми деректің арасындағы қайшылық т.с.с. себептерден болуы мүмкін. Көп жағдайда мәселенің шешілуі оны дұрыс қоя білуге бай- ланысты. Ол үшін, әрине, барлық жиналған ғылыми деректер мен тұжырымдарды тағы да ой елегінен өткізіп, мәселені айқын сезіну қажет. Шешілген мәселе ғылыми білімді тереңдетіп, сонымен қатар жаңа қиындықтарды тудырады.

Танымның іс-тәжірибелік табиғатынан теорияның іс жүзінде өмірде қолдану мүмкіндігі шығады. Теория біздің танымға деген сүйіспеншілігімізді қанағаттандырып қана қоймайды. Оның негізгі мақсаты – өмірді өркендету, адамдарға өмірлік бағыт беру. Мысалы, ядролық физикада жасалған теориялардың негізінде АЭС-терді салуға мүмкіндік алып, бүгінгі таңда жер бетіндегі жүздеген атомдық станса- лар адамзатты орасан зор күш қуатпен қамтамасыз етіп жатыр.


Заң – зерттелген заттар, я болмаса құбылыстардың ішкі, қажетті, мәнді, қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге тырысады. Енді таным әдістемесін талдауға уақыт келген сияқты. Қазіргі ғылымда сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерін үшке бөлуге болады:
1. Жеке ғылым әдістері.
2. Жалпы дүниетану әдістері.
3. Ең жалпы (жан-жақты) әдістемелер.
Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным үлгілерін жасайды.
Ол – оның пісіп-жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқа- нының белгісі. Мысалы, археология ғылымында қазба әдістері, мәдени қабаттан табылған заттарды сақтау үлгілері т.с.с. бар. Физика ғылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи тілтану ғылымында салыс- тыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық зерттеуде қолдануға болмайды, сол сияқты физика әдістері арқылы тілтану мүмкін емес т.с.с.
Жалпы дүниетану әдістеріне келер болсақ, оларды ғылымның әрбір саласында белгілі бір зерттеу сатысында қолдануға болады.
Ғылымның эмпириялық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға болады. Бақылау жөніндегі ойымызды жоғарыда айтқанбыз. Экспери- ментке келер болсақ, ол зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін, оны жасанды жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде «табиғатты тергеу» дейді. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар кеңінен пайдаланылады.


Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге дерексіздендіру, жалпылау, анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, үлгілеу, тарихтық және қисындық, дерексіздіктен нақтылыққа өрлеу т.с.с. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет