Сабақта болмыс мәселелерін талдап: «Дүние қалай құрылған?»



бет4/4
Дата18.10.2023
өлшемі33,05 Kb.
#119019
түріСабақ
1   2   3   4
Абстрактілеу (дерексәздендіру) дегеніміз зерттеліп жатқан нысан- ның кездейсоқ мәнсіз жақтарын ой арқылы «жақшаға алып», мәнді, керектілерін жинақтап, сақтау болып табылады.
Жалпылау – жинақталған жақтардың жалпы, бәріне бірдей ортақ қасиеттерін табу, сол арқылы олар жөнінде ұғымдану.
Анализ – зерттеліп жатқан заттың құрамдас бөліктерін ашып, олардың қасиеттерін зерттеп, талдау.
Синтез – заттың зерттелген құрамдас бөліктерін ой арқылы қайта біріктіріп, олардың бір-бірімен байланысын анықтау.
Индукция – белгілі бір текке жататын заттардың қасиеттерін зерт- теу арқылы жекеліктен жалпылыққа өрлеу. Дүние шексіз болғаннан кейін, индукция әрқашанда толық емес.
Дедукция – жалпылықтан жекелікке өту. Кеңінен математика, юрис- пруденция, қисында қолданылады. Экстраполяция – белгілі бір жеке ғылымның әдістемелерін, я бол- маса тұжырымдарын соған жақын ғылым саласына тарату, сол арқылы жаңалықтар ашу. Мысалы, этика мен құқық ғылымдары нормативтік пәндер болғаннан кейін, бірінің нәтижелерін екіншіге пайдалануға болады (әрине, салыстырмалы түрде).
Үлгілеу (модельдеу) – кеңінен жаңа техника, я болмаса техноло- гиялар жасағанда қолданылады. Мысалы, жаңа ұшақтың ең алдымен қуыршақ үлгісін жасап, аэродинамикалық құбырдан өткізіп, оның ұшу қасиеттерін тексереді. Содан кейін барып, шынайы жаңа ұшақтың сынағы басталады.
Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісі – ғылымдағы кең қолданылатын және де қиын тәсіл. Оны жете түсіну үшін «сезімдік нақтылық», «ой нақтылығы» деген ұғымдардың мәнін ашып алуымыз керек.
Көз алдымызда күнбе-күн кездесетіннің бәрін біз түйсіктеріміз арқылы біртұтас зат ретінде қабылдаймыз. Оны біз сезімдік нақтылық дейміз. Ол бізге заттың терең ішкі мәні жөнінде ештеңе айтпайды.
Ой нақтылығы дегеніміз зерттелген заттың дерексіз ұғымдар арқылы ішкі жан-жақты байланыстары мен қатынастарының бірлігін, олай болса, оның мәнін ашатын әдіс болып табылады.
Ой нақтылығына жету үшін ең алдымен сезімдік нақтылықтан дерексіз ұғымдарды жасауға өрлеу қажет. Ол үшін жоғарыдағы көрсетілген біршама тәсілдерді пайдаланып, белгілі бір тектегі заттардың ішкі қасиеттерін бөлек-бөлек көрсететін дерексіз ұғымдарды жинақтаймыз. Яғни сол саланы бейнелейтін санаттық (ұғымдық) жүйе жасалуы қажет. Бірақ бұл жасалған жүйенің кемшілігі – оның дерексіздігінде. Мысалы, бүгінгі таңдағы саясаттану ғылымында жүздеген ұғымы бар дерексіз демократия теориясы бар. Ал осы демо- кратия теориясын нақтылай келгенде, ол әр елде әртүрлі келбетімен көрінеді. Өйткені әр елдің өз тарихи жолы, мемлекет жөнінде жинақтаған тәжірибесі, әдет-ғұрпы, соған сәйкес ділі (ой өрісі) т.с.с. бар. Сондықтан қазақ еліндегі демократиялық үдерістің нақтылы теориялық үлгісін жасау үшін, сол дерексіз ұғымдарды пайдаланып, дерексіздіктен нақтылыққа өтуге болады. Сонда ғана біз ой нақтылығына өтеміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет