Асылбек Ақерке
№21 орта мектеп-лицейінің
2«Б» сынып мұғалімі
Көкшетау қаласы
Тәуелсіздік алған күн
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік аспект: Тәуелсіздік күні ұғымымен таныстыру. Тәуелсіздік, Желтоқсан сөздеріне түсінік бере, білімдерін кеңейту;
2) Дамытушылық аспект: Іздемпаз, тапқыр, еңбекқор, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу;
3) Тәрбиелік аспект: Сөздік қорын байытып, шығармашылық қабілетін дамыту. Отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: 1.түсіндіру
2. топтастыру
3. әңгемелеу
4. көрнекілік
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер: видео, плакат, нақыл сөздер,сигналдық карточкалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіздер ме?
Қонақтарымызбен амандасамыз.
ІІ. Психологиялық ахуал
Өте жақсы, балалар.
«Екі қолым сау болса, елге көмек берермін. Екі аяғым сау болса, шетте жүрсем келермін» деген әдемі сөзбен сабағымызды бастайық.
ІІІ. Үй жұмысы
Тұрсынхан Әбдірахманова «Даналарым» өлеңін жаттау.
Дамира:
Қазаққа Алла жазып дана берген,
Дананы үш-үштен ғып дара берген.
Білмедім мұнда қандай заңдылық бар,
Деген бе тақ тұрсыншы тамам елден
Олжас:
2.Төле би, Әйтеке би, би Қазыбек,
Шағында бір-біріне ел назы көп.
Алдынан үшеуінің қайтады екен
Адамдар әділдікке дән разы боп.
Адиль:
Бұдан соң тұрады Шоқан, Ыбырай, Абай,
Ел көшін бағдарлаған тыңға қарай.
Жүсіпбек,Ахаң,Жақаң-бұлар үшеу,
Қатерден қаймықпаған өңшең нар-ай!
Мадина:
4.Ендігі үш-Сәкен,Ілияс,Бейімбеттер,
Заманнан бұлар да ерек көрді көп кер…
Қаныш пен Мұхтар, Әлкей ғұламалар
Елім деп ғұмыр кешті, төкті көп тер….
Тұрсынхан Әбдірахманова туралы не білеміз?
1921 жылы 5 қараша, Семей облысында дүниеге келген
«Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған
Тұрсынхан Әбдірахманова
Қазақ ақыны
«Ән», «Кілт», «Көңіл назы» шығармалары бар
Достарыңызбен бөлісу: |