Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру топтастыру әңгемелеу көрнекілік Сабақтың түрі: жаңа сабақ



бет3/4
Дата05.12.2022
өлшемі288,21 Kb.
#55078
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Тәуелсіздік-алған-күн.-Ашық-сабақ

Бір минут үнсіздік

  • Естелік тақтасына гүл шоқтарын қойайық

  • Рахмет. Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігі белгілі. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатыр.

  • Сабағымызды жалғастырайық. Оқулығымдағы 104 бетті ашамыз. «Тәуелсіздік алған күн» өлеңін мәнерлеп оқимыз.



    • 1-топ. Тыныштық:

    Он алтыншы желтоқсан-
    Тәуелсіздік алған күн.
    Мерекеге ел тосқан.
    Атамменен барғанмын.

    • 2- топ. Бақыт:

    Мерекеге шығады
    Бүкіл халық, біліп қой.
    Отандастар ұғады
    Тәуелсіздік- ұлық той
    Арайлаймын алаңды
    Тәуелсіздік күні мен.
    Батыр Қайрат ағамның
    Суретіне үңілем.

    • 3- топ. Бейбітшілік:

    Он алтыншы желтоқсан-
    Тәуелсіздік алған күн.
    Мерекеде ел тосқан
    Шырқатып ән салған күн.

    • Өлең жолдарында қандай леп соғып тұр?

    • Еркіндік, тыныштық, мерекелік.

    • Бұл мерекенің басқа мерекелерден айырмашылығы қандай?

    • Тәуелсіздік- қазақ халқы еркіндігін алды. Жеке мемлекет болуға қадам басты.

    • Ақын мерекелік қуанышты сәтті қандай сөздер арқылы сипаттады?

    • Тәуелсіздік- ұлық той,шырқатып ән салған күн

    • Тәуелсіздік ұғымына топтастыру жаса

    бостандық бейбітшілік

    Тәуелсіздік

    ынтымақ

    тыныштық


    теңдік егемендік


    • Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.

    • 1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктеректауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.

    • Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ, онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.

    Видео: «Желтоқсан желі»

    • Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде.



    • Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 29 жыл толып отыр.

    «Мен - қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
    Ұранға «алаш» деген атты аламын» - деп азаттықты аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен алаш арыстарының барлығы да қуғын – сүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болды. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгі толқын іні – қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет