126. «20 сұрақ – иə-жоқдеген жауап» Оқушыларға ақпарат алу үшін, 20 сұрақ қоюға болады. Алайда сұрақ қойылып жатқан адам «иə» не «жоқ» деп қана жауап береді. Мысалы,оқушы бір геометриялық фигура -- ромбыны жасыруы мүмкін, алсыныптың қалған бөлігі қасиеттерін атау арқылы оның қандай фигураекенін табуы керек.
127. «Жұмбақ зат» Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Сол затты мұғалім, жауабын айтпай сөзбен сипаттайды. Оқушылар шешімін табуы қажет.
128. «Жұмбақ сөздер» Негізгі сөзді, терминді немесе тақырыпты көрсететін оқушынытаңдаңыз. Оқушылар оны табуы керек.
129. «Жұппен жұмыс» Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі таңдайды. Жыл көлемінде әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа жасауға үйренеді. 130. «Жұптасып сурет салу» Екі оқушы бір қағазға сурет салулары керек. Бірақ не салып жатқанын бір-біріне айтпайды, жұмыс барысында сөйлеспейді. Рефлексия: Сурет салып болғаннан кейінгі көңіл күйді білу. Ойында не ұнамады, не ұнады? Ойын барысында қандай қиындық кездесті? Нені жеңе алдыңдар?
131. «Жүз теңге» Әр жұпқа 100 теңге беріледі. Олар 5 минут ішінде бір-біріне күш көрсетпей, ақшаны біреуіне қалдыруға шешім шығаруы керек. Ал пікірталастыра отырып ақша кімде қалатынын шеше алмаса, кері қайтарып береді. Уақыт аяқталған соң әр жұп неге жүз теңге сол ойыншыда қалғанын баяндайды. Әділ шешім марапатталады.