Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет75/95
Дата19.03.2023
өлшемі401,34 Kb.
#75481
түріСабақ
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95
Байланысты:
366139-500 діс т сіл

286. «Сұрақ-жауаппен қатынас»
Әр оқушыға сұрақ дайындап, сабақ уақытында параққа жазу керектігі туралы тапсырма беріледі.Содан соң осы парақтар бір оқушыдан екіншісіне кезекпен беріліп отырады.Сұраққа жауап бергісі келгендер жауапты алдыңғы оқушының жазған жауабының астына жазады.Егер сұраққа жауап бергісі келмесе, парақты жауапсыз келесі оқушыға береді.
287. «Сұрақтар шеңбері»
Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар төрт немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріңіз. Сосын талқылауды бастаңыздар, әр оқушы үш минут (немесе басқа уақыт ) үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.

288. «Сұрақты төңкеріңіз»
Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз.Мысалы, «Франция – демократиялық ел ме?» деген сұрақ. «Демократиялық ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады.


289. «Сұрақты ұстап ал!»
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
290. «Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!»
Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдында елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны орынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет