Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет84/95
Дата28.03.2023
өлшемі357,86 Kb.
#76966
түріСабақ
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95
Байланысты:
500 әдіс-тәсіл

327. «Шаттанушы мен күдікшіл»
Бастаушы бір сөйлем айтады, келесі қатысушы оны жағымды пікірмен жалғастырады, одан кейінгі қатысушы соңғы сөйлемді алып, жағымсыз пікір қосады, келесі жағымды ой айтады. Осылайша жалғаса береді.
Мысалы, «Менің сабағыма тәлім беруші келіп қатысты», «Бұл жақсы, себебі сабақтан соң жоспарымды талқылаймыз», «Жоспарымды талқылаймыз, бұл жаман, себебі маған сын айтылуы мүмкін», «Маған сын айтылуы мүмкін, бұл жақсы, себебі келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын», «Келесі сабаққа ескертпелер бойынша дайындаламын, бұл жаман, себебі өзіме сенімділігім жоғала бастайды» т.с.с.
Бұл тәсіл сыни ойлауға жетелейді. Кез келген ұғымның жақсы-жаман жағы, тиімді-тиімсіз жағы болатынын, жақтаушы-даттаушы болуға болатынын бағамдап жүреді.
328. «Шатасқан әңгімеші»
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Бастаушы әңгіме тақырыбын белгілейді. Дайындыққа уақыт береді. Қатысушылардың бірі әңгіме бастайды да, ортасына келгенде, әңгіме желісін басқа жаққа бұрып жібереді. Осылайша өз ойын, мүмкіндігінше, шатастырып жібереді. Өз сөзін ыммен келесі бір адамға жалғастыруға ұсынады. Сөзді жалғастыру кез келген қатысушыға берілуі мүмкін, сондықтан бәрі мұқият тыңдап отырады. Сөз тиген адам әлгі әңгімешінің сөзін соңынан басына қарай адасқан кейпінде жеткізу керек. Сөйтіп басына алып келеді де, енді өз оқиғасын басқаша шатастырып жеткізеді де, сөзді келесі қатысушыға береді.
Бұл әдіс оқушыларды сыни ойлауға, сөздік қорын молайтуға, қиялын жетілдіруге көмектеседі.


329. «Шеңбердегі доп»
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.


330. «Ықшам тақталар»
Өз рұқсат қағаздарының екінші жағын пайдалана отырып, оқушылар: қысқаша сұрақтарға жауап жаза алады, олардың «талпынатын» деңгейін көрсете алады, оларды «ақиқат-жалған» жаттығуы үшін пайдалана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет