Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет57/95
Дата28.03.2023
өлшемі357,86 Kb.
#76966
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95
Байланысты:
500 әдіс-тәсіл

227. «Оқушылар сұрақ қояды»
Оқушыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар сыныптастарға, мұғалімге қойылуы мүмкін немесе талқылауды дамыту құралы ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға арналған «Сұрақтар қорапшасы» оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып табылады.
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.


228. «Оқушылар сұрақ құрастырады»

  • Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келді?

  • Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұраңыз;

  • Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз келген білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз.

Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін өз сұрақтарын салады.
Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда оқушылар бүкіл сынып болып жұмыс істейтін немесе келесі сабаққа негіз болатын сұрақтарды құрастырады.
229. Оқылым бойынша ширату жаттығулары
Соңғы сөз – сөйлемнің басы
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Олардың бірі қозғалып жүре бастайды да,кездейсоқ бір оқушының алдына тұрып, оған бір пікірді айтады, мысалы, «Сенбі –менің аптадағы ең жақсы көретін күнім». Біріншінің артында тұрған оқушы шеңбердіайналып жүріп, басқа баланың алдына барып тұрып, жаңа бір пікірді айтады, жаңапікір осының алдындағы пікірдің соңғы сөзінен басталуы тиіс, «Күн артынан күнөткенімен, жаңбыр толастар емес». Бұл тапсырма барлық оқушылар қатысып болғанғадейін жалғасады.
Анықтамасын табу
Тірек сөздер мен олардың анықтамалары жазылып, қиылған жинақ
араластырылған күйінде оқушыларға беріледі. Олар әр сөздің анықтамасын табу керек.Мысалы: Салыстыру. Жансыз затқа адамға тән сипаттар берілуі.
Метафора. Екі элементтің арасын салыстыру, мысалы «А Ә-ға ұқсайды» немесе «А дәл Ә сияқты». Кейіптеу.Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілерінегізінде астарлы мағынада қолданылуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет