238. «Өзін-өзі бағалау» Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе, өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:
Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз
Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?
Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?
Сіз не үшін разысыз?
Сіз Х туралы не білдіңіз?
Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.
239. «Өзін таныстыру» Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол шапалақтап және қуаттап отыруы керек.
Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген сенімді қатынасын орнату көзделеді.
240. «Өз таңбаңды (герб) жаса» Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады:
Өз есіміңізді жазыңыз.
Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз.
Сүйікті пәніңізді жазыңыз.
Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз.
Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз (жиһаз,тағам түрі, тоқыма түрлері).
Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме, табиғат аясы).
Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін салыңыз.
Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз жазыңыз.
Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз.
Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде суреттерін талқылап, сұхбаттасады.