6
қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.Сонымен
берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері
қорытындыланылады, өңделеді.
30. «Арқаға жазылған комплименттер»
Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4
форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің
арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3
минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған
комплименттерді оқып береді.
31. «Арқаға массаж жасау»
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға
бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына
массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан
алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.
32. «Арқаға сурет салу»
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа
бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған
оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт,
жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы
үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен
салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің
арқасына салынған затты салады.
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына
салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
33. «Артығын алып таста»
Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен
байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес
екенін анықтауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: