Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет6/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
 
13. «БІР МИНУТ» әдісі 
Бұл әдіс оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты 
іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау 
дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен 
байланыстыруға болады. Сыныпты жоспарлау  топқа қаратып бір «ыстық» 
орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз 
ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына 
қоюға болады. 
Әдісті жүзеге асыру алгоритмі 
• Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын 
ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке 
зерттеуіне болады. 
• Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, 
бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын 
ұсынады. 
• Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» 
орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, 
күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. 
Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады. 



• Ұйымдастырушы наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін 
дәйектеуі қажет. 
• Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы 
оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан 
оқушы ұпай алады. 
• Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық 
білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін 
жалғастырады. Егер оқушы өзіне тиесілі минут бойынша «ыстық» 
орындықта отыра алса, ұпай алады. 
• Қосымша 
тапсырма 
ретінде 
оқушылармен 
«Тұжырымдамалық 
 карта» ойынын ойнауға болады, ойын 
барысында олар «Бір минут» тапсырмасын орындаған кезде алған 
барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет