Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет13/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104
Байланысты:
sabaқtyi қyizyiқtyi өtkіzudі%D

 
40. 
«Аударыспақ» 
Жұптық тапсырма: сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің білімін бағалау. Мұнда 
сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі. Екеуіне де тең 
бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал 
жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір 
шариктен айырылады. 
 
41. «Ашық және жабық сұрақтар» 
Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, 
талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. 
Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін 
жақсартады.Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше 
мектептен кейін не істедіңіз?  
Жұмыс үлгісі: Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың 
сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін қанағаттандыру үшін 
не істеу қажеттігін түсіну үшін мысалдар келтіріңіз. Оқушылар бағалау 
критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап 
етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге 
көмектеседі.
42. «Аяқталмаған сөйлем» 
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы 
орындалады. 
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады: 

бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. 

бүгін сабақта қуантқаны..... 

мен өзімді.....үшін мақтар едім. 

маған ерекше ұнағаны..... 

сабақтан соң маған........келді. 

бүгін маған..........сәті түсті. 

қызықты болғаны..... 

......қиындық тудырды. 

менің түсінгенім..... 

енді мен......аламын. 
 
43. «Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы 
 - Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, 
қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар: 
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар



- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; 
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; 
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың
сенің қолыңнан бәрі келеді». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет