Сабақта қолданылатын



Pdf көрінісі
бет38/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104
Байланысты:
sabaқtyi қyizyiқtyi өtkіzudі%D

 
123. «Жаңалық ашамыз» 
Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін 
тапсырма беріледі. Бұл таптаурын болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен 
қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.  
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір 
жағынан салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған 
кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с. 
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу 
тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған 
өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.
Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін 
ашуға көмектеседі. 
124. «Жауап беретін әріптес» 
Жұптармен немесе әріптестермен жұмыс істегенде ауызша бағалау. 
Оқушылар әріптесті немесе топты өз жұмысына түсініктеме беруге немесе 
талқылауға шақырады. Бұл үдеріс тиімді жүруі үшін оқушылар оқу мақсаты 


23 
мен табыс критерийлерін білуі қажет. Олар сонымен бірге жауап беретін 
әріптестің рөлін бағалауы – оқу мақсаттарына сәйкес құрылымды және 
жағымды кері байланыс ұсынуы тиіс. Оқушыларға жұмысты орындап жатқан 
адамға қоятын сұрақтар тізімі берілуі мүмкін.  
 
125. «Жәшіктегі кітаптар» 
Ортаға әсем безендірілген жәшік әкелінеді. Мұғалім: «Сыртындағы 
суреттерге қарап, осы жәшіктің ішінде не бар екенін тапқан оқушыға 
сыйлығымыз бар.» «Дұрыс, кітап!» 
Қазір әрқайсысың бір кітаптан алып, 10 минут көлемінде кітапты оқып
қарап шығады. Содан соң кітапты жұбымызбен ауыстырып, тағы 10 минут 
оқимыз. Қысқаша қажетті деген мәліметтерді, қызықты ойлар мен кейіпкерлерді 
өздеріңе түсіріп алуларыңа болады,» - дейді. 
Балалар 20 минут оқып болған соң, бір-біріне осы кітап туралы ойларын 
жеткізу тапсырылады. Бір-бірін толықтырады. Қызығушылық танытқан 
кітаптарын үйге оқуға алуларына рұқсат етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет