Сабақта қолданылатын


«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет96/104
Дата12.03.2023
өлшемі0,96 Mb.
#73464
түріСабақ
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104
Байланысты:
sabaқtyi қyizyiқtyi өtkіzudі%D

«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы  
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын 
көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде 
айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға 
тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз 
деп танылады. 
«Мен таптым» жаттығуы 
Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін 
санайды.Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен 
таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады. 
«Белгісіз басшы» жаттығуы. Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол 
кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті 
сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол 
қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып 
тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба 
алмаса, басқа адаммен ауысады. 
 
«Дирижер» жаттығуы 
Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам 
сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. 
Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар 
шығаруы керек. 
«Жыланша» жаттығуы 
Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап, келесі адамның 
кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын 
осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді. 
«Жер сілкіну» жаттығуы 
Оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның туылған айы қандай, 
мінез - құлқына қарай байланыстыру. Сонан кейін жыл жүйесі бойынша 


56 
орындарын ауыстыру ұсынылады. Қайтадан оң жақта отыратын көршіге қарап, 
ол адамның айы неге сондай екенін түсіндіреді 
Үш адамнан ұстасып үй соғады, ортасында бір адам тұрады, 1-
қимылдайды адамдар десе ішіндегі адамдар жүгіріп, келесі үйдің ішіне кіріп 
кетеді. 2- қимылдайды - қимылдайды үйлер қимылдайды десек, үйлер жүгіріп 
барып тұрған адамды қоршайды, 3- жер сілкінді десек үйлер қолын түсіріп, басқа 
үйлермен үй соғады. Кезек - кезек ауысып тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет