және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске
ұшырады); себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар
саяси үдерістерге әсер етті); дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар,
наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады); ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің
саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар); маңыздылық (мысалы, Қазақ
хандығының құрылуының тарихи маңызы неде); интерпретация (мысалы, белгілі бір
тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды).
Концептілер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың, үдерістердің және
құбылыстардың мағынасы мен мәнін «түртіп алуға» бағытталған, бұл өз кезегінде пән
мазмұнын тереңірек түсінуге септігін тигізеді. Тарихи концептілердің көмегімен тарихи
материалдың аналитикалық талдауы жүргізіледі. Нәтижесінде оқушылар тек пән
мазмұнын ғана емес, сонымен қатар зерттеу процедуралары мен олармен байланысты
дағдылар мен біліктердің үйлесімділігін меңгереді (материалды жинақтау және жүйелеу
әдістері, сұрақтар құрастыра білу және дерекпен жұмыс істеу барысында проблеманы
анықтай алу дағдылары, деректерді анықтау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу
жоспарын құру, материалды тұжырымдау және нәтижелерді тексеру әдістері).
Оқушыларды белгілі бір тарихи концепт, прогрессия шеңберінде оқушыларды зерттеу
процедураларымен таныстыру міндетті талап болып табылады (қарапайымнан күрделіге
қарай).
Берілген әдістемелік жинақта «өзгеріс пен сабақтастық» концептісі бойынша сабақ
жоспарларының үлгілері ұсынылған.
«Өзгеріс пен сабақтастық» бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске
қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық
пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер
мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт
межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді.
Біріншіден, оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу, толеранттылығын, елдер мен халықтардың тарихы мен мәдениетіне деген құрметін дарытуға басымдық берілсе, екіншіден, оқушыларда зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуды мақсат етеді. Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде тарихи білім берудің басты мақсаты: ұлттық-тарихи сананы қалыптастыру; білім алушылардың алған білімін өмірде қолдана ала білуі; оқушылар бойында тарихи ойлауды қалыптастыру. Сондықтан мектепте оқытылатын тарихи концепттердің қолдану аясын талдап көрейік. «Концепт», «концепция» ұғымдарының мәні қандай? Латынның («conceptio» – түсіну, жүйе) – басты ой, жетекші идея; қоғамдағы құбылыстарға қатысты көзқарастар жүйесі; өзара тығыз байланыстағы тарихи ойлау тұжырымдамасы; тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқу мақсаттарын тиімді жүзеге асыру мағынасында қолданылатын тұжырымдаманы айтамыз. Тарихи оқиғалар мен тарихи процессті талдауда негізге алынатын концепттер мен тұжырымдар әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқу мақсаттарын ашуға септігі тиеді. Тарихи концепт: Ұқсастық пен айырмашылық. Қолданатын әдіс: «Ақпараттық органайзер»
Империялардың даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды. Оқыту процесін тиімді іске асыру үшін тарих концепттерін (тұжырымдарын) негізге ала отырып, оқу үдерісі ұйымдастырылады. Олар: өзгеріс пен сабақтастық; себеп пен салдар; дәлел; ұқсастық пен айырмашылық; маңыздылық; интерпретация. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімді меңгеруі барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру – оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сондықтан мұғалімдердің оқу үдерісін және өз тәжірибесін жетілдіру жолдарын жетік түсінуі, олардың тиімді оқуды ұйымдастыруына мүмкіндік береді.