Сабақта түрлі оқу формаларын қолдану; 7 Оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару; 8



бет1/2
Дата09.03.2023
өлшемі31,6 Kb.
#72678
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Саба та т рлі о у формаларын олдану; 7 О у ма сатынан саба ма (1)


Жас маман Жанарбекұлы Абзалдан алынған
сауалнама негізінде әдістемелік көмек берудің
диагностикалық картасы








1

Жас маман бірінші жылы аталған мектепте жұмыс істейді.

2

ЖОО үздік бітірген.

3

Мектеп ұжымымен жақсы қарым-қатынаста.

4

Жас маманға ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ жазуға бағыт-бағдар көрсету;

5

Жас маманмен жұмыс жоспарын жасау:

6

Сабақта түрлі оқу формаларын қолдану;

7

Оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару;

8

Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,

9

оқушыларды қызықтырудың жолдарын ұйымдастыру;

10

Бағалау критерийлері арқылы дескриптор құрастыру;

11

Сыныптан тыс өткізілетін іс-шаралар жоспарын жазу;

12

Әріптестердің сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасу

13

Сабақтарды өткізуде уақытты тиімді пайдалану;

13

Күнделік кз.-ті уақытында толтыру;

14

Оқушылардың жеке іс қағаздарын реттеу;

15

Ата-аналармен тығыз байланыста болу туралы әдістемелік көмек көрсету негізге алынатын болды.



Тәлімгер Аймуханова Гүлдәурен Мұхаммедқалиқызының жас маман Жанарбекұлы Абзалдың 1-тоқсанда кәсіби қалыптасуына көмек беруі туралы
ЕСЕБІ
Мақсаты: Жас маманның кәсіби қалыптасуына көмек көрсету.
Міндеттері:
- жас маманның кәсіби дамуын ұйымдастыру, жұмысын жүргізуге ынталандыру;
- жас маманның кәсіби дағдыларын дамытып, еңбек жолында кездескен қиындықтарды өздігінен шешуге дағдыландыру;
- жас маманға өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға көмектесу.
Тәлімгерлік бекітілгеннен кейінгі ең алғашқы жұмысымыз- жас маманнан сауалнама алынып, қандай әдістемелік және психологиялық көмек беру туралы диагностика жасалынды.
Қыркүйек айында тәлімгерлік жоспар құрылып, осы 2022\2023 оқу жылында істелінетін жұмыстар іріктелді.
1. Мемлекеттік стандарт, 2022\2023 оқу жылының ӘНХ таныстырылды.
2. Пән бойынша бағдарламалар мен тақырыптық күнтізбелік жоспарды құру, жазу туралы мәліметтер берілді,
3. Бірнеше рет ҚМЖ жазуда басты назарды неге аудару керектігі туралы бағыт- бағдар көрсетілді.
4. Эл.күнделікті толтыру қағидалары ескертілді.
5. Оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығару жолдары түсіндірілді.
6. Сабақта қолданылатын тиімді әдіс- тәсілдердің оқушылармен қандай жұмыстарда қолдануға болатыны туралы кеңес беріліп тұрды.
Тәлімгер ретінде Жанарбекұлы Абзалдың 2 сабағына қатыстым:
26.09.2022. 4 «Е» сыныбында Қазақ тілі пәні . Тақырыбы: «Әлидің үйі»
12.10.2022 ж. 4 «Ж» сыныбында Қазақ тілі пәні. Тақырыбы: «Бөлмедегі заттар»
Сабақтан соң, жас маманның сабағына рефлекция жасалынды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет