Сабақтағы кері байланысты ұйымдастыру жолдарын атау Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын



Дата09.05.2023
өлшемі18,36 Kb.
#91179
түріСабақ
Байланысты:
бағалау сөж 10


Сабақтағы кері байланысты ұйымдастыру жолдарын атау
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Қай ел болсын, өсіп-өркендеуі, әлемде өзіндік орнын алуы сол мемлекеттің біліміне, білім сапасына байланысты екенін ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында ерекше айтуы да сондықтан. Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін оқушыға білім мазмұнын терең игертудің тиімді жолдарын іздестіріп, шығармашылыққа жетелейтін қазіргі заман талабына сай ғылыми-әдістемелік біліммен қаруланған, білікті маман, шебер мұғалім дайындау қажет. Ал жаңа формация мұғалімі-оқыту технологиясының жүйесімен оқушыларды өмірге дағдыландыру құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс-тәсілдерді жетік меңгерген тұлға. Білім алуда сенімді, өзіне есеп бере алатын тұлға қалыптастыру үшін оқушылармен кері байланыс орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі туындап отыр.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Кері байланыс дегеніміз не? Бұл қазіргі кезде білім саласындағы өзекті мәселе болып тұр. Кері байланыс – мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үдерісі. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады. Оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
Дәстүрлі сабақтарда біз үнемі кері байланыс жүргізіп келдік. Сабақтың соңында немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң біз балаларға төмендегідей сұрақ қоятынбыз:
  • бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ме?


  • Кім түсінбеді?


  • Кімнің сұрақтары бар?


Бұл, әрине, ауызша кері байланысқа жатады. Алайда, осындай кері байланыс тиімді болды ма? Оқушылар не деп жауап беруші еді? Түсіндік, сұрақ жоқ деген бірсарынды жауап алатынбыз.


Қазіргі тәжірибеде мұғалімдер кері байланыс парақшасын таратып, оны толтыртып, қайтадан жинап алады да, мен кері байланыс ұйымдастырдым дейді. Бұл кері байланыс не мақсатпен алынды? Одан әрі қарай не істеу керек? Ондағы сұрақтар мен оқушылардың жауаптарын талдай келіп, кері байланыс тиімді болды деп айтуға бола ма? Кері байланыс арқылы оқушы оқу мақсатына жете алды ма? Тақырыпты түсінгенін тәжірибеде қолдана алды ма? Түсінбеген жағдайда не үшін түсінбеді? Түсіну үшін не істеу керек? Оқушының сабақта көңіл күйі қандай болды? Міне, осындай сұрақтарды мұғалім өзіне қоя отырып, оқушының берген жауаптары арқылы өзінің іс әрекетін бағалайды. Қолданған әдістерінің тиімділігі туралы ойланып, келесі сабақты жоспарлауда осы кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Ал оқушы тиімді кері байланыс арқылы өзара бағалау жасауға, өзін өзі реттеуге, білім алудағы жауапкершілікті өз мойнына алуға дағдыланады.
Кері байланыс не мақсатпен алынады?
  • Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді, кемшіліктерді жою


  • мақсатқа жетуді қамтамасыз ету


  • Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау


  • Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру


  • Рефлексия жасауға ықпал ету, көмектесу


  • Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін ояту


Сонымен, кері байланыстың мақсаты: мұғалімнің ақпараттың мазмұнын, оны ұсыну тәсілдерін, оқушылардың әрекеттерін түзету және сабақта психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Кері байланыс арқылы кім не алады? Оқушы: өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мәліметтер мен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады.


оқытудағы жіберілген олқылықтар мен өзінің әрекетіне, қызметіне (жаңа әдіс-тәсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану т.б) өзгерістер енгізуге көмектесетін мәліметтер алады. Оқушыларға жиі және маңызды кері байланыс ұсынылған жағдайда оқыту тиімді болады. Оқушыны тиімді кері байланыспен қамтамасыз ету ережелері:

  • кері байланыстың уақытылы болуын қадағалау


  • кері байланыс үдерісінде қатысушыларға мәселені жан-жақты талқылауғажеткілікті уақыт беру керек.


  • Мұғалім беретін кері байланыс оқушы жасаған жұмыс шеңберінде болу керек


  • сөйлеп тұрған адамға кері байланыс бергіңіз келсе, қысқа сөздерді (реплика) пайдалану керек, реплика алаңдаушылық туғызбау керек. Олай болмаған жағдайда сөйлеуші ойын шашыратып алуы мүмкін


  • сыни ескерпенің мәнін асыра айтудың қажеті жоқ


  • сыни ескерпе нақты жағдайға көрсетілу керек


  • кемшілікті көрсеткенде сыналған жұмыстың оң жақтарын көрсетуді ұмытпаңыз


  • адамның жеке басына , намысына тимеу керек


  • сыни ескертуге фактілер келтіре отырып тоқталу керек


Кері байланыс ауызша және жазбаша түрде жүргізіледі. Кері байланыстың түрлері: жағымды және жағымсыз. Кері байланыстың формалары мен әдістері көп: ауызша талдау, талқылау, жазбаша сауалнамалар алу, графикалық суреттер, смайликтер т.б. ұйымдастыруға болады. Кері байланыстың түрін, формасын таңдау мұғалім құзіретінде. Қандай кері байланысты жақсы кері байланыс дейміз?




  • ол оқу мақсатына бағытталады


  • оқушы өзінің дұрыс бағытта екенін біледі


  • оқушы өз қатесін түсінеді, оны жақсартуға ынталанады


  • оқушы өз бетінше ойланып, ойын ашық айтуға дағдыланады


  • оқушының жетістігін үнемі хабардар етуіміз керек


Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. Бірінші – көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл күйді әртүрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы, «алма ағашы» деп алайық. «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан, көңіл күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді. Ал «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен сабақтағы жағдайын сипаттайтын қуаныш, немұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік, сенімділік, рахаттану, алаңдау сияқты сөздерден үш сөзді таңдайды. Екінші, сабақтағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс. Мысалы, «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. 1-ші баспалдағы Мен ... білемін, 2-ші баспалдағы Мен ... түсінемін, 3-ші баспалдағы Мен ... жасай аламын. Үшінші, оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. «Бұрын мен білмеуші едім. Енді білемін» деген сияқты ой-пікірлерін білдіру болып табылады. Мысалы, «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» – оң әсер еткен фактілері, алған білімдері жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.


Қорытынды:

Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат: оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты қабілеттерін дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет