7. ** Mn2+ иондарымен тотықсыздандыру . 2 AgCl + Mn2+ + 4 OH- → 2 Ag↓ +2 Cl- + MnO(OH)2↓ + H2O
реакцияны тамшылық тәсілмен де орындауға болады.
Реакцияның орындалуы. Сүзгіш қағазға 1 тамшы HCl ерітіндісін тамызып, оған 1 тамшы AgNO3 қосып, сүзгіш қағазын капилляр көмегімен дистилденген сумен жуып, түзілген тұнбаға 1 тамшы Mn(NO3)2 және 1 тамшы NH4OH ерітінділерін қосу керек. Қағазда қара дақ пайда болғанын байқауға болады.
9. ** Дербес металдардың әсері. Күміс кернеу қатарында сутектен кейін орналасқан, сондықтан Fe (E0=-0,47 B), Zn (E0=-0,70 B) оны ерітінділерден ығыстырып, бос күйінде бөліп шығарады.
Реакцияның орындалуы. Күміс тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына мырыш түйіршігін салып, қара тұнба түзілгенін байқау.
Нg22+ионының реакциялары І. * HCl әсері. Сұйытылған тұз қышқылы сынап (І) ионымен ақ тұнба (каломель) түзеді, ол HCl-дың артық мөлшерінде ерімейді:
Hg2(NO3)2 + 2 HCl → Hg2Cl2↓ + 2 HNO3 Hg22+ + 2 Cl- → Hg2Cl2↓
бірақ азот қышқылында ериді (AgCl, PbCl2 азот қышқылында ерімейді).
3 Hg2Cl2 + 8 HNO3 → 3 HgCl2 + 3 Hg(NO3)2 + 2 NO + 4 H2O
Hg2Cl2 аммиак ерітіндісімен суда ерімейтін ақ түсті комплексті тұнба түзеді:
Hg2Cl2 + 2 NH4OH → [NH2Hg2]Cl ↓+ NH4Cl + 2 H2O
[NH2Hg2]Cl – тұрақсыз, сондықтан ол әрмен қарай ыдырайды:
[NH2Hg2]Cl → [NH2HgCl] ↓+ Hg↓
Тұнба патша сұйығында ериді:
NH2HgCl ↓+ Hg ↓ + 2 HNO3 + 4 HCl → 2 HgCl2 + 2 NO2 + 2 H2O + NH4Cl
NH2HgCl + Hg + 2 H+ - 2 e- → NH4+ + Cl- + Hg2+ х І
NO3- + 2 H+ + 1e-→ NO2 + H2O х 2
Реакцияның орындалуы.Сынап (І) нитраты ерітіндісінің 1-2 тамшысына сонша HCl ерітіндісін қосып, ақ тұнба түзілгенін байқау. Түзілген тұнбаға 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін қосып, тұнбаның қарайғанын байқап көру.