Сабақтар №1 Зертханалық дәптерді толтыру ережесі Ион катион



бет13/17
Дата21.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#85401
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Зертх.сабақ №1-2.2016.

2. * H2SO4 әсері.
Күкірт қышқылымен қорғасын (ІІ) ионы ақ түсті тұнба түзеді:
Pb(NO3)2 + H2SO4 → PbSO4 ↓ +2 HNO3
Pb2+ + SO4 2- → PbSO4
Қорғасын(ІІ) сульфатының концентрлі күкірт қышқылында, калий не натрий гидроксидтерінде және 30 процентті аммоний ацетатында еру қасиеті оны басқа суда нашар еритін сульфаттардан (BaSO4, SrSO4, CaSO4) бөліп алуға мүмкіндік береді:
PbSO4 + H2SO4→ Pb(НSO4)2
PbSO4 + 4 NaOH → Na2PbO2 + Na2SO4 + 2 H2O
2 PbSO4 + 2 CH3COONH4 → [Pb(CH3COO)2 .PbSO4] + (NH4)2 SO4
Реакцияның орындалуы.
Қорғасын (ІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 3-4 тамшы күкірт қышқылының ерітіндісін қосып, түзілген тұнбаның қасиетін зерттеу.
3. * NaOH, KOH әсері.
Сілтілермен әрекеттесу нәтижесінде ақ түсті гидроксид түзіледі:
Pb(NO3)2 + 2 NaOH → Pb(OH)2↓ +2 NaOH
Pb2+ + 2 OH- → Pb(OH)2
Гидроксид амфотерлі, яғни қышқылдарда және сілтілердің артық мөлшерінде ериді:
Pb(OH)2↓ + 2 HNO3 → Pb(NO3)2 + 2 H2O
Pb(OH)2↓ + 2 H+ → Pb2++ 2 H2O
Pb(OH)2↓ + 2 NaOH → Na2[ Pb(OH)4]
Pb(OH)2↓ + 2 OH- → [ Pb(OH)4]2-
Pb(OH)2 аммоний гидроксидінде ерімейді.
Реакцияның орындалуы. Қорғасын (ІІ) тұзы ерітіндісінің 3-4 тамшысына 1-2 тамшы NaOH (KOH) ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау. Түзілген тұнбаны екі пробиркаға бөліп, 1 пробиркаға HNO3 ерітіндісін, екіншісіне NaOH ерітіндісін қосып, тұнбаның еруін байқау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет