Сабақтар №1 Зертханалық дәптерді толтыру ережесі Ион катион


І аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдап анықтау



бет6/17
Дата21.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#85401
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Зертх.сабақ №1-2.2016.

6. І аналитикалық топ катиондарының қоспасын талдап анықтау
І. Алғашқы байқау.
а). Қоспаның сыртқы түріне (ерітіндінің түсі, тұнбаның бояуы, оның түсі т.б.) назар аудару қажет.
ә). Ерітіндінің рН-ын тексеріп, кейбір болжаулар жасауға болады.


ІІ. Кейбір катиондарды бөлшектеп талдау тәсілімен анықтау.
а). NH4 + - катионын анықтау:
Зерттелетін ерітіндінің 1-2 тамшысына сілтілік ортада 1-2 тамшы Несслер реактивін қосу қажет, NH4 + катиондарының қатысында қызыл- қоңыр тұнба түзіледі:
NH4+ + 2[HgI4]2- + 4OH- → [Нg2ОNH2]I ↓ +7I- + 3H2O


ІІІ. Жүйелік талдау.
Аммоний және литий катиондары натрий мен калийдің анықталуына кедергі жасайды, сондықтан оларды бөлуге тура келеді. Литий катионын бөлу үшін оны фосфат күйінде тұнбаға түсіреді, ал аммонийді қыздырып ұшырып жібереді.

  1. Литий катионын бөліп анықтау.

Зерттелетін ерітіндінің 15-20 тамшысын алып, пробиркаға құяды, оған 8-10 тамшы этил спиртін қосып, 10-12 тамшы (NH4)2HPO4 ерітіндісін құяды. Литий иондарының қатысында ақ тұнба (Li3PO4) түзіледі. (NH4)2HPO4 ерітіндісімен (Li3PO4) толық тұнбаға түскенін тексеру қажет, ол үшін ерітіндіге тағы 1-2 тамшы (NH4)2HPO4 ерітіндісін қосады. Ерітінді лайланбаған кезде литий иондары толық тұнбаға түсті деп есептеуге болады. Тұнбаны ерітіндіден центрифугаға бөледі. Тұнбаны 1-2 рет дистилденген сумен жуып, тұнбаға литий катиондары бар екенін дәлелдеу қажет. Ол үшін литийдің арнайы реакцияларын жасаған жөн.



  1. Аммоний катиондарын қыздырып ұшыру.

Литий фосфатының бөлінген ерітіндіні (құрамында NH4+, Na+, K+ иондары бар) тигельге құйып құрғақ қалдық түзілгенше қыздырады. Құрғақ қалдықты ақ “түтіннің” бөлінуі тоқталғанша қыздырады. Тигельді суытып, құрғақ қалдықты дистильденген судың 8-10 тамшысына ерітеді. Содан соң Несслер реактивімен NH4+ катиондарының толық жойылғанын анықтайды. Аммоний иондары толық жойылған соң (Несслер реактивімен қызыл- қоңыр тұнба түзілмейді) ерітіндіден Na+ және K+ анықтауға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет