Әдістемелік нұсқауларына
бекіту парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/05
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодлар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
дәріс сабақтар жүргізуге арналған
«
Ежелгі әлем мәдениеті
»
пәні бойынша
050204 «Мәдениеттану»
мамандықтары студенттері үшін
Павлодар
Әдістемелік нұсқауларына
бекіту парағы
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.2/05
БЕКІТЕМІН
Тарих және құқық
факультетінің деканы
________ Ақышев А.А.
«____»_____200 ж.
Құрастырушылар: аға оқытушы Кулумжанов Н.Е.
Философия және мәдениеттану кафедрасы
дәріс сабақтарын жүргізуге арналған
Әдістемелік нұсқаулық
«Ежелгі әлем мәдениеті
»
бойынша
050204 – «Мәдениеттану» мамандықтары студенттері үшін
Ұсынылған
Кафедра отырысында «___»____200__ж. хаттама №__
Ф және М кафедра меңгерушісі ____________________Ахметова Г.Г.
Мақұлданған
Тарих және құқық факультетінің ӘК «____»____ 200__ж., хаттама №___
ӘК төрайымы ________________________ Мошна Н.И.
Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын
маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс
сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік,
ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.
Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Студенттердің оқытушының
дәрісіне дайындығына енетіндер:
Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі
орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты
танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:
А) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру
мақсатында қарастыру;
Ә) Алдыњғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін
дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша
танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан,
бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін.
Осындай сәйкессіздіктен кейін студент дәріс барысында осы
мәселелерге көңіл аударуы керек.
Б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың тұрлерін
анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);
Г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына
арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды
орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;
Дәріске алдын–ала дайындықстудентті шығрмашылық жұмысқа
және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге
ұйретеді.
Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық
мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі студенттердің
шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.
Студент дәріс мазмұнын толық тұсіну ұшін оның мақсаты мен
міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты
мен міндеттерін тұсіну студентке баяндалып отырған материалды
терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.
Сонымен қатар дәріс оқытушы мен студент арасындағы байланыс
ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу
керек. Оның орындалуы студентке ғана қатысты емес, оқытушының
баяндауына студенттер беделін арттыра білуіне де байланысты.
Жазу – оқытушының студенттердің материалдарды қаншалықты
меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында
студенттер тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу
кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге
акцент жасау арқылы және т.б.)
Дәрісті жазуға қалай ұйрену керек? Бәрінен бүрын нені және
қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтыњ кұні, тақырып, мақсаты,
сабақтыњ жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне
берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы
қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.
Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар
арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті
сақтауға болады.
Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің
ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер,
сызбалар жєне т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша
жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:
Дәрістің негізгі
сұрақтары
Негізгі тезистермен,
дәлелдер, қортындылар. Негізгі
сұрақтар бойынша өз ойлары.
Дәріс материалының мазмұнын келесідегідей тұрде де жазуға
болады:
Дәрістің
негізгі сұрақтары
Негізгі
ережелер, негізгі
фактілер, жалпылау,
дәріс мазмұнын
қорытындылау
Студенттің
ескертпесі және
оның оқытушыға
сұраѓы.
Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз
ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердіњ
келесі беттерін бос қалдыру керек.
Студенттің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман
болуына, кәсіби және т.б. қызмет тұрлеріне дайындығын арттыруға
дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.
Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, студентке оны
жалпылама тұрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен
тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра тұседі, оны
толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай
түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді
Студентің жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және
басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте
басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін
қалыптастырады, олар студентке оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді,
семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді,
жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса,
осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді.
Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар
болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.
ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Дәріс І Кіріспе
Ежелгі Шығыстағы мәдениет пен өркениет дамуының белгілері. Әлемдік өрекниет
тарихындағы ежелгі Шығыстың алатын орны және оны оқып зерттеудің ғылыми алғы
шарттары. Ежелгі әлем мәдениетін түсінудің негіздік мәселелері. Ежелгі мәдениеттердің
өзіндік ерекшеліктері мен бірлігі үдерісінің О.Шпенглер мен К.Ясперс
концепцияларындағы түсіндірмесі. Ежелгі Шығыс мәдениетін талдауға жасалған ғылыми
талпыныстар. /В.Г.Гегель, С.Н.Крамер, т.б./. Ежелгі Шығыстың белдеулік уақытқа дейінгі
мәдениеті. К.Ясперстің әлемдік мәдениеттердің алғашқыларының бірі ретінде Қос өзен
мәдениетін ерекшелеуі. Қала, егін шаруашылығы, жазу өнері, дін және ғылым
жетістіктері. Ежелгі Египет мәдениеті жетістіктері туралы. Практикалық білім ретіндегі
математика, астрономия, медицина салаларының жетістіктері. Ғимараттар мен
пирамидалар тұрғызудағы жетістіктер, дін жіне діни рәсімдер ерекшеліктері, иероглифтік
жазудың дамуы. Ежелгі Шығыстың белдеулік уақыттағы мәдениеті. Ежелгі Индия
мәдениетінің өзіндік ерекшелігі. Вед жазба деректерінің мәліметтері, діни философияның
қалыптасуы және материалдық мәдениет жетістіктері. Ежелгі қытай мәдениеті.
Конфуцилік әлеуметтік саяси этика және дао философиясы. Ежелгі Иран. Палестина.
Дәріс II Ежелгі Египет мәдениеті
Ніл өзені аңғарында ежелгі әлемдік өркениет ошақтарының бірі қалыптасуының
алғы шарттарының пайда болуы. Ежелгі Египет халқының мәдени өміріндегі Ніл өзенінің
орны. Ежелгі Египет мәдениеті дамуының өзіндік ерекшеліктері. Бұл мәдениеттің
дамуының әр түрлі тарихи кезеңдері. Ұлы фараондар І Яхмос, І Тутмос, Хатшепсут, ІІ
Аменхотептің саяси - әлеуметтік қызметтері. Дін реформаторы ІҮ Аменхотеп
/Эхнатонның/ қызметі. Египетті А.Македонскийдің жаулап алуы. Птолемейлер династиясы
билігі. Клеопатра патшайым.
Египеттіктер мәдениетінің құдайлық табиғаты туралы түсініктер және оның
дәріптелуі. Көп құдайға сенушілік египеттіктер діни түсінігінің бастауы. Амон – Ра культі,
Раның қызы ретінде көрсетілетін Маат – әйел құдай, парасат, есеп пен жазу өнерін
жасаушы сөз құдайы – Тота, өнер мен қол өнерінің жасампаз құдайы – Птаха, Осирис
туралы аңыз. Патша билігі және оның дінмен дәріптелуі. Фараонның құдайлық табиғаты
туралы. ІҮ Аменхотеп жүргізген діни реформа. Бір құдайға деген сенім бастауы. Жерлеу
рәсімінің, дәстүрінің жоғарғы деңгейі.
Ежелгі Египет мәдениеті “аймақтық патшалық” мәдениеті ретінде. Қауымдық
құрлымнан әлдеқайда тиімді әлеуметтік жүйеге жетудің жолын қарастырудан мемлекеттің
пайда болуы. Астрономиялық білім мен аңыздық түсініктердің тығыз байланысы осы
мәдениетке деген сенім ретінде. Кеңістік пен уақыт бірлігін қалыптастырудың мақсаты.
Фараон билігі мен жер мен көкті біріктіретін Гора құдай бейнесі байланысын
философиялық ойдың елегінен өткізу. Египеттің барлық аймағында фараонның бар болуы
идеясы. Ежелгі Египет құдайларының “жергілікті” тек бір жердің шеңберінен аспайтын
болмауы. Бір және сол құдайдың кез келген жерде бола алуы. Өлімге айрықша қатынас.
Өлімді жоққа шығарып, мәйітті мумиялап, пирамидалар салу, өлімді о дүниелік өмірге
деген сеніммен жеңу.
Пирамидалар – мәйітке арналған табыт қана емес, бұл Аспан Ұлы болып
есептелетін фараонның көкке де көтерілетін орны.
Дәріс III Қос өзен мәдениеті
Қос өзен аймағында Шумер және Аккад, Вавилон, Ассирия мәдениеттерінің
қалыптасуы. Б.д.д. 5000 жыл бұрын Тигр мен Евфрат өзендері аңғарларын қоныстану, егін
шаруашылығының дамуы, қала мәдениетін жасау, мемлекеттің пайда болуы. Шумерлерде:
Ур, Урук, Киш, Лагаш, Адап қала мемлекеттерінің гүлденуі. Б.д.д. 24000 жылы Саргонның
(Шаррукен) шумерлерді жаулап алып, Аккадқа бағындыруы. Шумер – Аккад мемлекетінің
гүлденуі. Б д.д. 2000 жылдан 539 жылға дейінгі Вавилон мәдениеті. Хаммурапидің (б.д.д.
1800 ж.) патшалық құруы. Б.д.д. 14000 жылдан 600 жылдар аралығындағы құл иеленуші
Ассирия мемлекеті. Б.д.д. 800 – 700 жылдар аралығындағы Ассирия мәдениетінің
гүлденуі. Б.д.д. 1230 жыл шамасында Ассирия патшалығының Вавилонды жаулап алуы.
Ассархаддон (681 – 669 ж.ж.) кезінде Вавилонның қалпына келуі. Ашшурбанипал (669 –
631 ж.ж.) билігі. Мидиялықтар мен Вавилондардың Ассирия астанасы Ниневияны
қиратуы. Б.д.д. ҮІІ – ҮІ ғасырларда Навуходоносор – ІІ кезінде Вавилонның қайта өрлеуі.
Б.д.д. 587 жылы Вавилонның Иерусалимді жаулап алуы.
Ежелгі қос өзендіктердің жазу өнері, діні. Шумер тілі пайда болуының
құпиялылығы. Шумер тілінің Кавказ, этрус және түрік тілдерімен жақындығын
түсіндіруге ұмтылған ғалымдар әрекеті. Аккад және ассириялық семит тілдерінің таралуы.
Б.д.д. ҮІІІ – ҮІІ ғасырларда Қос өзен аңғарында арамей тілінің таралуы. Аккадтық сына
жазуының діни мазмұнда және мемлекеттік мақсатқа қолданылуы. Жазу өнерінің гүлденуі.
Қос өзен аңыздары: Абзу бейнесіндегі тұщы су тұңғиығы, саздан жасалған Гора
Кур, Иннан мен Дузума (Шумерлерде), Иштар мен Таммуз (Вавилонда), Гильгамеш
ерліктері туралы айтылғандар. Қос өзендіктердің діни түсініктері “Илу”; (Ил, Эл, Илим,
Элим, Элоах, Элохим, Аллах) сөздерімен белгіленген көптеген құдайлар туралы идеяларға
негізделуі. Бұл атаулар “күшті”, “күш” деген мағына береді. Бір қаланың басқа қалаларға
әсеріне байланысты жоғарғы құдай деңгейіне әр түрлі құдайлардың ие болуы – Ан, Энки,
Мардук т.б. Барлық құдайлардың еркін басқарушы күш. Ол тұтас әлемдік әділеттілік
үдерісі – ме. Бұлар жер мен аспанды басқаратын құдіретті, әлемдік күштер.
Дәріс IV Ежелгі Үнді мәдениеті дамуының негізгі кезеңдері
Инд және Ганга өзендері аңғарларында ежелгі Үнді мәдениетінің пайда болуы.
Б.д.д. 1500 – 1000 жылдықтарда Инд өзені аңғарында және Хараппа иен Мохенджо -
Дарода ежелгі үнді мәдениетінің арийлер мәдениетімен араласуы. Б.д.д. 1000 – 600
жылдардағы арийлердің Ганга өңіріне қоныстануы. Касталық жүйенің қалыптасуы, адам
еркіндігінің шектелуі. Өмір мен өлім арасындағы байланыс туралы ерекше түсініктің
пайда болуы. Өмірдің – сыйлық , ал өлімнің азаптан құтылу ретіндегі ұғымдары.
Б.д.д. ҮІ ғасырда Магадха мемлекетінің қалыптасуы. Индия жерін Ахеменидтердің
(Иран), сосын А.Македонскийдің (б.д.д. 327 – 325 ж.ж.) жаулап алуы. Маурья династиясы.
Будда дінін дәріптеудегі Ашока патшаның қызметі (б.д.д. 273 – 232 ж.ж.).
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Үнді аңыздары мен дінінің өзіндік ерекшеліктері.
Мәдениетті қалпына келтірудегі вед әдебиетінің ежелгі мәтіндерінің айрықша орны. Ең
ежелгі діни гимндердің жинағы – Ригведа. Осы гимндерді жасаушы Ришалар, қасиетті
ақындар адам мен құдайлар арасындағы байланысты жүзеге асырушылар. Құдайлар
ортасынан әр түрлі табиғи күштер мен құбылыстарды бейнелейтін Индра, Варуна, Агни,
Сомы құдайларының бөлектенуі. Ғаламның үш аймағы туралы түсініктер (аспан, жер
және олардың ортасындағы кеңістік антарикша). Жанның көшетіні туралы ілімнің
қалыптасуы. Құрбандық шалу рәсімінің пайда болуы. Үш құдай (тримутри) культі –
Брахма, Вишну және Шива. Вишналық және шивалық негізгі екі бағыттың индуизмде
пайда болуы. Будда дінінің негізін қалаушы Сидхартха Гаутама Шакьямуни (б.д.д. 563 –
483 ж.ж.). Будда дінінің негіздік қағидасы – азаптан құтылу жолдарының көрсетілуі.
Әлеуметтік теңдік туралы этикалық ілімдер. Будда дінінде шыдамдылық, төзімділік және
қоршаған ортаға, айналаға зиян тигізбеу мәдениетінің айрықша дәріптелуі. Махаяна,
хинаяна түрлеріндегі будда діні эволюциясы. Будда дінінің Үнді шекарасынан шығып,
әлемдік дін ретінде қалыптасуы.
Дәріс V Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының негізгі бағыттары
Ежелгі Қытай мәдениеті дамуының тарихы. Хуанхэ өзені аңғарында Қытай
мәдениетінің қалыптасуы. Б.д.д. ХҮІ – ХІ ғасырларда Шань мемлекетінің пайда болуы.
Отырықшылықты, жер өңдеу мен мал шаруашылығын дәлелдейтін материалдық мәдениет
жетістіктері.. Мүлік теңсіздігі, билік иелерінің (ван), патшалардың (Аспан ұлдарының),
билік тұқым қуалайтын әулеттің пайда болуы. Б.д.д. ХІ-ҮІІІ ғасырларда Чжоу
мемлекетінің құрылуы. Алғашқы бір орталыққа бағынған құл иеленуші Цинь (б.д.д.221 –
207 ж.ж.) және Хань (б.д.д.206 жылдан б.д. 220 ж.) империяларының құрылуы. Қол
өнерінің, сауданың, жібек өндірудің, темір еңбек құралдарының, жер суландыатын
жүйелердің пайда болуы. Бірінші император ретіндегі Цинь Шихуанди (б.д.д 246 – 210
ж.ж.) тұлғасы. Ол билік құрған кездегі Ұлы Қытай қорғанының салынуы.
Ежелгі иероглифтік жазу өнері. Цинь дәуірінде жазу өнерінің үйлестірілуі.
Белдеулік уақытқа жету. Сиқырлы-магиялық санадан парасат – рационалдыққа өту
ретіндегі тұлғалық, рефлексивтік сананың пайда болуы. Конфуцилік саяси этика жүйесінің
қалыптасуы.
Ежелгі Қытай мәдениетінің жетістіктері: жібек, қағаз, компас, оқ дәрі және т.б.
Қытай мәдениетінің дәстүрлі шекарасынан шықпауы. Б.д. ХІІІ ғасырына дейін сыртқа
жабық, өзгеріссіз қалпында сақталуы.
Ежелгі Қытай елінің рухани мәдениеті: өнері, ғылымы, философиясы және білім
беру жүйесі, тәрбие жұмыстары. Қытай мәдениеті жетістіктерінің өміршеңдігі. Ян шао,
Лун шань түріндегі қыш құмыралар. Ағаштан жасалған сәулет өнері негізінің қалыптасуы.
Ақсүйектерді жерлеу рәсімі. Рәсімдік бағыттылығы бар қола құмыралар, қару-жарақ,
нефриттен, сүйектен жасалған ою-өрнек, керамика. Қалалар тұрғызу жүйесінің дамуы.
Қола құмыра ыдыстар және айна, жібектен жасалған өнімдер.
Дәріс VI Ежелгі Иран мәдениеті
Ежелгі Иран мәдениетінің тарихи дамуы. Элам мемлекеті. Суздағы биліктің
иерархиялық жүйесі. Эламның мәдени дамуының Қос өзен мәдениетімен байланысы.
Б.д.д. ҮІІ ғ. Эламның Вавилонмен одағы. ІІ-Кир патша (б.д.д.); Парсы мемлекетінің
астанасы Пасаргад; Кирдің Мидия патшасы Астиагты жеңуі (550 ж.), Вавлонды өзіне
қаратуы (539 ж.). Кирдің массагеттерден жеңілісі (530 ж.). І-Дарийдің сақ тайпаларына
жорығы. Тарихта бірінші әлемдік Ахеменидтер державасының құрылуы.
А.Македонскийдің Шығысқа жорығы. Ахеменидтер державасының құлауы.
Б.д.д. ІІІ-мыңжылдықта ежелгі эламдық пиктографиялық сурет түріндегі жазудың
жасалуы. Сосын сызықтық, буындық жазу өнерінің өмірге келуі. Саны 80-ге жеткен
буындық белгілер тек шаруашылық мақсатында ғана емес, саяси және діни мәтіндерді
жазуға да пайдаланылған. Ахеменидтер державасының ресми – арамейлік тілі. Ежелгі
парсылық тастағы жазулар. Эламның пұтқа табынуы. Жоғарғы құдайлар - әйел құдай
Пинекир мен күн құдайы Наххунта.
Зороастризм діні қайрымдылық пен жауыздық күштерінің күресі. Заратуштраның
пайғамбарлық аңыздық бейнесі (б.д.д. Х-ҮІІ ғ.ғ.). Қасиетті кітап Авеста. Тарихшылардың
Зороастра дінінің Қазақстан аймағында пайда болғаны туралы гипотезасы. Ахурамазда
құдай. Әлемдік әділеттілік заңдары – Арта, Зервана, әлемдік себептілік заңы туралы
түсініктер.
Дәріс VII Ежелгі еврей халқының мәдениеті
Ежелгі Палестина, оның географиялық орны. Б.д.д. 1850 жылдарда Ыбраим
жетекшілігімен семит тайпаларының Ханаан жеріне келуі. Израилдің Египет қол астына
көшуі. Еврей халқының Египет қарамағынан шығуы. Мұса мен Иса. Өсиеттер (Мұса
заңдары) еврейлер заңдарының негізі ретінде. Тайпалық және “аймақтық
патшалықтардан” өзгеше қоғамның пайда болуы. Ханаанның жаугершілікке ұшырауы
(б.д.д. 1200 ж. шамасы.). Жаңа мәдениет негізінің қалыптасуы.Інжіл әлемдік мәдениет
ескерткіші ретінде. Оның мазмұны мен мәні. Ескі наным әлемдік әдеби мұра.
Израилдің алтын ғасыры (б.д.д. 1040 – 932 ж.ж.). иудейлер патшасы Сүлеймен
тұлғасы (963 - 925). Сүлеймен храмының салынуы (961 ж.). Храмды 587 жылы
халдейлердің қиратып, еврейлердің Вавилон құлдығына түсуі. Б.д.д 539 жылғы Вавилон
құлдығынан құтылу және 515 жылы храмның қайта жаңғыруы. Б.д.д. 70 жылғы
римдіктердің храмды қиратуы. Қираудан аман қалған храм бөлігінің иуда дінін
тұтынушылар үшін қасиетті орынға айналуы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі:
1.Малая история искусств. М., 1976.
2. Белицкий М. Забытый мир шумеров. М., 1980.
3. Белявский В.А. Вавилон легендарный и Вавилон исторический. М.,1971.
4. Мифология Древнего мира. М., 1977.
5. Мифы народов мира. М., 1987.
6. Бонград-Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация. М., 1993.
7. Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.
8.Дмитриева Н.А., Виноградова Н.А. Искусство Древнего мира. М., 1989.
9. Древние цивилизации. М., 1989.
10. Дюмезиль Ж. Верховные боги индоевропейцев. М., 1986.
11. История и культура Китая. М., 1974.
12. Керам К. Боги, гробницы, ученые. (Пер. с немец.) М., 1994.
13.Клима И. Общество и культура Древнего Двуречья. Прага, 1967.
14. Клочков И.С.Духовная культура Вавилонии: человек,судьба,время.М., 1983.
15. Матвеев К.П., Сазонов А.А. Земля Древнего Двуречья: История, мифы,
легенды, находки и открытия. М., 1986.
16. Немировский А.И. Мифы и легенды Древнего Востока. М., 1994.
17. Фрай Р.Н. Наследие Ирана. М., 1972.
18. Дубнов С.М. Краткая история евреев. М. 1996.
19. Капушин В.А., Карпушина С.В. История мировой культуры. М., 1998.
Қосымша:
1. Поэзия и проза Древнего Востока. М., 1973.
2. Брентьес Б. От Шанидара до Аккада. М., 1976.
3. Вайман А.А. Шумеро-вавилонская математика. М., 1961.
4. Вулли Л. Ур халдеев. М., 1961.
5. Законы Ману. М., 1960.
6.История древнего мира. І. Ранняя древность. М., 1982.
7. История древнего мира. ІІ. Расцвет древних обществ. М., 1989.
8. История древнего мира. ІІІ. Упадок древних обществ. М., 1989.
9. Кленгель-брандт Э. Путешествие в древний Вавилон. М., 1979.
10. Крамер С.Н. История начинается в Шумере. М., 1965.
11. Матье М.Э. Древнеегипетские мифы. М-Л., 1956.
12. Нейгебауэр О. Точные науки в древности. М., 1968.
13. Шампольон Ж.Ф. О египетском иероглифическом алфавите. М., 1950.
14. Шуцкий Ю.К. Китайская классическая “Книга перемен”. М., 1960.
15. Эпос о Гильгамеше. М-Л., 1962.
16. Юань Кэ. Мифы древнего Китая. М., 1965.
Document Outline - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАуЛЫҚ
- «Ежелгі әлем мәдениеті»
- Әдістемелік нұсқаулық
- «Ежелгі әлем мәдениеті»
Достарыңызбен бөлісу: |