Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы



Pdf көрінісі
бет37/38
Дата15.11.2023
өлшемі0,5 Mb.
#122388
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
treatise18657

ҚОРЫТЫНДЫ 
 

Қазақстан дүниежүзілік интеграциялардан тыс қалмау үшін білім 


саласына назар аударып, бірқатар реформалар жүргізді. Сол реформалардың 
аясында білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері туралы жиі айтылды. Осыған орай 
оқытудың кредитті жүйесі негізінде жоғары оқу орындарында дәрістерді
семинар, өздік жұмыстарды ұйымдастырып, уақытты ұтымды пайдаланып, 
студенттер үшін артымды өткізу өзекті бола түсуде. Оқытудың соны әдіс-
тәсілдерін тарих пәндерінен базалық және элективті курстарды жаңа 
талаптар ауқымында оқып-үйренуде пайдалану әл-Фараби атындағы Қазақ 
ұлттық университетінде баса назар аударылып, тиімді жолға қойылған. 
Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін дайындауда осы мәселеге жіті көңіл 
қойылады. Сол себепті де семинар сабақтарының, студенттердің өздік 
жұмыстарының әдістемелік ұсынымдарын дайындау оқу-әдістемелік 
кешендеріне қойылатын басты талаптар болып табылады. Кешендерде дәріс, 
семинар сабақтарының, өздік жұмыстардың мақсаты, қысқаша мазмұны, 
өткізілу түрі, глоссарий, қарастырылуға тиіс сұрақтар мен орындалуды талап 
ететін тапсырмалар, оларды талдаудың әдістері, жолдары, ұтымды тәсілдері, 
қажетті әдебиеттер көрсетілген. Оқу-әдістемлеік кешендердің дайындалуына 
қарап-ақ дәрістер мен семинар сабақтарының қандай жаңа технологиялар 
негізінде жүргізілетінін анықтауға болады. Осындай кешендерде басқаларды 
айтпағанның өзінде консервативті ғылым саласы ретінде саналатын 
тарихнаманы оқытуда соны технологияларды, тың тәсілдерді қолдануға зор 
мән берілген.
Оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану бакалавриатта сапалы 
білім алуға септеседі. Осыған орай «Қазақстан тарихының тарихнамасы» 
пәнінен оқылатын дәрістер мен өткізілетін семинар сабақтарында
интерактивті инновациялық ахуалдық, презентациялық, пресс-конференция,
жеке топтық, т.б. әдістер пайдаланылады. Осылардың ішінде ахуалдық әдіс 
Қазақстан тарихнамасы, Шетелдер тарихының тарихнамасы пәндерінің 
ерекшеліктеріне сәйкес келеді, өйткені тарихнама ғылымының өзіндік 
ерекшеліктері тарихнамалық деректерді талдау және оларға баға беруде 
белгілі бір проблеманы шешудің ахуалы пайда болады. Оны оқытушы 
студенттердің көмегімен орын алған проблемалық ахуалды тиімді шешуі 
тиіс. Сондай-ақ ахуалдық әдіс тарихнамалық фактілерді салыстыруда, 
олардың ұтымды тұстары мен кемшіліктерін көрсетуде де тиімді әдіс болып 
саналады. Мысалы, «ХІІІ-ХУІІ ғасырлардағы тарихнамалық ерекшеліктері» 
атты дәріске қатысты ахуалдық әдісті Шыңғыс ханның әлем елдеріне 
жорықтары мен тарихи тұлғасын қарастырған тарихнамалық деректерді 
өзара салыстыру барысында монғол билеушісіне берілген бағаны саралауда 
пайдалану тақырыпты терең меңгеруге көмегін тигізеді. Осыған орай 
Шыңғыс ханның жаулап жорықтарының картасы, оның портреті, тарихшы 


зерттеушілердің жекелеген тұжырымдары көрнекті құрал ретінде 
пайдаланылады. Шыңғыс ханға тарихи тұлға ретінде берілген бағалар 
негізінде тарихшы зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып кесте 
құрастырылады. Бұл бір жағынан дәстүрлі конспект дайындаудан гөрі 
студент үшін дәйекті әрі, екінші жағынан оқытудың жаңа әдістерін ұстану 
болып саналады. Осы орайда айта кетерлік бір жайт, оқытушы да, студент те 
тарихнама ғылымының өзіндік категорияларын терең меңгергені абзал. 
Өйткені тарихнамалық дерек, тарихнамалық факт ұғымдарын түсінбей жаңа 
технология бойынша жұмыс істеу былай тұрсын, тақырыпқа қатысты 
мәселелерді ашу қиынға соғады. 
Презентациялық әдіс тарихнамадағы соны, эталондық тұжырымдарды 
талдауда ұтымды. Сонымен қатар ғылымның категорияларын сипаттауда да 
тиімді болып табылады. Мысалы, «Қазақстандағы ХХ ғасырдың бас кезіндегі 
тарихи ойдың дамуы» және «Тарихнама ғылымының зерттеу әдістері» 
тақырыптарын оқып-үйренуде тың пікірлерді компоративті талдауда 
жекелеген ұғымдар бойынша сызбалар, кестелер, диаграммалар жасау 
арқылы дәріс материалдарын түсіндіру, студентердің жауаптарын бағалап 
отыру олардың сабақ барысындағы белсенділіктерін арттырады. Сондай-ақ 
дәріс материалдарын жылдам меңгеруге септеседі. Тарихнама пәні бойынша 
кестелер сызу дәстүрлі библиография құрастырудан гөрі тиімді, өйткені 
белгілі бір тақырыпқа қатысты бірнеше тарихнамалық деректерді тізіп 
көрсетіп, олардың мазмұнына қысқаша сипаттама беруге қол жеткізіледі. 
Жеке топтарға бөліп, семинар сұрақтарын қарастыру студенттердің ойлау 
қабілетін арттыруға, өзбеттерінше берілген тапсырманы орындауға 
мұрындық болады. Мұндай әдіс оларды топта жұмыс істеуге, өздік жұмыстар 
тапсырмаларын бірлесе отырып шешуге мүмкіндік береді. Топтық әдісті
элективті курстарда пайдаланудың тиімділігі семинар сабақтарын 
студенттердің саны көп аудиторияда дәлелденді. Мәселен,
 
Ресей 
империясының отарлау саясатының тарихнамасын бірнеше проблемаларға 
бөліп, жекелген мәселелердің мән-мазмұнын ашу өте қолайлы. Бұл бір 
жағынан студентерді ұжымда еңбек етуге үйретсе, екінші жағынан олардың 
сабақ үстіндегі белсенділіктерін арттыруға септеседі, үшіншіден, 
бәсекелестік жағдайында озып шығуға дағдыландырады. 
Пресс-конференция тәсілі тарихнамалық мектептердің ғылымдағы орны 
мен рөлін анықтауда тиімді әрі рефераттарды біржақты тыңдап, талдаудан 
гөрі студенттердің белсенділіктерін арттырып, барлығын қамтуда ұтымды 
әдіс болып отыр. Айта кетерлік жайт, иновациялық әдіс-тәсілдер 
студенттердің барлығын дерлік сабаққа жұмылдырып, белсенді қатысуын, 
берілген тапсырмаларды толық орындап келуін талап етеді. Мұның өзі 
студентке апта сайын қомақты көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар Қазақстан тарихнамасы пәнін заман талаптарына сәйкес 
жеке дара емес өзге де пәндердің көмегімен, пәнаралық байланыста оқытуға 
да толық мүмкіндіктер бар. Себебі пәнаралық тұрғыда жинақталған 
тарихнамалық фактілердің құрылымы және мазмұны, оларды талдау мен 
баға берудің критерийлері туралы мәліметтер фактілерге терең еніп қана 


қоймай, қосымша тәсілдер, соның ішінде жүйелеп талдау әдісі бойынша 
білімнің жинақталу тенденцияларын, олардың одан ары дамуын және жаңа
ғылыми зерттеулерді болжауды айқындауға жағдай жасайды. Мұндай 
жетістікке қол жеткізу пәнаралықтың эмпирикалық тәсілдерін теориялық 
қағидалармен біріктіре алатын қабілетінің негізінде мүмкін болады. 
Тарихнамадағы пәнаралықты оқытудың жаңа технологияларының бірі 
ретінде де дәрістер мен семинар сабақтарында үнемі қолданған тиімді. 
Пәнаралықтан 
өзге оқытудың интерактивті тәсілдерін пайдалану
қалыптасқан әдістермен қатар оқытушының әралуан түрлерді ұсынуына 
мүмкіндік мол. Әдіс-тәсілдер қатары оқытушының терең білім мен 
біліктілігіне байланысты көбейеді. 

Қорыта келе, Қазақстан тарихының тарихнамасы базалық курсы және 


солардың траекториялары бойынша таңдап алынған элективті курстарды 
оқытуда кредиттік жүйенің ауқымында жаңа технологияларды пайдалану, 
сонымен қатар түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды жаһанданудың кері әсері 
емес, Болон үдерісінің талаптарына сәйкес жаңашыл құбылыстар болып 
саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет