1 Қолданылу саласы “Болашақ” жоғары колледжіндегі оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспаға дайындау туралы Ереже" “Болашақ” жоғары колледжіндегі оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспаға дайындауға қойылатын талаптарды анықтайды. Аталмыш құжат институттың нормативтік құжаттамасының құрамына кіреді, оның орындалуы міндетті және “Болашақ” жоғары колледжіндегі барлық құрылымдық бөлімдерінде жүзеге асырылады.
2 Нормативтік сілтемелер “Болашақ” жоғары колледжіндегі оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспаға дайындау туралы ережесі" келесі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды:
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы. 27.07.2007 ж. № 389-1;
ҚР МЖМБС 5.03.010-2006 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Ақпараттық қорлар мен кітапхана қоры. Негізгі ережелер. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 25 тамыз 2006 ж. № 461 бұйрығымен бекітіліп, енгізілген.
Мемлекетаралық МБС 7.60-2003 "Ақпараттық, кітапханалық және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Басылымдар. Негізгі түрлері. Терминдер мен анықтамалар".
ҚР БҒМ 05.07.2008 ж. №325 бұйрығы. «Оқу, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды баспаға дайындау, экспертизадан өткізу және баспадан шығару жұмыстарын ұйымдастырудың ережелері».
3 Жалпы ережелер Оқу әдебиеті қорына оқулық және оқу құралына жататын кітаптардың тізімі енеді.
Коллеждің кітапхана қоры өз оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттері-мен толықтырылуы мүмкін. Колледж өз оқу және оқу-әдістемелік әдебиет- терін өз баспаханасынан немесе басқа баспалардан шығара алады. Колледж өз оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерінің көлемі 5 б.т.-тан кем емес оқу және оқу-әдістемелік құралдарын қамтиды. Әдістемелік әдебиеттер оқу пәндерін игеру, меңгеру, оқу жұмысының жекелеген түрлері бойынша көлемі 5 б.т.-қа дейінгі әдістемелік ұсыныстарды, нұсқауларды және құралдарды қамтиды.