Қосымша
Тарихнамалық кестелер
1- кесте
№ Зерттеуші -
тарихшы
Еңбегінің атауы
Негізгі мазмұны
1. Ә. Бөкейханов
Қырғыз өлкесінің тарихи
тағдырлары және оның
мәдени жетістіктері;
Қырғыздар (Қазақтар)
Ежелгі
дәуірден
ХХ
ғасырдың бас кезіне дейінгі
қазақ тарихы, қола, темір
дәуірлеріндегі
Қазақстан
аумағындағы ескерткіштер,
алғашқы тайпалар, түркі
дәуіріндегі ұлыстар, Қазақ
хандығы,
Ресей
бодан-
дығындағы
кезең,
орыс
шаруларының
қоныс
ау-
даруы, т.б. мәселелер қарас-
тырылған.
2. А. Байтұрсынов
Ақ жол; Революция және
қырғыздар
Қазақ
халқының
тәуел-
сіздігінен
айырылуының
себептері, Қазан төңкері-
сінің мәні ашылады.
3. Ш. Құдайбердіұлы Түрік, қазақ һәм хандар
шежіресі
Түркі,
қазақ
ру-тайпа
ларының,
хандарының
шежірелері көрсетіледі.
4. М. Тынышпаев
Қазақ халқының тарихына
қатысты материалдар;
Ұлы қасірет
Түркі дәуірі, Шыңғыс хан
кезеңі,
Қазақ
хандығы
кезеңдеріндегі
Қазақстан
тарихының
өзекті
мәсе-
лелері, «Ақтабан шұбыр-
ынды, Алқа көл сұлама»
жылдарындағы қазақ халқы-
ның
қасіретті
жағдайы,
жоңғар
жаулап
алушы-
ларына қарсы азаттық күресі
баяндалады.
5. Ж. Ақпаев
Қазақ халқының шығу
тегі туралы
Түркі тайпаларының бас-
тапқы отаны, қазақ ру-
тайпаларының
құрылымы,
халықтың қалыптасу мә-
селелері, «қазақ» сөзінің мәні
мен
мазмұны
туралы
айтылған.
2-кесте
Қазақстанға орыс шаруларын қоныстандыру тарихының кезеңдері
р/c Автор
Еңбектің атауы
Кезеңдері
1.
Т..Шонанұлы Жер тағдыры - ел
тағдыры
1.орысқа бағынғаннан бастап ХІХ-
ғасырдың 80-жылдарына дейін.Бұл
атты казактардың пайдасына, әскерлік
кісілердің пайдасына деп жер алу
дәуірі;
2.80-жылдардың
аяғынан,
90-
жылдардан бастап бері қарай Николай
құлағанға шейін қара шекпенділер
үшін жер алу дәуірі.
2.
Ә.Б.Тұрсынбае
в
Из истории крес-
тьянского
пере-
селения в Казах-
стане.
1.Сібір темір жолын салуға дейінгі
Қазақстанға қоныс аудару қозғалысы.
2.Сібір
темір
жолы
комитетін
құрғаннан
кейінгі
қоныстандыру
қозғалысы;
3.Столыпиндік реакция кезеңіндегі
қоныстандыру қозғалысы.
3.
П.Г.Галузо
Аграрные
отношения на юге
Казахстана 1871-
1914 гг.
П.Г.Галузо
қоныстандыру
саясат-
ындағы кезеңдерді емес екі сатыны
көрсетеді. Олар:
1-саты
ХІХ
ғасыр,
шаруалар
қоныстандырылуының
стратегиялық
және
әскери
саяси
мақсаттарда
жүргізілуі;
2-саты ХІХ ғасыр-Ресейдегі шаруалар
бас көтерулерінің өсуіне байланысты
қоныстандырылудың
қарқынды
жүргізілуі.
4.
Р.М.Таштемха
нова
Переселенческая
деревня
и
ее
взаимосвязи
с
1.1871-1895 жж. Бұл патша үкіметінің
қоныстандыруға қайсыбір деңгейдегі
негативтік қатынастар уақыты;
казахским аулом
во второй поло-
вине ХІХ - начале
ХХ
веков.(
на
материалах
Семипалатинской
области)
2.1895-1905 жж. Шаруалар қозға-
лысының өсуіне және еркін шаруалар
қоныстануына байланысты, сондай-ақ
патша үкіметінің қоныстануға тиым
салу саясатынан оны марапаттау мен
ресми қолдау саясатына өтуге мәжбүр
болуы;
3. 1906-1917 жж. - патша үкіметінің
1905-1907-жылдардағы
буржуазия-
лық-демократиялық революцияның
жеңілуінен
кейін
шиеленіскен
аграрлық қайшылықтарды қалайда
шешуге
тырысуымен
және
шаруаларды еуропалық Ресейден шет
аймақтарға
жаппай
жер
аудару,
столыпиндік жер реформасын іс
жүзіне асырумен сипатталады.
5.
Ғ.А.Меңілбаев Қоныс
аудару-
шылар мекендері
мен қазақ ауыл-
дары арасындағы
қарым-қатынас-
тардың
өзекті
мәселелері (1867-
1914 ж.ж.)
1.1867-1897 ж.ж.
2. 1897-1905 ж.ж.
3.1906-1911 ж.ж.
4.1910 ж. желтоқсан - 1917 ж.
6.
О.Х.Мұхатова ХІХ-ХХ ғасырлар-
дағы
Қазақстан
тарихнамасы
1.1861-1890 ж.ж. - Ресей шаруалар-
ының еркін түрде қазақ даласына
көшіп келе бастауы;
2.1891-1905 ж.ж. - қоныстандырудың
«заңды» түрде жүруі;
3.1906-1917 ж.ж.- қоныстандырудың
бұрын соңды болмаған деңгейде
күшеюі.
Тест сұрақтары
1. Тарихнама - бұл
А) тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерттейтін ғылым саласы;
В) тарихи деректерді оқып-үйренетін ғылым саласы;
С) тарих ғылымының тарихын зерттейтін ғылым саласы;
Д) тарихи тұжырымдамаларды талдайтын ғылым саласы;
Е) тарихтың методологиясын талдайтын ғылым саласы.
2. Тарихнама ғылымының мақсаты -
А) тарихнамалық фактілерді жинап, оларға талдау жасау;
В) тарихнамалық деректерді жинақтап, жүйелеу;
С) белгілі бір ғылыми мәселенің зерттелу деңгейін анықтап, тарихнамалық
деректердің мән-мазмұнын, зерттелу бағыттары мен үрдістерін айқындау,
объективті түрде зерттелмеген тұстарын тану;
Д) тарихнамалық деректерді саяси-әлеуметтік жүйелер мен идеологияларға
тәуелділігін анықтау;
Е) тарихнамалық фактілердің тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерттеуінің
деңгейін сараптау, ұтымды тұстары мен олқылықтарын айқындау.
3. Тарихнама ғылымының жалпыметодологиялық зерттеу принциптері
А) тарихилық, объективтілік, әлеуметтік;
В) жүйелілік, партиялық, тарихнамалық;
С) біртұтастық, танымдық, өркениеттілік;
Д) таптық, партиялық, саяси;
Е) тарихилық, өркениеттілік, жүйелілік.
4. Кеңестік кезеңдегі қазақстандық тарихнамашы ғалымдар:
А) Г.Ф. Дахшлейгер, Д.И. Дулатова;
В) К. Нұрпейіс, Б.А. Төлепбаев;
С) Ә.Б. Тұрсынбаев, Е. Бекмаханов;
Д) Х. Маданов, Б. Сүлейменов;
Е) Б.Е. Көмеков, Ә.Х. Марғұлан.
5. Тарихнамалық факт – бұл
А) тарихи оқиғалар мен үдерістерден ақпарат беретін мәлімет;
В) тарихи білімдер туралы ақпарат беретін мәлімет;
С) тарихи дәуірлерден хабар беретін мәлімет;
Д) статистикалық мәліметтердің жиынтығы;
Е) археологиялық жәдігерлер туралы мәлімет.
6. Тарихнамалық фактінің болмысын анағұрлым дәл көрсетіп берген ғалым -
А) Е.М. Жуков;
В) А.С. Лаппо-Данилевский;
С) А.Е. Топольский;
Д) А.М. Сахаров;
Е) М.В. Нечкина.
7. «... тарихнамалық дерек ұғымына бойында тарих ғылымының тарихы
бойынша мәлімет жинақтаған кез келген тарихи деректі жатқызуға болады»
деген пікірдің авторы -
А) И.Д. Ковальченко;
В) М.А.Варшавчик;
С) С.О. Шмидт;
Д) Е.Н. Городецкий;
Е) Л.Н. Пушкарев.
8. Тарихнамалық деректану - бұл
А) тарихи деректерді сыннан өткізу туралы ережелер жүйесі;
В) деректерді ғылыми талдаудан өткізу туралы тұжырымдама;
С) тарихнамада қолданылатын деректерді іздеп табудың заңдылықтары,
оларды өңдеу және пайдалану туралы білім жүйесі;
Д) тарихи деректерді ғылыми айналымға түсіру туралы білім;
Е) тарихнамалық деректерді талдау жүйесі.
9. Тарихнамалық деректер -
А) тарихнама пәні бойынша анықталатын және тарих ғылымындағы үрдістер
туралы, оның жай-күйінен ақпарат беретін тарихи деректер;
В) тарихи оқиғалар мен үдерістерден мәлімет беретін деректер;
С) тарихи деректердің типі;
Д) тарихнама пәнінен мәлімет беретін деректер;
Е) тарихнамалық заңдылықтар туралы мәлімет беретін деректер.
10. Тарихнамалық деректерді зерттеуге сүбелі үлес қосқан ғалым -
А) С.О. Шмидт;
В) М.В. Нечкина;
С) Н.Н. Маслов;
Д) М.А. Варшавчик;
Е) В.П. Наумов.
11. Басты тарихнамалық деректер -
А) тарихшының еңбектері;
В) мұрағат құжаттары;
С) ауызша тарих айту деректері;
Д) мерзімді басылым және статистикалық материалдар;
Е) археологиялық жәдігерлер.
12. Тарихнаманың функциялары:
А) методологиялық, әдістемелік, талдау;
В) жүйелеу, бағалау, болжау;
С) синтездеу, танымдық, методологиялық;
Д) танымдық, теориялық-методологиялық, болжамдық;
Е) әдістемелік, болжамдық, сараптамалық.
13. Тарихнамалық зерттеудің мақсаты -
А) жаңа теориялық ұстанымдарды орнықтыру;
В) тарих ғылымының даму заңдылықтары мен үрдістерін айқындау;
С) тарихи ғылыми тұжырымдар қалыптастыру;
Д) ғылымның методологиясын жетілдіру;
Е) тарихи ой мен тарихи білімді дамыту.
14. Тарихнамалық зерттеудің түрлері:
А) мерзімдемелік, тақырыптық, проблемалық, биографиялық;
В) дербес, біртұтас, аяқталған;
С) диссертация, монография, ғылыми мақала;
Д) ғылыми есеп, библиография, монография;
Е) тарихшының еңбектері.
15.Отандық тарихнама ғылымында тәуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы
мәселелерін шетелдік тарихнама бойынша зерттеген ғалымдар:
А) Л.К. Есмағамбетов, Қ. Атабаев;
В) Т. Омарбеков, М. Қойгелдиев;
С) Қ.Р. Несіпбаева, Р.М. Таштемханова, Х.А. Сутеева;
Д) О.Х. Мұхатова, Т.Ә. Төлебаев, Г.М. Кәкенова;
Е) М.Х. Әбусейітова, С.Ф. Мажитов.
16 Кеңестік тарихнамада әлеуметтік принцип неге негізделді?
А) тап күресіне;
В) кеңестік идеологияға;
С) тоталитарлық жүйеге;
Д) партиялық номенклатураға;
Е) пролетарлық интернационализмге.
17. Қазақстанда тарихнама ғылымы қашан қалыптасты?
А) кеңестік кезеңде;
В) тәуелсіздік жылдары;
С) орта ғасырларда;
Д) ежелгі дәуірде;
Е) жаңа заманда.
18. «Тарих - адам қызметінің жемісі» методологиялық ұстанымының авторы
-
А) М. Қозыбаев;
В) Т. Омарбеков;
С) М. Қойгелдиев;
Д) К. Нұрпейіс;
Е) Ж. Қасымбаев.
19. Тарихнаманың пәні -
А) тарихнамалық деректерді тану;
В) тарихи деректерді тану;
С) тарихи үрдістердің алмасуын тану;
Д) тарихи білімнің пайда болуы мен дамуының заңдылықтарын тану;
Е) тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тану.
20. Ғұн тайпаларының тарихын жүйелі зерттеген ғалым -
А) Н. Аристов;
В) Л.Н. Гумилев;
С) Е.Грум-Гржимайло;
Д) А.И.Левшин;
Е) Н.И.Гродеков.
21. Белгілі бір елдің саяси және мәдени өмірін қамтыған анағұрлым
жетілдірілген тарихи шығарма дайындаған тарихшы -
А) Геродот;
В) Полибий;
С) Тацит;
Д) Сыма Цян ;
Е) Плутарх.
22. Орта ғасырлардағы түркі және монғол тайпалары мен ұлыстарының
тарихынан хабар беретін бірқатар деректік тұрғыдағы еңбек -
А) Фазлуллах Хамадани Рашид ад-Диннің «Жами ат-тауарих» еңбегі;
В) Гумилевтің Л.Н. «Хунну» іргелі зерттеуі;
С) Мұхаммед Хайдардың “Тарих и Рашиди” шығармасы;
Д) Әбілғазының “Түріктер шежіресі” ;
Е) Қадырғали Қосымұлы ның «Тарихи Ораз мұхаммеді».
23. Орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның тарихын зерттеуде
ғылыми айналымға нумизматика, эпиграфика, этнография, археология
жәдігерлерін ендірген белгілі орыс ғалымы -
А) А.Н.Бернштам;
В) А.Ю.Якубовский;
С) С.П.Толстов;
Д) С.Г.Кляшторный;
Е) В.В.Бартольд.
24. Монғол жаулап алуына байланысты жаңа көзқарастардың қалыптасуына
ықпал еткен тарихшы
А) Ә.Хасенов;
В) Н.Мыңжан;
С) З.Қинаятұлы;
Д) С.Жолдасбайұлы;
Е) Т.И.Сұлтанов.
25. Қазақстанның Ресей құрамына кіру проблемасын “жаулап алу”,
“бағындыру” терминдері арқылы империяның боданына, отар еліне айналу
тұрғысындағы тың тұжырымдама қалыптастырған тарихшы-ғалым -
А) М.Ж. Әбдіров;
В) П.Г.Галузо;
С) М.Қ. Қозыбаев;
Д) И.Ф.Ерофеева;
Е) Ж.Қасымбаев.
26. Қазақтардың отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресі тарихын түбегейлі
зерттеуге үлес қосқан ғалымдар:
А) Ғ.Тоғжанов, Ә.Б.Тұрсынбаев, М.Х.Асылбеков;
В) Б.Сүлейменов, П.Г.Галузо;
С) Ж.Қасымбаев, Ж.О.Артықбаев, С.Игібаев;
Д) А.Ф.Рязанов, М.П.Вяткин, Е.Бекмаханов;
Е) Г.Ф.Дахшлейгер, Д.И.Дулатова.
27. Алаш қозғалысы тарихының тарихнамасын алғашқылардың бірі болып
талдаған ғалым-тарихшы -
А) М. Қозыбаев;
В) К. Нұрпейіс;
С) Д. Аманжолова;
Д) М. Қойгелдиев;
Е) Е. Бекмаханов.
28. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының тарихнамасын арнайы зерттеп,
елеулі еңбек жариялаған ғалым -
А) Д.И. Дулатова;
В) П.Г. Галузо;
С) Г.Ф.Дахшлейгер;
Д) Е.Б. Бекмаханов;
Е) А. Нүсіпбеков.
29. Қазақстанда кеңес өкіметінің мәні мен орнауы туралы ұлттық тұрғыдағы
пікір танытқан ұлт зиялысы -
А) М. Шоқай;
В) С. Сейфуллин;
С) М.Дулатов;
Д) С. Асфендияров;
Е) Ғ.Т оғжанов.
30. Көне түркі жазбаларына үлкен мән беріп, олардың мазмұнын ашуға ат
салысқан қазақ ғалымы және оның еңбегінің атауы
А) Ш. Уәлиханов «Жетісу тарихының очерктері»;
В) С. Асфендияров «Қазақстан тарихы»;
С) М.Тынышпаев
«
Қырғыз қайсақ халқының тарихы жөніндегі материалдар»;
Д) Ә. Марғұлан «Таңбалы тас жазбалары»;
Е) Ә.Бөкейханов «Қырғыздар» («Қазақтар»).
31. Қазақстанның Ресей бодандығын қабылдауына байланысты қндай басты
тұжырымдамаларды атауға болады?
А) шовинистік, таптық, ұлттық;
В) демократиялық, маркстік-лениндік;
С) ұлттық, кеңестік, шетелдік;
Д) таптық, өркениеттік, циклдық;
Е) шовинистік, еуроцентристік.
32. Қазақ тарихын ұлттық тұрғыда оқып-үйрену мен зерттеуге қатысты
қабылданған мемлекеттік тұжырымдаманы атаңыз
А) Қазақстанда тарихи сана қалыптастыру;
В) Қазақстан тарихын оқыту туралы;
С) Қазақстан тарихын қайта қарау және зерттеу;
Д) Ұлттық мүддені жаңғырту;
Е) Тарихи білім мен ойды дамыту.
33. «Ел тағдыры- жер тағдыры» атты еңбектің авторы -
А) Ә. Бөкейханов;
В) А. Байтұрсынов;
С) Т. Шонанұлы;
Д) Б.Сүлейменов;
Е)
М. Шоқай.
34. Қазақ Хандығының құрылуына байланысты отандық тарих ғылымындағы
пікірлер
А) ортақ;
В) әртүрлі;
С) қалыптаспаған;
Д) ғылыми емес;
Е) аталғандардың бәрі.
35. Отандық тарих ғылымында тарихы барынша терең зерттелеген кезең -
А) ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың бас кезі;
В) ХУ-ХУІІІ ғасырлар;
С) ежелгі дәуір;
Д) түркі кезеңі;
Е) кеңестік кезең.
Достарыңызбен бөлісу: |