Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Тарихнама ғылымының мақсаты - белгілі бір ғылыми мәселенің 
зерттелу деңгейін анықтап, тарихнамалық деректердің мән-мазмұнын
зерттелу бағыттары мен үрдістерін айқындау, объективті түрде 
зерттелмеген тұстарын тану. 
Ғылымның міндеттері: 
-тарихнамалық деректерді жинақтау, жүйелеу ; 
-тарихнамалық фактілерді жинап, оларға талдау жасау; 
-тарихнамалық фактілердің тарихи оқиғалар мен үдерістерді зерттеуінің 
деңгейін сараптау, ұтымды тұстары мен олқылықтарын айқындау; 
-тарихнамалық талдау арқылы ғылыми еңбектерге баға беру; 
-тарихнамалық деректердің саяси-әлеуметтік жүйелер мен идеологияларға 
тәуелділігін анықтау; 
1
Советская историческая энциклопедия. Т.6. -М., 1965. -455 б. 


-белгілі 
бір мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындап, келешек 
ізденушілерге тың тақырыптар ұсыну. 
Тарихнама 
ғылымының 
өзіндік 
методологиялық 
негіздері 
мен 
ұстанымдары бар. Солардың негізгілері болып ғылыми принциптер мен 
әдістер саналады.
Тарихнамада объективті әрі терең зерттеулер жүргізуде, сондай-ақ 
талдаулар жасауда ғылыми әдістер қолданылады. Әдістер - бұл 
тарихнамашының 
танымдық 
қызметіндегі 
тарихи 
білімнің 
шынайылығына жетудегі саналы тәсілдер мен жолдар. Әдіс - тарихи
заңдылықтарды оның нақты көріністері тарихи фактілер, фактілерден жаңа 
білімді шығару жолдарын зерттеудің тәсілі.
2
Тарихнамада қазіргі кезеңдегі әдістер жүйесі қолданылады. Тарих 
ғылымының тарихындағы әдістер гуманитарлық пәндердегі ғылыми зерттеу 
тәсілдеріне ұқсайды. Осыған орай оларды мынадай етіп жіктеуге болады: 
тарихнаманың 
ерекшеліктері 
мен 
міндеттері 
ескерілген 
барлық
гуманитарлық немесе қоғамдық ғылымдарға ортақ әдістер; тарихнамалық 
танымның өзіне тән әдістер; басқа да, соның ішінде аралас ғылымдардан 
алынған, яғни пәнаралық әдістер. Басты тарихнамалық әдістер ретінде 
талдау, компоративті талдау, нақты талдау, логикалық талдау, жүйелеу, 
синтездеу, 
салыстырмалы 
тарихи, 
мерзімдемелік, 
мерзімдемелік 
проблемалық, проблемалық, проблемалық мерзімдемелік, ретроспективті, 
өзектілік, перспективтілік саналады. 
Тарихнама ғылымында әдістерден өзге принциптер ерекше рөл атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет