Сабақтары және өздік жұмыстарын өткізудің Әдістемелік ұсынымдары оқУ-Әдістемелік қҰралы


Принциптер дегеніміз ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата14.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#57256
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Принциптер дегеніміз ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар 
тарихтың объективті заңдарын оқып-үйренуден туындайды, соның 
нәтижесі ретінде саналады және осы мағынада заңдылықтар іспеттес 
болады. Әйтсе де олардың арасында айырмашылық бар: заңдылықтар 
объективті түрде зерттеушіден тыс әрекет етеді, ал принциптер логикалық
категория, олар табиғатта емес, адамдардың санасында өмір сүреді. 
Тарихнамалық зерттеулер методологиясында басты орынды тарихилық, 
объективтілік, әлеуметтік принциптер алады. Тарихилық және 
объективтілік, әлеуметтік принциптерінің тарихнамалық зерттеулер 
жүргізудегі маңызы зор.
Тарихнама ғылымынан басқа тарихнама пәні ХІХ ғасырдың соңынан 
Еуропа елдерінің университеттерінде оқытылды. Қазіргі уақытта бұл пән 
негізінен тарих мамандығы бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік 
стандартына және типтік бағдарламаларына сәйкес классикалық типтегі 
университеттер мен академиялардың оқу жұмыс жоспарларынан орын алған. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес 
барлық дерлік оқу жоғары оқу орындарында 5В020300 – «Тарих», 050114 – 
Тарих (педагог)» мамандықтары бойынша мамандар даярлауда Қазақстан 
тарихының тарихнамасы, Шет елдер тарихының тарихнамасы немесе жай 
2
Коршунов А.М. Петров Ю.В. Методологические проблемы исторического познания. - М.: Высшая 
школа, 1981. -19 б. 


ғана тарихнама пәндері оқытылады. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік
құралы Қазақстан тарихының тарихнамасы пәнін оқытуға арналған. 
Аталмыш құрал осы пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. 
Пәннің мақсаты мен міндеттері силлабуста көрсетілген. Оқытудың кредитті 
технология жүйесіне көшуде және заманауи талаптарына сай білім беруде 
осындай әдістемелік құралдар аса қажет. Дәрістерді оқуда, семинар 
сабақтарын және студенттердің өздік жұмыстарын жүргізуде әдістемелік 
ұсынымдардың маңызы арта түсері сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан 
тарихының тарихнамасы пәнін оқытатын оқытушылар және осы курсты 
оқып-үйренетін студенттерге көмегі тиер деген ниетпен аталмыш оқу-
әдістемелік құралы ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелік құралында дәрістердің, 
семинар сабақтарының тақырыптары, мақсаты, қарастырылатын негізгі 
сұрақтары, өткізудің әдіс-тәсілдері, оқытушы мен студенттерге ақыл-
кеңестер берілген. Студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары
дайындалу мен тапсыруға арналған ұсынымдар, қажетті әдебиеттер тізімі, 
сондай-ақ реферат тақырыптары, емтихан сұрақтары, тест сауалдары, 
тарихнамалық кестелердің үлгілері қоса көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет