Тақырып:
Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде Отан тарихы мәселелерінің
зерттелуі
Мақсаты: тәуелсіз Қазақстан тұсындағы тарихнамалық дамудың үрдістерін
көрсету.
Өткізу формасы: жазбаша
Тапсырма: отандық тарихнама ғылымының жаңа даму сатысының
ерекшеліктерін көрсететін тарихнамалық деректерді жинақтау.
Әдістемелік ұсынымдар: қазақстандық тәуелсіз тарихнама ғылымының
дамуындағы ерекшеліктерді, олқылықтарды, кемшіліктерді көрсететін,
ғылымның теориялық методологиялық тұстарын жетілдіруге назар
аударатын тарихнамалық деректерді жинақтауға көңіл бөлген абзал. Сол
деректердегі айтылған ойлар бойынша конспект құрастырса, болашақта
ғылымдағы өзекті мәселелерді анық көруге болады. Тәуелсіздік жылдары
Отан тарихының ежелгі дәуірден күні бүгінге дейінгі кезеңдерінің тарихын
зерттеудің жай-күйіне шолу жасау Қазақстанда тәуелсіз тарихи және
тарихнамалық ой-пікірлердің қалыптасуын көрсетіп береді. Дайындалған
конспектінің негізінде қазақ тарихының дәуірлері мен кезеңдері
мәселелерінің зерттелуін көрсететін кесте сызу тәуелсіз Қазақстан
тұсындағы тарихнамалық дамудың үрдістеріне көрнекі түрде көз жеткізуге
мүмкіндік береді.
Әдебиеттер: Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. - А., 1998.;
Мұхатова О. ХІХ - ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы. -А., 2002.;
Козыбаев И. Историография Казахстана уроки истории. - А-Ата., 1990.;
Несипбаева К. Р. Англо-американская историография экспансии Российской
империи в Средней Азии и Казахстане. - А., 1998.; Қозыбаев М. Ақтаңдақтар
ақиқаты. -А., 1993; Нартбаев Ш.Ж. Қазақстанда тәуелсіз тарихи және
тарихнамалық
ой-пікірлердің
қалыптасуы.
1991-2003
жж.
Тарих
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертацияның авторефераты. - Алматы, 2004.
Достарыңызбен бөлісу: